Сейсенбі, 19 Маусым 2018
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Қызметтері мен мақсаттары

Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, № 256.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

1) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;

2) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;

3) туристік қызметінің үйлестіру жұмысын жүргізу.

16. Функциялары:

1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;

2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;

3) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етед3;

4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;

5) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;

6) жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз етеді;

7) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;

8) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

9) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;

10) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) кәсіпкерлік бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;

2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрау және алу;

3) жеке және заңды тұлғалардың өтініш, шағымдарын уақытылы және сапалы қарау

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреттілігі шегінде басқа да құқықтарды және міндерттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасары болмайды.

21. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

3) сенімхаттар береді;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

7) мемлекеттік мекемеде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.

«Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлігі коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Талдықорған қаласы Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.