Жексенбі, 22 Сәуір 2018
Талдықорған Жетісу аймағы Қаратал өзенінің бойында Жоңғар Алатауының батыс жағында орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 км, батыстан шығысқа – 17,5 км созылып жатыр, теңіз деңгейінен 650 м-ден астам биіктікте орналасқан.

Лауазымдық міндеттер

«Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі басшысы
санаты E-R-1 (№ 89-14-01)
1. Жалпы ережелер
Осы лауазымдық нұсқаулық «Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – бөлім) басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
1.2. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және босатылады.
1.3. Бөлім басшысы жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік - құқықтық актілерін, облыс, қала әкімдерінің өкімдерін, шешімдерін, бұйрықтарын, сонымен қатар, бөлім Ережесін басшылыққа алады.
1.4.. Бөлім басшысы тікелей Қала әкіміне бағынады.
1.5. Бөлім басшысы уақытша жұмыста болмаған кезінде, оның лауазымдық міндеттерін бөлімнің Е-R-2 санаттағы (89-14-02) орынбасары міндетін атқарады.
1.6. Бөлімнің басшысына тікелей бағынатын лауазымдар тізбесі: бөлім басшысының орынбасары, жалпы орта білім беру және тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі, жалпы орта білім беру және тәрбие жұмысы секторының бас маманы, балалардың құқығын қорғау секторының меңгерушісі, балалардың құқығын қорғау секторының жетекші маманы, қаржы –шаруашылық қызметі секторының меңгерушісі, қаржы –шаруашылық секторының бас маманы.
2. Бөлім басшысының құқықтары
2.2. Бөлім басшысы:
1) Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде бөлімнің қызметін ұйымдастырады және бақылайды.
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бөлімнің жұмысшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады. Бөлімнің жұмысшыларына ынталандыру шарасын және тәртіптік жаза қолданады.
3) Өз құзыры шеңберінде бұйрық шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды.
4) Бөлімнің құзырына қатысты мәселелер жөнінде отырыс жиналыс және басқа да іс шаралар өткізеді.
5) Бөлім кадрларының біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
2.3. Бөлім басшысы атқаратын лауазымдық міндеттердің ерекшелігі бойынша ҚР Заңдарына сәйкес басқада құқытарды иелене алады.
3. Бөлім басшысының міндеттері
3.1. Бөлім басшысы:
1) Өз құзіреті шегінде білім беру саласындағы заңдылықтар мен білім берудің мемлекеттік стандарттарының сақталуын бақылау;
2) Қала әкіміне белгіленген тәртіпте бөлім қарауындағы мемлекеттік білім мекемелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
3) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Білім туралы», «Балалардың құқықтарын қорғау туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарының және басқа да нормативті – құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қалада білім беру жүйесін басқарады;
4) Бөлімнің қаржы – шаруашылық қызметіне дербес жауапты;
5) Жалпы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін, сондай – ақ, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың жарғыларын бекіту, өзгерту туралы ұсыныс енгізу;
6) Жедел және ағымдағы мәселелер, білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау туралы ұсыныс енгізіп, осы кадрлар жөнінде бұйрықтар шығарады;
7) Қаладағы білім жүйесін басқару органына жетекшілік етеді;
8) Бөлім беделінің және имиджінің нығаюына қолғабыс етеді;
9) Бөлімдегі көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтерді бақылап, қадағалайды;
10) Бөлімдегі көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтердің сапасына жауапты болады.
4. Бөлім басшысының жауапкершілігі
4.1. Бөлім басшысы:
1) бөлімге жүктелген мақсаттардың орындалуы нәтижесі және өз қызметінің жүзеге асырылу сапасы үшін,
2) бөлімнің жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі жұмысы үшін;
3) өзіне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін;
4) қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін;
5) еңбектік және орындаушылықтың тәртібіне жауапты;
6) өз іс-әрекетінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаларын сақтамағаны үшін;
7) қылмыс және өзгеде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындауға не оларды уақытылы, сапалы және тиісті орындамағаны әртүрлі заңды жауапкершілік тудыратындай бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздермен тәртіп бойынша жауапты болады.

«Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы орынбасары
санаты E-R-2
1. Жалпы ережелер
Осы лауазымдық нұсқаулық «Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – бөлім) басшысы орынбасарының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
1.2. Бөлім басшысының орынбасары Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және босатылады.
1.3. Бөлім басшысының орынбасары жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік - құқықтық актілерін, облыс, қала әкімдерінің өкімдерін, шешімдерін, бұйрықтарын, сонымен қатар, бөлім Ережесін басшылыққа алады.
1.4. Бөлім басшысының орынбасары тікелей бөлім басшысына бағынады.
1.5. «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарына тікелей бағынатын лауазымдар тізбесі: жалпы орта білім беру және тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі, жалпы орта білім беру және тәрбие жұмысы секторының бас маманы, балалардың құқығын қорғау секторының меңгерушісі, балалардың құқығын қорғау секторының жетекші маманы, қаржы –шаруашылық қызметі секторының меңгерушісі, қаржы –шаруашылық секторының бас маманы.
2. Бөлім басшысы орынбасарының құқықтары
2.1. Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:
2.2. Бөлім басшысының орынбасары өзіне жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді орындау барысында өзіне тікелей бағынатын лауазымды тұлғалардан және техникалық қызметкерлерден белгілі бір мінез құлықты іс әрекеттерді немесе іс әрекеттерді жасамауды талап ете алады.
2.3. Бөлім басшысының орынбасары
1) өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде бөлімнің қызметін ұйымдастырады және бақылайды.
2) бөлімнің құзырына қатысты мәселелер жөнінде отырыс жиналыс және басқа да іс шаралар өткізеді.
3) бөлім кадрларының біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
2.4. Бөлім басшысының орынбасары атқаратын лауазымдық міндеттердің ерекшелігі бойынша ҚР Заңдарына сәйкес басқада құқытарды иелене алады.
3. Бөлім басшысы орынбасарының міндеттері
3.1. Бөлім басшысы орынбасары:
1) Бөлім мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру, жалпы орта білім мен тәрбие беру жұмыстарын жүргізу;
2) Бөлімнің жоспарлау мәселелеріне жетекшілік етеді, дамыту преспективасы мен Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Балалардың құқықтарын қорғау» «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдары, осы мәселе жөніндегі басқа да нормативті құжаттардың, бөлім қызметінің ағымдағы және ұзақмерзімді жоспарларының орындалуын жүзеге асырады; Бөлім қызметін ұйымдастыру – ақпараттық жұмысын қамтамасыз етеді, бастық болмаған кезде оның міндеттерін атқарады.
3.2. Педагогикалық тамыз конференцияларды дайындайды, білім берудегі сыртқы бақылау қызметіне, Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ), мектеп бітіру мемлекеттік емтихандарды ұйымдастырып өткуін қадағалайды, тиісті мерзімде білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу шараларына дайындықты қамтамасыз етеді;
3.3. Қалалық пән олимпиадаларын, ғылыми жарыстарын, байқауларын өкізуін қадағалайды;
3.4. Меншік нысан­дарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қала бойынша жалпы орта білім беру мәселелерін ұйымдастырып, шешеді.
3.5. Бөлім басшысының орынбасарының жұмыс тәжірибесі келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) Бөлім қызметін, ҚР «Білім туралы» Заңының орындалуы мен қаладағы білім беруді дамыту мәселелерін бақылауды іске асырады, белгіленген тәртіппен мемлекеттік стандарттар бойынша білім саласындағы мемлекеттік бірыңғай саясатты қамтамасыз етуге бағытталған білім сапасына сараптама жасайды, оны бақылауды жүзеге асырудың негізгі механизмдерін үйлестіреді;
2) 2011-2020 жылдары арасындағыі білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының орындалуын басшылыққа алып, оны орындау бағытын құрастырып іске асырады; бөлімнің стратегиялық, жылдық жоспарларын жасап, орындауын қамтамасыз етеді;
3) Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне статистикалық есеп тапсыру, жылдық статистикалық есептерді тиісті органдарға беру, ауылдық елді мекендер туралы статистикалық мәліметтерді жинақтайды, осы мәселелер бойынша қала әкімінің сайтына жүйелі түрде ақпаратты жаңартып беруін қамтамасыз етеді;
4) Бөлімнің Кеңес мүшесі және оның отырыстарында қарайтын мәселелерді қадағалайды;
5) Білім саласының жалпы төлқұжатын дайындауға қатысады;
6) Бөлімдегі көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтерді бақылап, қадағалайды;
7) Бөлімдегі көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтердің сапасына жауапты болады.
4. Бөлім басшысы орынбасарының жауапкершілігі
4.1. Бөлім басшысының орынбасары:
1) бөлімге жүктелген мақсаттардың орындалуы нәтижесі және өз қызметінің жүзеге асырылу сапасы үшін,
2) бөлімнің жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі жұмысы үшін;
3) өзіне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін;
4) қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін;
5) еңбектік және орындаушылықтың тәртібіне жауапты;
6) өз іс-әрекетінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаларын сақтамағаны үшін;
7) қылмыс және өзгеде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындауға не оларды уақытылы, сапалы және тиісті орындамағаны әртүрлі заңды жауапкершілік тудыратындай бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздермен тәртіп бойынша жауапты болады.

«Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі
санаты E-R-3
1. Жалпы ережелер
Осы лауазымдық нұсқаулық «Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – бөлім) сектор меңгерушісінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
1.2. Сектор меңгерушісі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және босатылады.
1.3. Сектор меңгерушісі жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік - құқықтық актілерін, облыс, қала әкімдерінің өкімдерін, шешімдерін, бұйрықтарын, сонымен қатар, бөлім Ережесін басшылыққа алады.
1.4. Сектор меңгерушісі тікелей бөлім басшысына бағынады.
1.5. «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісіне тікелей бағынатын лауазымдар тізбесі: жалпы орта білім беру және тәрбие жұмысы секторының бас мамандары.
2. Сектор меңгерушісінің құқықтары
2.1. Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекетік қызметшіге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабымен белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар:
2.2. Бөлім құзыры шегіңде білім беру ұйымдарымен, білім басқармасымен, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасы мен байланыс жасай алады;
2.3. Сектор меңгерушісі атқаратын лауазымдық міндеттердің ерекшелігі бойынша ҚР Заңдарына сәйкес басқа да құқықтарды иелене алады.
3. Сектор меңгерушісінің міндеттері
3.1. Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:
3.2. Оқушыларды тасымалдау, медико-педагогикалық комиссия жұмысының шешімімен оқушыларды мектепте, үйде, арнайы мектепте оқытудың түрін анықтайды және экстернаттардың жұмысын ұйымдастырады;
3.3. Ашылатын немесе жабылатын білім мекемелері мен сыныптар жөнінде құжаттар жинақтайды, оқушылар контингенті бойынша есеп жүргізеді, қала әкімінің шешімдерін даярлайды және статистикалық есептері мәліметтерінің нақтылығына байланысты жұмыстарды ұйымдастырады:
3.4. Білім беру мекемелерінде асханалар мен қоғамдық тамақтандыру жұмыстарын ұйымдастырады, заң талаптарына сай жүргізеді және облыстық білім басқармасына есеп береді;
3.5. Лицейлерге, гимназияларға, т.б. оқу орындарына оқуға түсуге тілек білдірушілер жұмысына басшылық жасайды, олардың есебін алады;
3.6. Білім саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттары мемлекеттік қызметтік стандартқа сәйкес жүргізеді, қызмет көрсетеді;
3.7. Білім беруді дамытудағы нормативтік құқықтық актілерді оқып үйренуді ұйымдастырады;
3.8. Өзіне бөлінген мәселелері бойынша нормативті құжаттардың жүргізілуін жүзеге асырады;
3.9. Барлық білім беру мекемелерінің оқу –тәрбие үрдісіне жауап береді
3.10. Келіп түскен өтініштер мен шағымдарды қарастырады;
3.11. Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына, Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына және Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығына сәйкес, сектор меңгерушісі, «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну», «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» туралы мемлекеттік қызмет көрсетеді.
4. Сектор меңгерушісінің жауапкершілігі
4.1. Сектор меңгерушісі:
1) өзіне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін,
2) қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін;
3) өз іс-әрекетінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаларын сақтамағаны үшін;
4) қылмыс және өзгеде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін;
5) еңбектік және орындаушылықтың тәртібіне жауапты;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындауға не оларды уақытылы, сапалы және тиісті орындамағаны әртүрлі заңды жауапкершілік тудыратындай бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздермен тәртіп бойынша жауапты болады.

«Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі бас маманы
санаты E-R-4 (№ 89-14-04)
1. Жалпы ережелер
Осы лауазымдық нұсқаулық «Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – бөлім) бас маман құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
1.2. Бас маман Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және босатылады.
1.3. Бас маман жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік - құқықтық актілерін, облыс, қала әкімдерінің өкімдерін, шешімдерін, бұйрықтарын, сонымен қатар, бөлім Ережесін басшылыққа алады.
1.4. Бас маман тікелей бөлім басшысына бағынады.
2. Бас маманның құқықтары
2.1. Бөлім құзыры шегіңде білім беру ұйымдарымен, білім басқармасымен, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасымен байланыс жасай алады.
2.2. Педагогикалық кадрлар мәселесі бойынша қала әкімінің сайтына ақпаратты жаңартып отыра алады.
2.3. Іс жүргізу негіздері талаптарын орындалуына, азаматтардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қаралуына бақылаужасай алады.
2.4. Бас маман атқаратын лауазымдық міндеттердің ерекшелігі бойынша ҚР Заңдарына сәйкес басқа да құқықтарды иелене алады.
3. Бас маманның міндеттері
Бас маман:
Қаланың жалпы білім беру ұйымдарын жинақтау мәселелері бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен, облыстық білім басқармасымен байланыс жасайды;
Қала мектептерінің басшыларын тағайындау мәселелері бойынша конкурстар жариялап, оны дайындап өткізуін қамтамасыз етеді;
Білім беру ұйымдары басшыларының резервін жинақтайды;
Педагогикалық кадрларды аттестаттау, тестілеуден өткізу, білім ұйымдарының басшыларын тағайындаудағы құжаттарын дайындау, оның ішінде педагогикалық кадрлармен жұмыс жүргізу мемлекеттік органдағы ақпараттандыру шараларын жүргізу;
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері кадрларымен жұмыс атқару, оларды тағайындау туралы бұйрықтарын дайындау, босату, біліктілік талаптарының жинағын дайындау. Осы мәселе бойынша тиісті органдарға жылдық, тоқсандық мемлекеттік статистикалық есептер дайындап тапсыру;
Білім бөлімі рұқсат беретін мемлекеттік қызметтердің регламентін дайындап орындау, оның ішінде білім беру қызметін лицензиялау қызметіне қатысу.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632 бұйрығына және 2015 жылғы 8 сәуірдегі №173 бұйрығына сәйкес, бас маман: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау», «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» туралы мемлекеттік қызмет көрсету.
4. Бас маманның жауапкершілігі
4.1. Бас маман:
1) өзіне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін,
2) қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін;
3) өз іс-әрекетінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаларын сақтамағаны үшін;
4) қылмыс және өзгеде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін;
5) еңбектік және орындаушылықтың тәртібіне жауапты;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындауға не оларды уақытылы, сапалы және тиісті орындамағаны әртүрлі заңды жауапкершілік тудыратындай бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздермен тәртіп бойынша жауапты болады.

«Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі бас маманы
санаты E-R-4 (№ 89-14-05)
1. Жалпы ережелер
Осы лауазымдық нұсқаулық «Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – бөлім) бас маман құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
1.2. Бас маман Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және босатылады.
1.3. Бас маман жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік - құқықтық актілерін, облыс, қала әкімдерінің өкімдерін, шешімдерін, бұйрықтарын, сонымен қатар, бөлім Ережесін басшылыққа алады.
1.4. Бас маман тікелей бөлім басшысына бағынады.
2. Бас маманның құқықтары
2.1. Бөлім құзыры шегіңде білім беру ұйымдарымен, білім басқармасымен, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасымен байланыс жасау.
2.2. Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, азаматтардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау.
3. Бас маманның міндеттері
1) Өз құзыры шеңберінде қаланың мектептерінде білім беру және тәрбие процесі білім саласындағы мемлекеттік саясатқа сай болуын қамтамасыз ету.
2) Тәрбие жұмысында кешенді бағдарламасы орындалуын қамтамасыз ету.
3) Білім алушыларға патриоттық, азаматтық, эстетикалық тәрбие беру мақсатында қала бойынша тәрбие шараларын, мерекелер ұйымдастырып өткізу, оқушылар арасында музыка, ән-би өнерінен түрлі байқауларын, айтыстарды, ұйымдастырып өткізу,
4) Қала мектептерінде тәрбие жұмысынын мазмұнды және сапалы болуын қадағалау, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға бағытталған ұйымдастыру шараларын жүргізу,
5) Балалардың құқығын қорғау секторымен бірге құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын қамтамсыз ету.
6) Ата-аналар қауымдастығымен бірлесе тәрбие шараларын ұйымдастырып өткізу.
7) Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына сәйкес, бас маман, «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету.
4. Бас маманның жауапкершілігі
4.1. Бас маман:
1) өзіне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін,
2) қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін;
3) өз іс-әрекетінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаларын сақтамағаны үшін;
4) қылмыс және өзгеде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін;
5) еңбектік және орындаушылықтың тәртібіне жауапты;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындауға не оларды уақытылы, сапалы және тиісті орындамағаны әртүрлі заңды жауапкершілік тудыратындай бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздермен тәртіп бойынша жауапты болады.

«Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі
санаты E-R-3
1. Жалпы ережелер
Осы лауазымдық нұсқаулық «Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – бөлім) сектор меңгерушісінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
1.2. Сектор меңгерушісі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және босатылады.
1.3. Сектор меңгерушісі жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік - құқықтық актілерін, облыс, қала әкімдерінің өкімдерін, шешімдерін, бұйрықтарын, сонымен қатар, бөлім Ережесін басшылыққа алады.
1.4. Сектор меңгерушісі тікелей бөлім басшысына бағынады.
1.5. «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісіне тікелей бағынатын лауазымдар тізбесі: қаржы –шаруашылық секторының бас маманы.
2. Сектор меңгерушісінің құқықтары
2.1. Бөлім қызметін, ҚР «Білім туралы» Заңының орындалуы мен қаладағы білім беруді дамыту мәселелерін бақылауды іске асырады, белгіленген тәртіппен мемлекеттік стандарттар бойынша білім саласындағы мемлекеттік бірыңғай саясатты қамтамасыз етуге бағытталған білім сапасына сараптама жасайды, оны бақылауды жүзеге асырудың негізгі механизмдерін үйлестіре алады;
2.2. 2011-2020 жылдары арасындағыі білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының орындалуын басшылыққа алып, оны орындау бағытын құрастырып іске асырады; бөлімнің стратегиялық, жылдық жоспарларын жасап, орындауын талап етеді;
2.3. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне статистикалық есеп тапсыру, жылдық статистикалық есептерді тиісті органдарға беру, ауылдық елді мекендер туралы статистикалық мәліметтерді жинақтайды, осы мәселелер бойынша қала әкімінің сайтына жүйелі түрде ақпаратты жаңартып беруін қамтамасыз етеді;
2.4. Бөлімнің Кеңес мүшесі және оның отырыстарында қарайтын мәселелерді қадағалау жасай алады;
2.5. Білім саласының жалпы төлқұжатын дайындауға қатысуға құқылы.
3. Сектор меңгерушісінің міндеттері
3.1.Сектор меңгерушісі:
1) Өз құзыры шеңберінде білім беру ұйымдарында білім саласындағы мемлекеттік бірыңғай саясаттын орындауын қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы жұмыс өткізу.
2) Жалпы орта және қосымша білім беру саласында, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағыттарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларға мемлекеттік білім беру оқу орындарында қол жеткізетін жағдай жасауын қамтамасыз етеді.
3) Оқу – тәрбиелеу процесі мазмұнының мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастыру және жүргізу, мектептермен жалпықалалық білім беру шараларын өткізу, мүгедек балаларды оқумен қамтамасыз етуін жән үйде оқытуды ұйымдастырады.
4) Қала мектептерінде өткізілетін эксперименттерге жетекшілік ету (12–жылдық білім беру, шет тілінде жеке пәндерді беру және т.б. эксперименнтерді алып жүру және сараптау). Оралман оқушылары бойынша мәліметтер жинақтау, ауыл бағдарламасы бойынша мәлімет беру. Білім бөлімі рұқсат беретін мемлекеттік қызметтердің регламентін орындауын бақылайды, оның ішінде кешкі (ауысымды) нысаны арқылы, жалпы орта білім беруді қоса алғанда жалпы орта білім алуға қолжетімді жағдай жасауын қамтамасыз етеді, білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіп салу мәселесен тиісті органдар алдында қойып, ұйымдастырады.
5) Мектеп жасындағы балаларды есепке алуды қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдардың жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді жинақтап есеп береді. Облыстық білім басқармасына, қала әкімшілігіне, тиісті мемлекеттік статистикалық жылдық, тоқсандық есептерін тапсырады.
6) Қаржылық тапсырыстар, рұқсаттар құрастыруды қамтамасыз етуді бақылау, ағымдағы, ұзақмерзімді жоспарлауды іске асыру;
7) Білім қажеттілігі үшін мемлекеттік сатып алулар өткізу және комиссия жұмысын ұйымдастыру;
8) Бюджеттік бағдарламаларды орындау бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау;
9) Қалалық қаржы бөлімдеріне қалалық білім бөлімі аппаратының есептерін дайындау;
10) Қазынашылықта қаржылық рұқсаттар мен есепшоттарды төлемге өткізу, салық комитетіне есеп беру;
11) Шаруашылық қызметі бойынша серіктестермен шарттар жасау, қызмет көрсетушілермен атқарылған жұмыс пен қызметтер бойынша салыстыру актілерін дайындау;
12) Объектілерді пайдалануға қабылдау актілеріне сәйкес білім ұйымдарының құрылысы мен күрделі жөнделуін қаржыландыруды өткізу;
13) Республикалық және жергілікті бюджеттік трансферттерінің тиісті пайдаланылуын бақылау;
4. Сектор меңгерушісінің жауапкершілігі
4.1. Сектор меңгерушісі:
1) өзіне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін,
2) қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін;
3) өз іс-әрекетінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаларын сақтамағаны үшін;
4) қылмыс және өзгеде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін;
5) еңбектік және орындаушылықтың тәртібіне жауапты;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындауға не оларды уақытылы, сапалы және тиісті орындамағаны әртүрлі заңды жауапкершілік тудыратындай бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздермен тәртіп бойынша жауапты болады.

«Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі бас маманының
санаты E-R-4
1. Жалпы ережелер
Осы лауазымдық нұсқаулық «Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – бөлім) бас маман құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
1.2. Бас маман Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және босатылады.
1.3. Бас маман жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік - құқықтық актілерін, облыс, қала әкімдерінің өкімдерін, шешімдерін, бұйрықтарын, сонымен қатар, бөлім Ережесін басшылыққа алады.
1.4. Бас маман тікелей бөлім басшысына бағынады.
2. Бас маманның құқықтары
2.1. Өз құзыреті шеңберінде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі механизімдерін қамтамасыз етуді, қаланың жалпы білім беру, мектептен тыс және мектепке дейінгі мекемелерін іріктеу мәселелерін үйлестіре алады.
3. Бас маманның міндеттері
3.1. Бас маман:
1) Бөлімнің қаржы – шаруашылық қызметін қамтамасыз ету міндеттерін атқару, бухгалтерлік есепті жүргізу.
2) Бөлімнің, мектептер, мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектептен тыс мекемелердің уақыттылы бюджеттік қаржыландырылуын қамтамасыз ету.
3) Қаржы процедураларының ережелеріне сәйкес бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттарын орындау жөніндегі есептерді дайындап өткізу.
 
4) Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына сәйкес, бас маман, «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету.
4. Бас маманның жауапкершілігі
4.1. Бас маман:
1) өзіне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін,
2) қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін;
3) өз іс-әрекетінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаларын сақтамағаны үшін;
4) қылмыс және өзгеде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін;
5) еңбектік және орындаушылықтың тәртібіне жауапты;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындауға не оларды уақытылы, сапалы және тиісті орындамағаны әртүрлі заңды жауапкершілік тудыратындай бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздермен тәртіп бойынша жауапты болады.

«Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісінің
санаты E-R-3
1. Жалпы ережелер
Осы лауазымдық нұсқаулық «Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – бөлім) сектор меңгерушісінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
1.2. Сектор меңгерушісі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және босатылады.
1.3. Сектор меңгерушісі жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік - құқықтық актілерін, облыс, қала әкімдерінің өкімдерін, шешімдерін, бұйрықтарын, сонымен қатар, бөлім Ережесін басшылыққа алады.
1.4. Сектор меңгерушісі тікелей бөлім басшысына бағынады.
1.5. «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісіне тікелей бағынатын лауазымдар тізбесі: балалардың құқығын қорғау секторының жетекші маманы.
2. Сектор меңгерушісінің құқықтары
2.1. Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекетік қызметшіге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабымен белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар:
2.2. Сектор меңгерушісі өз қызмет барысында балаларды асырап алу, қамқорлыққа, патронатқа алу, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар және ұйымдарға ұсыныс жасап пікірін білдіре алады.
2.3. Балалардың құқықтарын қорғау секторының және осы қызметтік міндеттерінің нұсқауларын басшылыққа алып ҚР Заңдарына сәйкес басқа да құқықтарды иелене алады .
3. Сектор меңгерушісінің міндеттері
3.1. Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының
10 бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:
3.2. Балалардың құқығын қорғау секторының жұмысын жалпы басқарып, қызметтің негізгі бағыттарын, оның түрлерін, орындау әдістерін белгілейді. Сектордың құзырындағы мақсаттардың тиісті орындалуына тікелей жауап береді.
3.3. Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндамаға қала бойынша мәліметтер жинап жоғары органдарға ұсынады.
3.4. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың баламалы нысандарын жетілдіру және интернаттық ұйымдардың қызметі бойынша есептерін жинау, өңдеу, талдау, жиынтық есептерін жасау жұмыстарын жүргізеді.
3.5. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды еңбекке орналастырудың, олардытұрғын үймен қамтамасыз етудіңмониторингісін жүргізеді, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды еңбекке орналастырудың оларды тұрғын үйменқамтамасыз ету мәселелері бойынша жергіліктіатқарушы органдардың қызметі жөнінде жиынтық есептерді жинау, өңдеу, талдау жұмыстарын жүргізеді.
3.7. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша басшылыққаталдау материалдарын дайындайды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы жұмыстарын үйлестіреді.
3.8. Асырап алынған балалардың өмір сүру жағдайын, оқуын, тәрбиесі мен денсаулығын бақылауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3.9. Патронат тәрбиешінің қызметін талдайды, патронаттық тәрбиеге берілген балалардың күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларына бақылауды жүзеге асырады;
3.10. Қалалық кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясымен бірлесе жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасының балаларды асырап алу туралы заңнамаларының іс-тіжірибеде қолданғанда стандартқа сәйкестігін қарау.
3.11. Заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне мерзімінде жауап беру;
3.12. Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына сәйкес, сектор меңгерушісі, «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру», «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру», «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау», «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою», «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» туралы мемлекеттік қызмет көрсету.
4. Сектор меңгерушісінің жауапкершілігі
4.1. Сектор меңгерушісі:
1) өзіне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін,
2) қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін;
3) өз іс-әрекетінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаларын сақтамағаны үшін;
4) қылмыс және өзгеде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін;
5) еңбектік және орындаушылықтың тәртібіне жауапты;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындауға не оларды уақытылы, сапалы және тиісті орындамағаны әртүрлі заңды жауапкершілік тудыратындай бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздермен тәртіп бойынша жауапты болады.

«Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі бас маманы
санаты E-R-5
1. Жалпы ережелер
Осы лауазымдық нұсқаулық «Талдықорған қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – бөлім) жетекші маман құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
1.2. Жетекші маман Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және босатылады.
1.3. Жетекші маман жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік - құқықтық актілерін, облыс, қала әкімдерінің өкімдерін, шешімдерін, бұйрықтарын, сонымен қатар, бөлім Ережесін басшылыққа алады.
1.4. Жетекші маман тікелей бөлім басшысына бағынады.
2. Жетекші маманның құқықтары
2.1. Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекетік қызметшіге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабымен белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар:
3. Жетекші маманның міндеттері
3.1. Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:
3.2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың баламалы нысандарын жетілдіру және интернаттық ұйымдардың қызметі бойынша есептерін жинау, өңдеу, талдау, жиынтық есептерін жасау жұмыстарын жүргізеді.
3.3. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды еңбекке орналастырудың, олардытұрғын үймен қамтамасыз етудіңмониторингісін жүргізеді, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды еңбекке орналастырудың оларды тұрғын үйменқамтамасыз ету мәселелері бойынша жергіліктіатқарушы органдардың қызметі жөнінде жиынтық есептерді жинау, өңдеу, талдау жұмыстарын жүргізеді.Ата-аналардың өз балаларынан бас тарту себептері туралы зерттеу жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша басшылыққаталдау материалдарын дайындайды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы жұмыстарын үйлестіреді.
3.4. Қалалық кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясымен бірлесе жұмыс жүргізеді.
3.5. Білім бөлімі басшысының қосымша берген тапсырмаларын өз уақытында орындауға міндетті
3.6. Сектор меңгерушісі жұмыста болмаған жағдайда міндетін атқарады.
3.7. Өз құзырындағы жұмыс мәселелі бойынша уақытымен статистикалық есептерін дайындап тапсырады. Келіп түскен өтініштер мен шағымдарды қарастырады.
3.8. Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына сәйкес, жетекші маман, «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру», «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу», «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру», «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» туралы мемлекеттік қызмет көрсетеді.
4. Жетекші маманның жауапкершілігі
4.1. Жетекші маман:
1) өзіне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін,
2) қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін;
3) өз іс-әрекетінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаларын сақтамағаны үшін;
4) қылмыс және өзгеде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін;
5) еңбектік және орындаушылықтың тәртібіне жауапты;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындауға не оларды уақытылы, сапалы және тиісті орындамағаны әртүрлі заңды жауапкершілік тудыратындай бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздермен тәртіп бойынша жауапты болады.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.