Жұма, 14 Желтоқсан 2018
Құрамына 8 елді мекен кіреді: Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Мойнақ ауылы, Еңбек ауылы, Пригородное ауылы, Ынтымақ ауылы, Еркін ауылы, 3-бөлімше.

Іс-шаралар

Көкірегі шежіреге, жүрегі мейірімге толы Әжелер!

Көктемнің алғашқы күндерімен жарыса келетін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінде "Ел аналары" республикалық акциясы өтіп, "Нұр Отан" партиясы Талдықорған қалалық филиалының өкілдері, депутаттар 100 жастағы Қайныкен апа және 103 жастағы Зылиха апамызды мерекемен құттықтады.
4 немере, 12 шөбере, 5 немененің әжесі болып отырған Қайныкен апамыз ауылды көтеріп, ел игілігіне адал қызмет етті. Енді бүгінгі күнде асыл балаларымен немерелерінің бақытына бөленіп отыр. 
Ал, 103 жасты еңсеріп, 15 баланы өсіріп, 8 немере, 4 шөберенің әжесі, Зылиха апамыз кезінде ауылдың қызылшасын өсіріп, ауыл шаруашылығында елеулі жетістіктерге жетті.
Әжелеріміз құттықтау соңынан өздерінің ақ баталарын беріп, партия басшылығына алғысын білідірді.

  

 

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын – медицина өкілдері қолдайды!

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалына қарасты «Сенім» бастауыш партия ұйымы, қалалық көпсалалы аурухана мәжіліс залында партия басшылығының медицина өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуді қалалық партия филиалы кеңесшісі Э.Талданбаева ашып жүргізіп, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев Елбасының кешегі күнгі жария еткен 5 әлеуметтік бастамалардың негізгілеріне тоқтап өтіп, Жолдауда қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру бойынша атқарылар жұмыстарды айқындады.
Кездесуде сөз алған облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Э.Ахметова, «Сенім» БПҰ төрайымы, қалалық көпсалалы аурухана директоры С.Құсмолданова әлеуметтік бастамалардың басты мақсаты – халықтың қордаланған мәселелерінің шешілуіне үлкен септігін тигізіп, әлеуметтің әлеуеті артатына сенім білдірді.
Шара соңында 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, бірқатар белсенді партия мүшелеріне, медицина қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыс етілді.

 




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.