Сенбі, 20 Қазан 2018
Қаланың аграрлық секторындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын 29 ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 366 шаруа қожалықтары, 39 шағын қайта өңдеу кәсіпорындары (24 шағын-наубайхана, 2 шағын диірмен, 5 шұжық цехтары, 3 шағын сүт зауыты және т. б.).

Жер заңды негізде

Жер заңды негізде

 

Өз бетімен жер пайдалануды жаппай тоқтату

Қазақстан Республикасының Жер кодексі

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі

      Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.

Құқық белгiлейтiн құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.

Заңсыз жерді басып алу жағдайлар кезінде "Карасай ауданы әкімі аппараты мемлекеттік - құқық бөлімі" ММ-сіне хабарласуыңызды сұраймыз. Тел: 8(72771)2-10-49.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда Бас прокуратураның Call-орталығына 115 номері арқылы хабарласа аласыз

 

Прокуратура ескертеді: жермен байланысты алаяқтық бар

 
Жерді сатып алмай тұрып келесідей жағдайға назар аударыңыз:
 
Сатушының қолында оның меншік иесі екендігін растайтын 3 құжат болуы керек:
 
- Жерге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу куәлігі;
- Меншік құқығын тіркеуге негіз болған құжаттың түпнұсқасы (мысалы, сатып алу – сату шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік және т.с.с.);
- Кадастрлық жоспардың түпнұсқасы, онда жер учаскесінің кадастрлық номері, алаңы және нақты мекенжайы көрсетілуі тиіс.
 
Аталған құжаттардың барлығында да меншік иесі туралы мәлімет бірдей болуы керек.
 
Меншік иесі жеке тұлға болса, онда Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың болуын, ал заңды тұлғада оны тіркеу, салық органында есеп тұру куәлігін тексерген және Заңды тұлғалардың бірыңғай тізілімінен анықтаманы алған жөн.
Сатып алушыдан көбірек ақша алу мақсатында алаңы үлкенірек және іс жүзінде басқа жерде орналасқан жер көрсетілуі мүмкін.
Сондықтан, құжаттарды тексерген соң, жер алаңының кадастрлық жоспарға, координаттарына сәйкестігін мұқият тексеру керек.
 
Сұрақтарыңыз болған жағдайда Бас прокуратураның Call-орталығына 115 номері арқылы хабарласа аласыз


Осы сайттың бөлігінде Сіздерге аудан көлемінде жер учаскелерін өз беттерінше иеленіп алу деректері бойынша хабарламалар мен фотосуреттерді орналастыру мүмкіншілігі көзделген.
Сіздердің жіберген фото суреттеріңіз бен хабарламаларыңыз бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен тиісті шаралар қолданылатын болады.


ЕСКЕРТПЕ – ЖАДЫНАМА

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43 бабының 10 тармағына сәйкес егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 136 бабына сәйкес мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау – жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 389 бабына сәйкес өзiнше билiк ету, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыру - бір жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.