Дүйсенбі, 18 Маусым 2018
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Ақпарат
2017 жыл үшін Талдықорған қаласы құрылыс бөлімінің
жұмыс нәтижелері туралы
 
2017 жылы тұрғын үй мен инженерлік-коммуникациялық желілерді және әлеуметтік объектілердің құрылысы мен жобалануына 9 580,807 млн.теңге бөлінді, оның ішінде жылдың басынан 9 580,785 млн.теңге игерілді.
2017 жылдың 2 –ші жартысында «Аймақтарды дамыту 2020» бағдарламасы бойынша Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында жалпы ауданы 10,9 мың ш.м. 168 пәтердік (43 таңба) бір коммуналдық үйдің құрылысы пайдалануға берілді. (Жалпы құны 934,1 млн.теңге).
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 40,1 мың ш.м. 562 пәтерлік үш кредиттік үйлердің құрылысы пайдалануға берілді (6 шағын аудан, №27 таңба; 7 шағын аудан 17,16 таңба) (Жалпы құны 3 685,171 млн.теңге).
2017 жылдың 4 тоқсанында Оңтүстік-Батыс ауданында ЖАО-дың кезек күтушілері үшін жалпы ауданы – 5,8 мың.ш.м. 55 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. (Жалпы құны -603,8 млн.теңге).
Сондай-ақ ЖАО-дың кезек күтушілері үшін Шығыс шағын ауданында жалпы ауданы 3,7 мың.ш.м. 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Жалпы құны 358,8 млн.тг. 2017 жылы 315,894 млн.теңге бөлінді және игерілді. 2018 жылға қалған қалдық сома 35,099 млн.тг. Объектіні өткізу мерзімі 2018 жылдың екінші тоқсаны.
2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 120 пәтерлік (33, 8 таңба) жалпы ауданы 7,4 мың ш.м. екі жалгерлік тұрғын үйлердің құрылысы басталып, аяқталды. Жалпы құны 697,2 млн.теңге. Сондай-ақ 12 қабатты 64 пәтерлі жалгерлік үйдің (3 таңба) құрылысы жалғасуда. 2017 жылы ҚМЖ-на 412,332 млн.тг. бөлінді және игерілді. 2018 жылға қалған қалдық сома 57,516 млн.тг. Объектіні өткізу мерзімі 2018 жылдың екінші тоқсаны.
2017 жылдың 3-тоқсанында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Оңтүстік-Батыс ауданында, бірінші қабатында «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек және әйелдер кеңесі» орналасатын, үш 16 қабатты 230 пәтерлік, жалпы ауданы 16,2 мың ш.м. жалгерлік үйлердің құрылысы басталды. Жалпы құны 2 581,3 млн.тг. 2017 жылы ҰҚ-дан 400,000 млн.тг және ЖБ-тен 31.12.2017 жылы 1 млн.тг бөлінді және игерілді. 2018 жылға қалған қалдық сома 2181,3 млн.тг. Объектіні өткізу мерзімі 2019 жылдың бірінші тоқсаны.
2017 жылдың 1-тоқсанында сыртқы ИҚЖ-дің және оларды абаттандырудың жұмыс жобалары дайындалды. ЖІЖ-на 3,0 млн.тг. бөлінді және 1.10.2017 жылы 3,7 млн.тг. игерілді.
Сондай-ақ екі 60 пәтерлі жалпы ауданы 11,2 мың ш.м., жалпы 120 пәтерлі кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы басталды. (6 шағын аудан, 7 таңба; 7 шағын аудан 8 таңба) (Жалпы құны 982,8 млн.теңге. 2017 жылға 302 млн.теңге бөлінді және игерілді 31.12.2017 жыл.). 2018 жылға қалған қалдық сома 641,988 млн.тг.
Бұдан басқа, 2017 жылғы қыркүйекте «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша пилоттық жоба құрылысы бағыты бойынша Алматы тас жолының бойында 606 тұрғын үйдің жобалануы басталды.
Үйдің 4 түрі бойынша эскиздік жоба дайындалды (1 түр – S үй =80 ш.м., 2 түр – S үй =100 ш.м., 3 түр – S үй =120 ш.м., 4 түр – 2-қабатты таунхаус =112,58 ш.м.). 4 тип бойынша (48 тұрғын үй) 3 ай құрылыс мерзімімен оң қорытынды алынды. Барлық типтер бойынша ЖСҚ дайындауға 55,0 млн.тг. бөлінді және 41,5 млн.тг. игерілді. Қыркүйек айында коттеджді қалашықта 48 тұрғын үйге 12 екі қабатты құлыптанған блоктардың (4 тип) 09рылысы басталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2017 жылы ҰҚ-дан 400,0 млн.тг. бөлінді және игерілді.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта жеке құрылысшымен жалпы ауданы 20,7 мың ш.м. 256 пәтерлік 4 көпқабатты үйлердің құрылысы тоқтатылды (мердігерлік ұйым «Reincom Service», инвестор «Бәйтерек Девелопмент» АҚ).
2015 жылдың қарашасында жалпы аауданы 25,5 мың ш.м. (290 пәтерге) жалпы құны 2417,2 млн.теңгелік бес үйдің құрылысы тоқтатылды
(«Бәйтерек Девелопмент» АҚ –ның «ISHEDO Energy» ЖШС мердігерлік ұйымына қатысты сотқа беру жұмыстары 30.11.2016 жылғы ҚР-ның Жоғарғы Сотының азаматтық жұмыстар бойынша соттық коллегиясының шешімі бойынша жаңа соттық қаралымға жолданды).
 
Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы.
 
2017 жылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданындағы тұрғын үйлерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және 2017 жылға ЖТҚ үшін инженерлік желілерді дамыту бойынша құрылысы аяқталды:
  • Талдықорған қаласы Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданының инженерлік
коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және келісу (8,9 ша5ын аудандар). Электр желілерін салу. Ұзақтығы – 18,1 км, оның ішінде 2017 жылға -9,8 км.
  • Талдықорған қаласында ЖТҚ –на инженерлік-коммуникациялық
желілер құрылысы. «Плодопитомник» тұрғын ауданы. Өткізу мерзімі – 30.10.2017 жыл. Ұзақтығы – 2,003 км.
Сондай-ақ «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданындағы тұрғын үйлерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін құрылыс жалғасуда.
  • Талдықорған қаласы, 3 кезек, Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданындағы
тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы мен абаттандыру жұмыстарына 2018 жылға – РБ-тен 90,0 млн.теңге бөлінді. (2015 жылдан келе жатқан.). Өткізу мерзімі – 30.06.2018 жыл. Тапсырыс беруші «Бәйтерек Девелопмент» АҚ болып табылатын, 8 тұрғын үй бойынша ҚЖЖ орындалмауына байланысты объект белгісіз мерзімге ауыстырылды.
-Талдықорған қаласы 159, 168, 64 пәтерлі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы және абаттандыру. 2018 жылға - РБ-тен 53,619 млн.теңге бөлінді. Өткізу мерзімі – 30.6.2018 жыл. Ұзақтығы – 4,7 км. Құрылысшы жеке ұйым болып табылатын, 168 пәтерлі тұрғын үй бойынша ҚЖЖ орындалмауына байланысты объект белгісіз мерзімге ауыстырылды. Жер участкесін мемлекеттік меншікке алу мүмкіндігін қарастыру үшін хат жолданды.
- Алматы облысы, Талдықорған қаласы 60 пәтерлі кредиттік тұрғын
үйдің инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы және абаттандырылуына (16 таңба) 2018 жылы – РБ-тен 35,0 млн.теңге бөлінді. Өткізу мерзімі – 30.03.2018 жыл. Тапсырыс беруші «Бәйтерек Девелопмент» АҚ болып табылатын, 1 тұрғын үй бойынша ҚЖЖ орындалмауына байланысты объект белгісіз мерзімге ауыстырылды.
Осы мақсаттар үшін Ұлттық қордан 169,280 млн.теңге, РБ-тен – 566,653 млн.теңге, ЖБ-тен-232,876 млн.теңге бөлінді және игерілді 31.12.2017 жылға.
Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданындағы тұрғын үйлерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін екі 60 пәтерлі және бір 55 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы мен тұрғын үйлер кешенін абаттандыру жалғасуда (жалгерлік, коммуналдық жәнеғ кредиттік); Шығыс шағын ауданындағы 60 пәтерлі коммуналдық үй үшін ИКЖ. 2017 жылы 129,787 млн.тг. бөлінді және игерілді.
2016 жылдың қазанында Талдықорған қаласында Драмалық театрдың құрылысы басталды. Тапсырыс беруші «Алматы облысы бойынша құрылыс басқармасы» ММ. Жалпы құны – 3,862 млрд.теңге. 2017 жылға 2 600,0 млн.теңге бөлінді және 517,104 млн.теңге игерілді. Объектіні өткізу мерзімі 30.06.2018 жыл.
Талдықорған қаласындағы жабық бассейн құрылысы. (Тапсырыс беруші «Алматы облысы бойынша құрылыс басқармасы» ММ). 2017 жылы ЖСҚ-ға 65,0 млн.тг., СМЖ-ға 200,0 млн.тг бөлінді. Шартқа бойынша мемлекеттік сараптаманы алу мерзімі 30.04.2018 жыл. Құрылысты бастаудың болжамды мерзімі 2018 жылдың бірінші тоқсаны.
-«Азаматтар үшін Үкімет» әкімшілік ғимаратын қайта жабдықтау (Тапсырыс беруші «Алматы облысы бойынша құрылыс басқармасы» ММ). 2017 жылы ЖСҚ-ға 100,0 млн.тг., СМЖ-ға 1,0 млрд.тг бөлінді. Мемлекеттік сараптамаға беру мерзімі 10 қаңтар 2018 жыл.
2017 жылы құрылысы аяқталды:
-«Көрме кешені» (Жалпы құны-1 227,685 млн.тг. оның ішінде 2017 жылы 216,652 млн.тг.бөлінді).
-«Салтанат сарайы» (Жалпы құны-1 478,726 млн.тг. оның ішінде 2017 жылы 660,189 млн.тг.бөлінді).
-Салтанат сарайы, Драма театр, Көрме кешені ғимараттарына ИКЖ және абаттандыру. Өткізу мерзімі 2018 жыл. 2017 жылға 104,128 млн.теңге бөлінді және игерілді 31.12.2017 г.
«Жастар» паркі жанында мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу орындарын дамыту мақсатында «Этноауыл 3-этап» құрылысы аяқталды. Этноауылдың жалпы құны (1,2,3) – 535,0 млн.теңге, соның ішінде 3-этап – 280,845 млн.теңге.
2017 жылы құрылыс объектілері басталды:
-Талдықорған қаласы Оңтүстік-Батыс ауданында 300 орынға музыкалық мектеп құрылысы. Жалпы құны 1041,8 млн.теңге. 2017 жылы ЖІЖ-на -3,955 млн.теңге, ҚМЖ-на – 400,0 млн.теңге бөлінді.
Қазақстан Республикасының мемлекет Басшысының аймақтарды балаларға мектепке дейінгі және орта білім беру объектілерімен қамтамасыз ету мәселесін шешуге қатысты тапсырмасын орындауда 2017 жылы сәуірде жалпы сомасы 4,116 млрд.теңгеге екі мектептің құрылысы басталды. Соның ішінде:
- Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында 1200 орындық мектептің құрылысы. Жалпы құны 2 156,7 млн.теңге. (2017 жылға 1 232,335 млн.теңге бөлінді және игерілді 31.12.2017 жылға.).
- Солтүстік-Батыс тұрғын ауданында 1200 орындық мектептің құрылысы. Жалпы құны 1 958,9 млн.теңге. (2017 жылға 1 197,978 млн.теңге бөлінді және игерілді. 31.12.2017 жылға).
Екі 171 пәтерлік үйдің құрылысына ЖІЖ жайындау үшін (25,26 таңба) 2017 жылы 23,0 млн.теңге бөлінді.
Бұдан басқа, құрылыс бөлімінде объектілер бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған жұмыс жобалары бар:
- «Талдықорған қаласының Ынтымақ ауылындағы жеке тұрғын үй құрылысына арналған инженерлік-коммуникациялық желілерді салу. 3 кезең (сумен жабдықтау)»; (құны 257,089 млн.теңге.)
- «Талдықорған қаласы Ынтымақ ауылында инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы (3 кезең). (Электр жүйелері тораптары)»; (құны 357,372 млн.теңге.)
- «Талдықоған қаласы Жастар-3 шағын ауданындағы ЖТҚ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы. Электр жүйелері тораптары»; (құны 493,465 млн.теңге.)
- «Талдықорған қаласы Жастар-3 шағын ауданындағы ЖТҚ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы. Сумен жабдықтау тораптары»; (құны 579,234 млн.теңге.)
- «Талдықорған қаласы Жастар-3 шағын ауданындағы ЖТҚ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы. Кәріз тораптары»; (құны 350,553 млн.теңге.)
- «Талдықорған қаласының Жастар-2 ауылында ЖТҚ –ға инженерлік- коммуникация желілерін салу. Сыртқы желілер. Суменжабдықтау»; (құны
242,2 млн.теңге.)
- «Талдықорған қаласының Жастар-2 ауылында ЖТҚ –ға инженерлік- коммуникация желілерін салу. Сыртқы желілер. Канализация»; (құны
132,3 млн.теңге.);
- Батыс тұрғын ауданында 280 орындық балабақша (бағасы 638,1 млн.теңге) және «Жастар-1», «Жастар-2» 280 орындық екі балабақшалар, (жалпы құны 1 391,4 млн.теңге) Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында 320 орындық (жалпы құны 763,7 млн.теңге) балабақша құрылысы.
 
Коммуналдық шаруашылықты дамыту
 
2017 жылы Талдықорған қаласы бойынша Талдықорған-Үштөбе тас жолының 10 шақырымында мал қорымының құрылысы аяқталды. Жалпы құны 53,8 млн.теңге.
-Талдықорған қаласы Өтенай ауылындағы әкімшілік ғимараты құрылысы. Жалпы құны 77,2 млн.теңге (2017 жылы 68,307 млн.теңге бөлінді және игерілді).
Бұдан басқа «Талдықорған қаласы Қаратал шағын ауданындағы әкімшілік ғимарат үшін инженерлік-коммуникациялық желілердің абаттандырылуымен құрылысы» (Азаматтар үшін Үкімет) объектісі бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда. ЖСҚ сараптамалық болжамдық құны 24,2 млн.теңге. 2017 жылы 20 млн.теңге бөлінді және 20 млн.теңге 31.12.2017 жылға игерілді. Мемлекеттік сараптаманы алу мерзімі 2018 жыл наурыз.
ЖІЖ дайындау үшін «Талдықорған қаласы Шығыс шағын ауданында 20 пәтерлі үйдің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы мен абаттандырылуына» және «Ынтымақ ауылындағы 1200 орындық мектептің құрылысына» 31.12.2017 жылға 18 млн.теңге бөлінді және игерілді.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.