Бейсенбі, 21 Маусым 2018
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Қызметтері мен мақсаттары

«Талдықорған қаласының дене шынықтыру
және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы

заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, № 256.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.

15. Міндеттері:

1) Талдықорған қаласындағы дене шынықтыру және спортты дамыту жұмысын ұйымдастыру;

2) бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан қала құрама командаларының дайындығын, олардың облыстық және басқа да спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс және қала әкімдерінің «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәкес өзге де міндеттер.

16. Функциялары:

1) жергілікті атқарушы органның келісуімен Талдықорған қаласы аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

2) спорт түрлерi бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық және басқа да спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етілуіне шара қолданады;

3) Талдықорған қаласы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт

түрлерiн дамытуды қамтамасыз етілуіне шара қолданады;

4) Талдықорған қаласы аумағында қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

5) «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын берілуін үйлестіреді;

7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын берілуін үйлестіреді;

8) жергілікті атқарушы органмен өзара көмектесе әрекет жасау арқылы спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай қалалық күнтiзбесін даярлайды;

9) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, мәслихатпен, облыс әкімінің аппаратымен «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

«Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің функциялары:

«Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында дене тәрбиесін жан-жақты дамыту және денсаулықты нығайтуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмысын жүзеге жүргізу;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

«Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының «Өркен» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында дене тәрбиесін жан-жақты дамыту және денсаулықты нығайтуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмысын жүзеге жүргізу;

2) спорттық үйірмелердің, тренажер залдарының қызметін ұйымдастыру;

3) қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар, оқу-жыттығу жиындары үшін ғимарат беру;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз

құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

3) «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын қала әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Талдықорған қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары жоқ.

21. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;

2) «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

3) «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

6) «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

1. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының «Өркен» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.