Сәрсенбі, 12 Желтоқсан 2018
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Талдықорған қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стандартын бекіту туралы
 
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының 10 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 04-01-12/2056 хатын есепке алып БҰЙЫРАМЫН:
«Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
 
Аппарат басшысы                                                                                                                                                                                                                                                                                            А.Жаншабай
 
 
Талдықорған қаласы
әкімі аппарат басшысының
2017 жылғы «_05_» маусым
№ _59_ бұйрығына
қосымша
 
«Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стандарты
 
1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: қала әкімі қызметін ақпараттық – талдаулық, ұйымдастырушылық – құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасыз ету:
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі - Аппарат).
3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін адамдардың іс - әрекет қағидалары.
3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға қатысты салада:
1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау;
2) кез келген мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне жол бермеу үшін шаралар қабылдау;
3) жеке және заңды тұлғалардың өз құқытары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;
4) жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбау;
5) жоғары кәсіби жұмыс үшін қажетті күш-жігерін салу, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы да үнемді және басқа құзырлы әдістерін қолдану;
6)қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
7) қызметтік жағдайын асыра пайдалануға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде бюрократизм көріністеріне және әуре – сарсаңға салуға, дөрекілікке жол бермеу;
8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету;
9) қолдау және әріптестерінен құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауын талап ету;
3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау;
2) құпиялықты сақтау және қызметтік және мемлекеттік құпияны қамтамасыз ету;
3) кәсіби (қызметтік) әдептілікті сақтау;
4) өзге тұлғалар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеген жағдайда Аппарат басшысына, уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу жазбаша түрде хабарлау;
5) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау, берілген өкілеттіктерді тиімді иелену, өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқару, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану;
6) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;
7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;
8) үшінші тұлғалардың мүддесін білдіруден немесе жақтаудан, сондай –ақ олардың атынан әрекет жасаудан аулақ болу;
9) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласпау;
10) әріптестеріне және басшыларға белгіленген өзара қатынас тәртібін бұзатын, олардың бейтарап қызметтік шешім қабылдауына әсер етуі мүмкін өтініштермен жүгінуден аулақ болу.
3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына түсіндірме жазбаны қоса теріп, сараптамалық қорытынды алу үшін міндетті түрде жолдау, оның ішінді аталған жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде жолдау;
2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңесте қаралғанға дейін міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет – ресурстарда жариялау.
3.4.Тіршілік әрекеті саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге қарам – қатынастар кезінде:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасын заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау және оларға қатысты қажетті шаралар қабылдау;
2) қарамағындағы қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адами қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез – құлық фактілеріне жол бермеу;
3) басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайды мәліметтерді ұсыну;
4) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, мүлікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану;
5) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал ету;
6) өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылық жағдайлары туралы Аппарат басшысына немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі органға дереу хабарлау.
4. Өзге де шектеулер мен тыйымдар
1) Коституцияны және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген шектеулерді сақтау;
3) Аппарат басшысының өз лауазымдық уәкілеттігі шегінде шығарған бұйрықтарын орындау;
4) әріптестеріне; басшыларына және өзге лауазымды тұлғаларға сыйлықтар бермеу;
5) қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдамау;
6) басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға және ынталандырмау;
7) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе пайда табу мақсатында, ресми тартылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.