Дүйсенбі, 23 Сәуір 2018
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

«2016-2017 оқу жылының қорытындысы және білім беру бөлімінің
2017-2018 оқу жылына арналған жоспарлары туралы»
АНЫҚТАМА
 
Талдықорған қалалық білім бөлімі 2016-2017 оқу жылы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру бойынша жұмыс жүргізді.
2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша қалада 92 білім беру, олардың 26-сы жалпы білім беретін, 61-і мектепке дейінгі білім беру, 5-і қосымша білім беру мекемелері қызмет етеді.
Барлық мекемелердің білім беру қызметін жүзеге асыратын қолданыстағы лицензиялары мен жалпы орта білім бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік аккредитациялары бар.
2015 жылмен салыстырғанда қалада балалардың мектепке дейінгі мекемелер желісі 15-ке артты. Бүгінгі күні мектепке дейінгі жастағы бала (0-ден - 6-ға дейін) 26276. Мектепке дейінгі мекемелерде кезекте тұрған бала – 8998, мектепке дейінгі білім берумен қамтылған 95% немесе 7748 бала (2016 жылы 7528). Сондай-ақ 2018 жылы 225 орындық 3 жеке меншік балабақша ашу жоспарлануда, бұл 3 пен 6 жастағы балаларды қамту 97% болады.
Қала мектептеріндегі оқушылар саны 1 қыркүйекте 28009 оқушыны құрады, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 1589 білім алушыға артық.
Оқушылар түгелдей оқулықтармен 100 % қамтамасыз етілген. 202684 дана оқу әдебиеттерін сатып алуға 2017 жылы бюджеттен 227032000 теңге бөінді (2016-2017 жылы 165700000 теңге).
2017-2018 оқу жылы 136 оқушыға 2 елді мекеннен 2 білім беру мекемелеріне тасымалдау ұйымдастырылды (2016-2017 жылы 111 оқушы).
Қаланың барлық мектептері кең жолақты Ғаламторға қосылған, 24 мектепте 240 интерактивті тақта орнатылған, 22 мектеп лингофон кабинеттерімен, жаңа модификациялық 17 физика кабинеті, 22 химия және биология кабинеттерімен жабдықталған. Компьютермен қамтамасыз ету 10 оқушыға 1 компьютерді құрайды.
Ағымдағы жылы қала бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар 1427 (2016 жылы-1305 бала), олардың 229-ы қала мектептерінде инклюзивті біліммен қамтылса, мектепке дейінгі мекемелерде – 120 бала қамтылған.
Қала бойынша 11 сыныпты бітірушілер – 1351 болды (№20,24,3 мектеп-интернат, кешкі мектепті қосқанда). Олардың 978-і (72,4 %) ҰБТ-ге қатысты.
ҰБТ-леу қорытындысы бойынша орта балл 84,3 балды құрады (өткен оқу жылы 82,2 балл).
Жаңа білім беру мазмұнына көшуге байланысты 2017-2018 оқу жылының жазында 1, 5, 7 сыныптардың пән мұғалімдері, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары мен әдіскерлер (барлығы 718 адам) біліктіліктерін көтерді.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 87,5% мұғалімдер мен мектеп басшылары біліктілік арттыру курстарынан өтті.
Мектептен тыс білім беру ұйымдарымен 4574 оқушы немесе 17 % оқушылар; мемлекеттік емес, жекеменшік ұйымдарда 2700 бала немесе 10 %; қоғамдық ұйымдарда 70 оқушы немесе 3% балалар қамтылған.
Барлық білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ», «Жас Ұлан», «Жас қыран» клубының мүшелері жұмыс істейді. №7 мектеп базасындағы әскери-патриоттық бағыттағы клубта 70 оқушы қамтылған. Ағымдағы жылдың маусым айында Қарағанды облысындағы Спасск полигонында «Жетісу тарландары» қала клубы І орын алды.
Тәртіп бұзушылық зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған кешенді шаралар 2017 жылы есепте туған жасөспірімдер санының 15%-ға азаюына себепкер болды.
«Жетісу –балалар үйінсіз» жобасы аясында 2 бала қамқорлыққа берілді, 1 бала асырап алынды. Облыстық арнайы балалар үйінен 11 бала асырап алынды, 8 бала қамқорлыққа беріліп, 1-уі патранаттық тәрбиелеуге берілді. Бүгінгі күні барлығы 266 бала қамқоршылық пен қорғаншылықта, 6 бала патранаттық тәрбиеде.
Қала мектептерінің барлығында оқушылардың тамақтануы өз деңгейінде ұйымдастырылған. Қазақстан Республика Үкіметінің 2008 жыл 25 қаңтардағы №64 Қаулысы және мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына сәйкес аз қамтамасыз етілген отбасының 3143 балалары тегін тамақтанумен қамтылған.
2017 жылдың жаздық сауықтыру науқаны кезінде демалысқа және сауықтыру орындарына 24024 бала жіберілді. Лагердегі оқушылардың демалысы және сауықтыру мәселелері бойынша ата -аналар тарапынан арыз –шағымдар болған жоқ. Осы тұста мектеп жанындағы сауықтыру лагерлерінің материалдық-техникалық базасы жаңартуды қажет етеді.
2017жылы 3 білім беру ұйымдары күрделі жөндеуден өтті, оның ішінде «Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп гимназиясы» КММ-не жан-жақты жөндеу жұмыстары жалпы сомасы 252718,7 мың теңгеге, «Білім инновация лицейі» КММ-не жалпы сомасы 320549,3 мың теңгеге, «№45-балабақша» МККМ-не жалпы момасы 139735 мың теңгеге жүргізілді.
Жүргізілген жөндеу жұмыстарына қарамастан, кейбір білім беру мекемелері күрделі жөндеуді қажет етеді. 2018 жылда №5 және №13 мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары жүреді. №7 орта мектептің жобалық-сметалық құжаттары және №16, №17 мектептердің ауласын абаттандыру үшін жобалық-сметалық құжаттары дайын, мемлекеттік сараптамаға өткізіліп, нақтыланған бюджетке қаражатқа сұраныс беріледі.
2018 жылға күрделі жөндеуден өткізуге №6, 8, 21, 23 мектептер мен Балалар музыка мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға қаражат бөлуге сұраныс берілді. Сондай-ақ №14, 15, 19 мектептердің ауласын абаттандыру үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға қаражат бөлуге сұраныс берілді.
2018 жылға арналған білім беру жүйесін дамытудың басты бағыттары:
  • «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандақ бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру;
  • Білім сапасын 50 %дан 58%ға дейін арттыру;
  • Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен 97 %ға дейін қамту;
  • 225 орынға 3 жекеменшік балабақшаларын ашу;
  • Қаладағы 2 мектепті (№5, №13) күрделі жөндеуден өткізу.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.