Сенбі, 18 Тамыз 2018
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Қызметтері мен мақсаттары

Бөлімнің функциялары мен міндеттері
 
1. Бөлім тұрғын үй қатынастары, коммуникациялар және автомобиль көліктері салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
2. Бөлімнің міндеттері:
1) қалада қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша кешенді мерекелер жүргізу, күту және абаттандыру, санитарлық жағдайы бойынша, көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
2) заңнамамен белгіленген өз құзыреті шегінде қала аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
3) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
3. Бөлімнің функциялары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалалық коммуналдық меншік объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаланың су құбырларын, жылу мен электр желілерін және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерін салуды және пайдалануды ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;
4) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
5) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
6) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте кондоминиум объектiсiне техникалық паспорттар дайындау жөнiндегi шығыстарды өтеудi бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде жолаушыларды тұрақты қалалық, қала маңындағы және қалаішілік тасымалдауды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
9) мемлекеттік тұрғын үй қорының мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғау;
10) Бөлімнің құзырына жататын мәселер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
12) қала әкімінің шешімдері, өкімдері және қала әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындау;
13) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер сұратуға және алуға;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындалуына жауапкершілік;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.