Сәрсенбі, 22 Тамыз 2018
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Талдықорған қаласы ТҮКШ мәселелері бойынша
2017 жылғы жетекшілік ететін салаларында
атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат
 
2017 жылдың басынан бастап сомасы 7,211 млрд.тг. құрайтын 11 бюджеттік бағдарламамен жұмыс жасалды, оның 7,207 млрд. теңгесі игерілді, яғни 99,94 %, оның ішінде:
Қаланың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету бойынша келесідей жұмыстар атқарылды: механикалық тәсілмен қоқысты сыпыру – 9875 м2, күнделікті 120 қоқыс жинау урналарын тазарту, 9500 м3 қоқыс шығарылды, кезекші қоқыс тасу жұмысы 1208 маш/сағ.
15.03.2017 ж. бастап 15.05.2017 ж. дейін көктемгі айлықтар Айлық барысында, күн сайын бекітілген өкілдерімен: ІІБ, қала әкімі аппараты бөлімдерінің қызметкерлерімен, 40 көше және 2 ауылдық округтері бойынша аула аралау рейдтері жүргізіледі.
Көктемгі-күзгі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша 17, 18, 22, 26 наурыз, 23 қыркүйек, 14, 28 қазан мен 11 қараша күні жалпықалалық сенбіліктер өткізілді, оған қалалық және облыстық мекемелер қатысты.

«Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру»
 
Көше жарықтандырғыштарының дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша 2017 жылы 171 477 мың теңге бөлініп, 100% игерілді, оның ішінде:
- 14 477 дана көше жарықтандырғыш тіректері – күн сайын шамдар бойынша қызмет көрсеткен мердігер «Айбын» ЖШС-мен сомасы 157,45 млн.теңге құрайтын шартқа қол қайылған еді. Оның 157,45 млн. тг. – игерілді.
- «Талдықорған қаласы көшелері бойында тіректер мен кабель желісін ауыстыру» (1675 дана тірек) «Айбын» ЖШС-мен сомасы 388,431 млн. тг. құрайтын шартқа қол қойылған. 2017 жылға 140,0 млн. тг. бөлінген. Оның 140,0 млн. тг.игерілді. Нысан 2018 жылға көшеді.
- «Жай көше жарықтандыру шамдарын светодиодты шамдарға ауыстыру» (878 дана.) «Жетысу Жол Курылыс» ЖШС-мен сомасы 45,0 млн. тг. құрайтын шарқа қол қойылған. Оның 45,0 млн. тг. – игерілді.
- «Мерекелік іргелес елді мекеннің электрмен қамту жүйесін қайта жаңғырту», сметалық құны 85,7 млн. теңге құрайды. Мердігер «Nazar Energy» ЖШС-і. (Жоба бойынша желі ұзындығы- 21,515 км., 603 дана тірек). Оның 84,383 млн. тг.игерілді. Нысан аяқталды, 28.12.2017 ж. қабылдап алу актісіне қол қойылды.
- «Сарыбұлақ іргелес елді мекеннің электрмен қамту жүйесін қайта жаңғырту», сметалық құны 42,9 млн. теңге құрайды. Мердігер «Стройсервис-97» ЖШС-і. (Жоба бойынша желі ұзындығы -10,347км., 300 дана тірек). Оның 35,972 млн. тг. – игерілді. Түзетуге байланысты нысан 2018 жылға көшеді.
- «Қаратал іргелес елді мекеннің электрмен қамту жүйесін қайта жаңғырту», сметалық құны 50,2 млн. теңге құрайды. Мердігер «Стройсервис-97» ЖШС-і. (Жоба бойынша желі ұзындығы - 10,87км., 280 дана тірек). Оның 47,639 млн. тг.- игерілді. Нысан аяқталды, 29.12.2017 ж. қабылдап алу актісіне қол қойылды.
- «Талдықорған қаласы сыртындағы «Ключи іргелес елді мекеннің электрмен қамту жүйесін қайта жаңғырту» сметалық құны 17,8 млн. теңге құрайды. Мердігер «ЭнергоресурсСнаб» ЖШС-і. (Жоба бойынша желі ұзындығы ВЛ-10 - 0,06км., 101 дана тірек). Оның 15,111 млн. тг. – игерілді. Нысан аяқталды, 24.11.2017 ж. қабылдап алу актісіне қол қойылды.
- Талдықорған- Қарабұлақ тас жолы бойынша Абылайхан көшесіндегі № 286, 286А тұрғын үйлерінің электрмен қамту жүйесін қайта жаңғырту», сметалық құны 7,526 млн. теңге құрайды. Мердігер «ЭнергоресурсСнаб» ЖШС-і. (Жоба бойынша желі ұзындығы -1,264км., 39 дана тірек). Нысан аяқталды, 31.10.2017 ж. қабылдап алу актісіне қол қойылды.
- «Қала маңындағы «Балықты» елді мекеннің электр желілерін қайта жаңарту», сметалық құны – 9,7 млн. теңге құрайды. Мердігер «МК-Build-Д» ЖШС-і. ((Жоба бойынша желі ұзындығы - 1,598 км., 37 дана тірек). Оның 9,109 млн. тг. – игерілді.

Елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру

 

2017 жылы абаттандыру нысандары бойынша 1 323 503,865 мың.теңге қаражат бөлінген, оның ішінде:
- «Алматы облысы Талдықорған қалалық мәдениет және демалыс орталық паркінің участкелерін реконструкциялау және абатандыру» (түзету) - нысан 2018 жылға көшеді, түзетуден кейінгі нысан құны 318,9 млн.теңге құрайды. 2016 ж. – 60,000 млн.теңге, 2017 ж. – 258,897 млн.теңге игерілді. Бас мердігер «Достык Астана НС» ЖШС-і. Нысан аяқталды.
- «Талдықорған қаласындағы іргелес аумағы бар қалалық жүзу бассейнін жайластыру» нысан 2018 жылға көшеді, жалпы құны 305,35 млн.теңге құрайды. 2016 ж. 66,915 млн.теңге, 2017 ж. – 238,435 млн.теңге игерілді. Бас мердігер «АСК Ауыл Курылыс» ЖШС-і. Нысан аяқталды.
-«Талдықорған қаласының «Шығыс» бөлігіндегі шағын бақты абаттандыру Қаратал өзенінен «Алматы- Өскемен» айналма жолына дейін (Пентагон)», түзетуден кейінгі жалпы құны 571,126 млн. тг. құрайды, оның ішінде түзету сомасы – 207,126 млн. тг. Оның 39,993 млн.тг. – игерілді. Бас мердігер «Корпорация Тас» ЖШС-і.
- «Талдықорған қаласындағы Тәуелсіздік, Жансүгіров көшелері бойындағы Қаратал өзенінен өтетін көпірлердегі аркаларды ауыстыру. «Қаратал-Босағасы» кіреберіс стеллалар», 110,0 млн.теңге қаражат бөлінген. Бас мердігер «Шымыр» ЖШС-і. Нысан аяқталды.
- «Талдықорған қаласындағы кіреберіс аркаларын қайта жаңғырту мен аумағын абаттандыру, жалпы құны 191,008 млн. тг, 2017 жылға – 161,587 тыс. тг. бөлінді. Оның 177,396 млн. тг. – игерілді.

Талдықорған қаласы көп қабатты тұрғын үйлерінің аулалық алаңдарын абаттандыру
 
2017 жылға 13 ауланы абаттандыруға 296,579 млн.теңге қаражат, оның 296,578 млн. тг. – игерілді.
Оның ішінде: 2016 жылы аяқталмаған 6 аула – 100,995 млн.теңге, барлығы аяқталып, 100% игерілді.
7 аула алаңдарын орналастыру - 195,583 млн.теңге, барлығы аяқталып, 100% игерілді:
1) «Мүшелтой» ш.а. №5 тұрғын үйдің алаңы, (жалпы сметалық құны 36,935 млн.теңге). Мердігер "АСК Ауыл курылысы" ЖШС-і. Нысан аяқталды, қабылдап алу актісіне 30.11.2017 ж. қол қойылды.
2) «Жастар» ш.а. №39 тұрғын үйдің алаңы, (жалпы сметалық құны 11,759 млн.теңге). Мердігер «СНТсоnst» ЖШС-і. Нысан аяқталды, қабылдап алу актісіне 20.11.2017 ж. қол қойылды.
3) Кошевого көшесі №1 тұрғын үйдің алаңы, (жалпы сметалық құны 9,975 млн. теңге.) Мердігер СНТсоnst» ЖШС-і. Нысан аяқталды, қабылдап алу актісіне 20.11.2017 ж. қол қойылды.
4) «Қаратал» ш.а. №120 А тұрғын үйдің алаңы, (жалпы сметалық құны 20,124 млн.теңге). Мердігер «АСПАП» ЖШС-і. Нысан аяқталды, қабылдап алу актісіне 31.10.2017 ж. қол қойылды.
5) «Самал» ш.а. №43 тұрғын үйдің алаңы, (жалпы сметалық құны 32,088 млн.теңге). Мердігер «М.А.-Group» ЖШС-і. Нысан аяқталды, қабылдап алу актісіне 31.10.2017 ж. қол қойылды
6) «Жастар» ш.а. №14 тұрғын үйдің алаңы, (жалпы сметалық құны 25,149 млн.теңге). Мердігер «Nazar Energy» ЖШС-і. Нысан аяқталды, қабылдап алу актісіне 23.11.2017 ж. қол қойылды.
7) «Самал» ш.а. №38, 39, 40 тұрғын үйлердің алаңы, (жалпы сметалық құны 81,488 млн.теңге). Мердігер «Ют Соm» ЖШС-і. Нысан аяқталды қабылдап алу актісіне 28.12.2017 ж. қол қойылды.
 
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысына сәйкес, «Фирма АрхСтрой» ЖШС-мен «Талдықорған қаласы Самал шағын ауданындағы №37,42 уй аулаларын абаттандыру» нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын атқару шартына қол қойылды.. Бүгінгі таңда – 4,660 млн. тг. игерілді. Нысан 2018 жылға көшеді.

Спорт алаңдарын орналастыру
 
2017 жылы 2016 жылдан көшкен 2 спорт алаңдарын орналастыру жұмыстарын аяқтауға 8 568 мың.теңге бөлінген. Қазіргі таңда жұмыстар аяқталды, спорт алаңдары қолданысқа берілді.
2017 жылы 9 спорт алаңдарын орналастыру жоспарланған еді. Оған 100, 571 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінген, бүгінгі таңда олардың 5-уі қолданысқа берілді:
1) «Талдықорған қ. Шевченко к-сі №117, 119 аула спорт алаңдарын қайта жаңарту» (сметалық құны 12,154 млн.теңге). Мердігер "Ильзу-NS" ЖШС-і. Нысан аяқталды, қабылдап алу актісіне 28.12.2017 ж. қол қойылды.
2) «Талдықорған қ. Тәуелсіздікк-сі №112 және Гагарин к-сі №106/110 аула спорт алаңдарын қайта жаңарту» (сметалық құны 7,589 млн.теңге). Мердігер "Ильзу-NS" ЖШС-і. Нысан аяқталды, қабылдап алу актісіне 24.10.2017 ж. қол қойылды.
3) «Талдықорған қ. «Мүшелтой» ш.а. № 4 «а» аула спорт алаңдарын қайта жаңарту» (сметалық құны 15,463 млн.теңге). Мердігер "Торгмонтажсервис" ЖШС-і. Нысан аяқталды, қабылдап алу актісіне 26.09.2017 ж. қол қойылды.
4) «Талдықорған қ. «Жастар» ш.а. № 23, 24, 25, 26, 69 аула спорт алаңдарын қайта жаңарту» (сметалық құны 10,152 млн. теңге). Мердігер "Ильзу-NS" ЖШС-і. Нысан аяқталды, қабылдап алу актісіне 24.10.2017 ж. қол қойылды.
5) «Талдықорған қ. «Самал» ш.а. № 14 «а» аула спорт алаңдарын қайта жаңарту» (сметалық құны 5119,172 тыс.теңге). Мердігер "Ильзу-NS" ЖШС-і. Нысан аяқталды, қабылдап алу актісіне 24.10.2017 ж. қол қойылды.
 
4 спорт алаңдары бойынша 2017 жылы 05 желтоқсанда Алматы облысы Мамандандырылған ауданаралық Экономикалық сотына мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және шарт бойынша барлық алынған міндеттемелерді орындату туралы арыз берілді. 2017 жылы 25 желтоқсанда болған Сот шешіміне сәйкес «Беркон» ЖШС-не барлық аяқталмаған жұмыстарды 2018 жылы орындауға міндеттелді.
6) «Талдықорған қ. Ш.Уәлиханов к-сі № 183 "Б"ауласына спорт алаңын орналастыру» (сметалық құны 11,316 млн.теңге). Мердігер "БЕРКОН" ЖШС-і. Қазіргі таңда 9,2 млн. теңге игерілді.
7) «Талдықорған қ."Ғарышкер" ш.а. № 31, 33 ауласына спорт алаңын орналастыру» (сметалық құны 15,979 млн.теңге). Мердігер "БЕРКОН" ЖШС-і. Қазіргі таңда 11,0 млн. теңге игерілді.
8) «Талдықорған қ."Восточный" ш.а. № 28 ауласына спорт алаңын орналастыру, 30а, 30б» (сметалық құны 14,868 млн.теңге). Мердігер "БЕРКОН" ЖШС-і. Қазіргі таңда 11,4 млн. теңге игерілді.
9) «Талдықорған қ. Тәуелсіздік к-сі № 120 ауласына спорт алаңын орналастыру»( сметалық құны 7,927млн.теңге). Мердігер "БЕРКОН" ЖШС-і. Қазіргі таңда 6,6 млн. теңге игерілді.

 


Сумен жабдықтау және су бұру
 
2017 жылы Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы бойынша, сумен жабдықтау және су бұру нысандарын салу және қайта құруға 1 754 487 тыс.теңге қаражат бөлінді.
- «Талдықорған қ. Пригородный кентінің сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу», (сметалық құны 54 970 тыс.теңге). Мердігер «Сантехмонтаж СМР» ЖШС-і. Нысан аяқталды, қабылдап алу актісіне 20.10.2017 ж. қол қойылды. (Су құбыры желісінің ұзындығы – 4,066 км).
- «Сот шешімімен Талдықорған қаласының коммуналдық меншігіне берілген бұрынғы иесіз сумен қамту және су бұру жүйелерін қайта жаңғырту», (нысанның жалпы құны 238,3 млн.теңге), 2017 жылы 226,7 млн.теңге бөлінді. Мердігер «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС-і. Жұмыстардың аяқталу мерзімі 31.07.2018 ж. Оның 48,0 млн. тг. игерілді.
- «Талдықорған қаласының ИТҚ «Жастар-1», «Жастар-2, 3», «Ынтымақ» ауылы, коттеджді қалашық, 3-бөлімше тұрғын аудандарында сумен қамту жалпы сыртқы жүйесінің құрылысы», (нысанның жалпы құны 1518,8 млн.теңге), 2017 жылы 1 461,3 млн.теңге қаражат бөлінді.
Мердігер «РаЗаСтрой» ЖШС-і. Жұмыстардың аяқталу мерзімі 31.10.2018 ж. Оның 366,0 млн. тг. игерілді.
- «Алматы облысы Талдықорған қ. сумен қамту желісін салу және жаңғырту», 505,350 млн.теңге қаражат бөлінген. «Жетысу Водоканал» МКМ-мен кредиттік шартқа қол қойылған. (ұзындығы 27,175 км.). Нысан аяқталды, қабылдап алу актісіне 18.10.2017 ж. қол қойылды.

Жылумен қамту
 
2017 жылы жылумен қамту нысандарына 168,053 млн.теңге қаражат бөлінді:
- «Оңтүстік өндірістік аймағында жылу жүйесінің құрылысы (кардиоорталықтың ғимараты маңында)», жалпы құны 129,935 млн.теңге. Мердігер «АзияЭнергоПроектМонтаж» ЖШС-і. Нысан аяқталды, қабылдап алу актісіне14.09.2017 ж. қол қойылды.
- «Талдықорған қ. Кивилев көшесіндегі бес 2 қабатты тұрғын үйлерге дейінгі жылумен жабдықтау жүйесінің құрылысы», жалпы құны 37,631 млн.теңге. Мердігер «Тамас» ЖШС-і. (Жоба бойынша жылу желісі ұзындығы - 442 м.). Оның 23,345 млн. теңге игерілді. Нысан 2018 жылға көшеді.

Арық желілері
 
2017 жылы 12,6 км арық желілерін жөндеу мен 256,65 млн. теңге қаражат бөлінді, оның ішінде:
- «Талдықорған қаласындағы темірбетон арық желісін реконструкциялау және жаңасын салу», 6 учаске қарастырылған, жалпы құны 52,8 млн.теңге. Мердігер «ВМNК-Сервис» ЖШС-і. (Жоба бойынша ұзындығы 3,6 км). Нысан аяқталды, қабылдап алу актісіне 30.10.2017 ж. қол қойылды.
- Алматы облысы Талдықорған қаласында бар арық желілерін күрделі жөндеу және жаңа темірбетонды арық желілерін орнату», 12 участке қарастырылған, жалпы құны 98,994 млн.теңге. Мердігер «Достык Астана» ЖШС-і. Оның 93,944 млн.теңге игерілді. (Жоба бойынша ұзындығы 8,3 км). Нысан 2018 жылға көшеді.
- «Талдықорған қаласының Шығыс, Солтүстік және Батыс бөліктерінде арық жүйесін құру». Жалпы құны 138,460 млн.теңге. Мердігер «ЭВА Люкс» ЖШС-і. Жоба бойынша ұзындығы 7,656 км.). Оның 98,356 млн. теңге игерілді. Нысан 2018 жылға көшеді.
-«Талдықорған қаласының «Шығыс», «Еңбек», «Кемерашы» шаруашылық ішіндегі магистраль каналдарын күрделі жөндеу» жалпы құны 239,4 млн. тг. (ұзындығы 14,0 км). 2016 жылы 227,9 млн.теңге игерілді, 2017 жылы – 11,5 млн. тг. игерілді. Мердігер «ВМNК-Сервис». Нысан аяқталды, 30.10.2017 ж. қабылдап алу актісіне қол қойылды.

Қала және шыршалды жаңа жылдық безендіру
 
- «Шыршаларды және іргелес аумақты жаңа жылдық» - 15,365 млн. тг. сомаға «СПСК Жоламан» ЖШС-мен шартқа қол қойылды. Оның 15,365 млн. тг. игерілді.
- «Қаланы жаңа жылдық безендіру» - 20,940 млн. тг. сомаға «СПСК Жоламан» ЖШС-мен шартқа қол қойылды. Оның 20,940 млн. тг. игерілді.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.