Жемқорлыққа қарсы күрес
«Парасыз болашаққа. Бірге!»
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын негізгі ережелерін түсіндіру, тармақтарын талқылау мақсатында аудан әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық түсіндіру тобын құру туралы аудан әкімінің 04.04.2017 жылы №16-Ө өкімі шыққан болатын. Аталған өкім бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық түсіндіру тобы, жұмыс жоспары бекітілген болатын. Бекітілген жоспарға сәйкес аудан көлемінде бірқатар шаралар атқарылуда. Атап айтсақ; 18 сәуір күні аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Парасыз болашаққа. Бірге!» тақырыбында кездесу өткізілді. Шараға «Нұр Отан» партиясының, құқық қорғау органдарының, мәслихат, әділет, салық басқармасының қызметкерлері, мекеме басшылары, білімгерлер мен оқытушылар қатысты. Кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.Жексембаева төрағалық етті. Аудан әкімі аппаратының басшысы М.Сүлейменов сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның орындалуы және мемлекеттік қызметке байланысты жүргізілген оңтайлы өзгерістер туралы түсіндіру жүргізді. Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көкебаев 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Нұр Отан» партиясы қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен көтеруге бағытталған «Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел» жобасын қатысушыларға баяндаса, ішкі істер бөлімінің әйелдерге қарсы зорлық зомбылық бөлімінің инспекторы М.Старкова құқық қорғау саласында қызмет атқарып жүрген қызметкерлер арасында жүргізілген профилактикалық жұмыстарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, «Жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында «Алакөл экосистема» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі К.Бектемисова, «Жастар жемқорылққа қарсы» тақырыбында аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі А.Арнай, әділет басқармасының жетекші маманы Е.Қасымовтар баяндама жасады.
Сонымен қатар, шара барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының аясында еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі жұмыстар атқарылып жатқандығы, «Есіктен есікке», «Адал ұрпақ» бағдарламалары және «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты мобильді топ құрылып, Үшарал қ, Жағатал, Бескөл, Қайнар, Ақтүбек, Жайпақ, Ынталы, Қабанбай, Ақжар, Екпінді ауылдық округтерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы сауалнамалар жүргізіліп, түрлі анықтамалық бүктемелер таратылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиянын және көлеңкелі эконмикаға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бойынша 2015-2017 жылдарға арналған іс шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат
2015 жылдың 26 тамызында Алакөл ауданы әкімдігінің 326 қаулысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия құрылып, іс шаралар жоспары бекітіліп, олар аудан әкімдігінің интернет ресурсына орналастырылды. Аудан бойынша барлық мекемелерде сенім телефондары орнатылып жұмыстар атқаруда. Сыбайлас жемқорлықтың алдыны алудың тағы бір жолы болып, ол мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру болып табылады. Аудан бойынша мекемелер өз қызметтерін «Е собес», «Е акимат», «Е лицензиялау» бағдарламалары арқылы көрсетуде. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері конкурс негізінде берілсе, тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелері 2-жыл мерзімге уақытша өтеулі пайдалану құқығына берілуде. Көлеңкелі экономиканы болдырмау мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасы мен әділет басқармасы меморандумға қол қойған. 2015 жылы заңды тұлғалар арасында жалған кәсіпкерлікпен айналысатын салық төлеушілер анықталмады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» №1686 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 09 ақпандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» №96 Қаулысын орындау мақсатында аудан бойынша осы аралықтарда іс-шаралар жүргізілді.