Жексенбі, 22 Сәуір 2018
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

«Нұр Отан «партиясы аудандық филиалының жұмысы туралы анықтама

 

        Талдықорған қалалық филиалы партияның мүшелік жарналарын төлеу мен есепке алу Ережесіне сәйкес, Талдықорған қалалық филиалының мүшелік жарналарын төлеу тәртібі "Нұр Отан" партиясы  Саяси Кеңесі Бюросының 2016 жылғы 15 шілдедегі    № 025 қаулысымен бекітілген "Нұр Отан" партиясы қоғамдық бірлестігінде партияға кіру және мүшелік жарналарды төлеу мен есепке алу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.     

        Аталған Ережеге сай 2016 жылы және 2017 жылдың 1 жарты жылдығында партияға кіру және мүшелік жарналарды төлеу статистикалық есепке сай нақты жұмыс істейтіндер саны бойынша жиналса,  ағымдағы жылдың 2-жарты жылдығынан бастап, Орталық аппараттың бекітіп берген ай сайынғы жоспарына сай жиналады.  Ай сайынғы жоспар  1 млн 879 мың 233 теңгені құрайды.  2017 жылдың 11 айында жоспар-  20 млн 117 мың 282  теңге болса, нақты орындалғаны 20  млн 200 мың 531 теңге. 11 айдың есеп қорытындысы бойынша жарна 83 249 теңгеге артығымен орындалды.

       

Ал 2016 жылдың жоспары 11 айында 20  млн 126 мың 439 тг болса,  нақты жиналғаны 20 млн 561 мың 689 теңге. Былтырғы жылдық жоспар 101 пайызға артығымен орындалған.

        "Нұр Отан" партиясы қоғамдық бірлестігінің Жарғысына сәйкес 2016 жылы 11 айда партия қатарына 1281 адам қабылданып, 137 адам партия қатарынан шығарылған. 2017 жылдың 11 айында партия қатарына 1116 адам қабылданып, Партия Жарғысының 3 тарауы; 3,6 тармақшасына сәйкес 616 адам партия қатарынан шығарылды. 2016 жылы 11 айында партия мүшелерінің саны 11324 болса, 2017 жылдың 1 желтоқсанында   партия мүшелерінің саны - 11 732. 2017 жылдың 01 желтоқсанына партия мүшелерінің саны - 11732 өсті. Оның ішінде:  зейнеткерлер-1572;  мүгедектер-277; жұмыссыздар -692;  бала күтіміне байланысты демалыста отырған -1067; сдеттер-4; жұмыс істейтін экономикалық белсенді партия мүшелерінің саны - 8120 адамды құрап отыр. 

        2017 жылдың 1-маусымында партияның Орталық аппаратының және Алматы облыстық партия филиалының берген тапсырмасына сәйкес 2017 жылдың екінші жартысында  жұмыс істейтін экономикалық белсенді 700 адам қабылдау және партия қатарындағы жұмыссыздар санын азайту тапсырылған.  Жоспарға сәйкес бөлінген 700 адам партия мүшесіне қабылданды. Партия қатарындағы жұмыссыздар санын азайту бойынша  жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Нәтижесінде, жұмыс істейтін экономикалық белсенді партия мүшесінің саны 1000 адамға артты.

        Партия қатарына қабылданған азаматтардың партияға кіру жарнасы да орындалып, айлық есепте көрсетіледі. Ай сайынғы тиісті есептер, №1 және №7 қосымшалар бойынша Алматы облыстық филиалының есеп бөліміне тапсырылып отыр. (қосымшалар тіркеледі)    

        Уақытылы партия жарнасын төлемегендері үшін, 2017 жылы "Отан" БПҰ -ның  "Жастар орталығы" партиялық тобы, "Бұлақ" бастауыш партия ұйымының  "Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мекемесі" тиісті қалалық партиялық бақылау комиссиясының қарауына ұсынылып,  нәтижесінде жарна толық төленіп, қарызы жабылды.

        Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме-департаменттердің жалақысы келесі айдың 10-на дейін түседі. Ал жарна, партия мүшесінің жеке арызы негізінде жалақыдан ұсталады. Біздегі талап  әр айдың 30-на дейін төленіп толық жабылуы қажет. Сол себепті мүшелік жарналары уақытымен аударылмай, қарыз деп көрсетіліп отырады.   "Бақылау",  "Ақжол", "Қазақтелеком" Бастауыш партия ұйымдарының  (Халыққа қызмет көрсету орталығы, Кірістер басқармасы, "Қазсушар" РМК АОФ мекемелері) өткен айдағы мүшелік жарналары келесі айда аударылып, жоспарды орындауда кедергі келтіреді. Бұл мәселені шешу бойынша орталық аппаратқа ұсыныс жіберілді. 

Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 2016 жылы 105 арыз келіп түссе 2017 жылы 206-ны құрап отыр. Оның ішінде 2016 жылы 84, 2017 жылы 178 азаматтың мәселесі оңды шешілді. Мемлекеттік және құқық қорғау орган басшыларының қабылдауы бойынша 2016 жылы – 114 қабылдау өтіп, 1852 адам қабылданса, 2017 жылы 120 қабылдау өтіп, 1962 адам қабылданды.

 Облыстық мәслихат депутаттары-4, қалалық мәслихат депутаттары-15. Барлығы «Нұр Отан» партиясының мүшесі. депутаттар бастауыш партия ұйымына төрағалық ету бойынша 8 бастауыш ұйым құрылды.

Талдықорған қалалық мәслихатында «Нұр Отан» депутаттық фракциясының «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы және бақылау бойынша 5 комиссия құрылған. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы  бойынша комиссия құрамында  35 мүше бар. Талдықорған қаласында «Нұрлы Жер» мемлекеттік  бағдарламасы аясында бөлінген қаржының тиімді орындалуы жіті бақылауда. Құрылыс нысандарына ай сайын рейд жұмыстарын жүргізіп отырады. «Нұрлы Жол» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша- 28   рейдтік шаралар жүргізілді.

Бастауыш партия ұйымдарында 100% материалдық-техникалық базамен, бөлмемен қамтылған. Ағымдағы жылы «Жарық» бастауыш партия ұйымы «Үздік» бастауыш партия ұйымы» байқауының облыстық іріктеу кезеңінде 1 орын алса, республикалық байқаудан – жүлделі орын алды.

Талдықорған қалалық филиалы «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» байқауының облыстық іріктеу кезеңінен 1 орын, республикадан жүлделі орын алды.

Партиялық бақылау және талдау тобы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы бойынша бақылау-мониторингтік шараларды ұйымдастыруда. «Өңірлерді дамыту», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Тұрғын-үй саласын жаңғырту» сынды маңызды бағдарламалар бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар жолданды.

2016 жылдың 11 айында партия жобалары аясында барлығы 252 іс-шара ұйымдастырылса, ағымдағы жылғы мерзімде 267 шара ұйымдастырылды. Партия жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау барысы да оң жолға қойылған. Телеарна, газет, сайт, әлеуметтік желілерде 2016 жылы 267 жарияланым шықса, ағымдағы жылы 490 ақпарат жарияланды.

Партияның «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасының «Болашаққа үлес қосамыз» акциясы аясында  ата-ана қарауынсыз қалған және жетім 25 балаға «Халық банкі» арқылы депозиттік есеп-шот ашылып, бүгінгі күнде жалпы 3 227,135 тг (үш миллион екі жүз жиырма жеті мың жүз отыз бес тенге) салым құйылды.

Меценаттар ішінде партия филиалының басшылығы, Саяси Кеңес, Бюро мүшелері, депутттар, партиялық бақылау комиссиясы, бастауыш партия ұйым төрағалары, кәсіпкерлер бар.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасының «Қарттарым аман-саумысың» сауалнама өткізу аясында ардагерлер, тыл еңбеккерлерінің мәселелері анықталып, олардың ішінде 14 ардагерге санаторлық-шипажайлық жолдама берілді. 30 ардагерге 180 000 тг көлемінде дәрі-дәрмек берілді. 23 ардагер, тыл еңбеккеріне медициналық әлеуметтік қызметкер үй жайында медициналық көмек беру тағайындалды.

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында халықтың көп шоғырланған әлеуметтік нысандарында пандустардың сәйкестілігі бойынша мониторингтік-рейдік шара ұйымдастырылып, 6 электр көтергіш пандустар орнатылды. 2014 жылы 34 нысанға пандустарды орнату бойынша  бойынша қаржы бөлініп, сәйкестендірілді. Зағип жандарған арналған  12 дыбыстық-сигналдық бағдаршамдар орнатылды. Қоғамдық көліктерде арнайы 3 автобус жүргізілді. Одан басқа , қала бойынша 6 арнайы автокөлігі бар 2 инватакси қызметі жұмыс жасайды және «Автоеріктілер» қызметі жұмыс жасайды.

«Сәтті қадам» жобасы аясында ұлттық бірыңғай тесті тапсырмаған және шекті балл ала алмаған 421 түлектерден оқуға түспеген 38 бала толығымен жұмысқа орналасты.

 

 

 

 

 




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.