Сейсенбі, 18 Желтоқсан 2018
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Лауазымдық міндеттер

«Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы
Е-R-1 санаты
Жұмысты ұйымдастыру, бөлімнің қаржы – шаруашылық қызметі, қаладағы дене тәрбиесі және спорт саласындағы саясатты іске асыруға қатысты бағдарламаларға сәйкес, қала бюджетін даярлау, дене тәрбиесі және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтау, дене тәрбиесі қызметін қамтамасыз ету. Бөлім қызметіне бақылау жүргізіп, Қазақстан Республикасының «Дене тәрбиесі және спорт» Заңының іске асуын қадағалау. Дене тәрбиесі және спорт саласындағы стандарт, нормативтік талаптарының орындалуын бақылау. Дене тәрбиесі және спортты дамыту бағдарламаларын іске асыруға қатысты, меншік түрінің қандай түрі болмасын, атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру.

«Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маман
Е-R-4 санаты
Әдістемелік және консультациялық көмек көрсету бойынша ақпараттық-талдау жұмысы, информациялық бағдарламалармен жұмысты қамтамасыз ету, мониторинг, тұрғылықты мекен-жайлары бойынша жоғары оқу орындары, колледж, кәсіптік лицей, спорттық мектептер, ерікті спорттық қоғамдар, әскери бөлімдер, өнеркәсіп, мекеме, ұйымдар және мүгедектер арасындағы спорттық- көпшілік және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға тәжірибелік көмек көрсету, әдістемелік бірлестіктер, спорт федерацияларымен жұмыс, спорттық-көпшілік іс-шараларының күнтізбелік жоспарын жүзеге асыру, іс-қағаздарын жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы спорттық санаттар мен дәрежелер беруге құжаттар дайындау және тапсыру.
Қоғамдық спорт клубтары, әскери бөлімдер, спорт ғимараттары, спорт федерацияларымен байланысты үйлестіру.
Қаладағы дене тәрбиесі және спортты дамыту және Қазақстан Республикасының «Дене тәрбиесі және спорт туралы» Заңының жүзеге асуын бақылау.

«Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы
Е-R-4 санаты
Әдістемелік және консультациялық көмек көрсету бойынша ақпараттық талдау жұмысы. Тұрғылықты мекен-жайлары бойынша қоғамдық білім беру мектептері, мектепке дейінгі мекемелер арасында спорттық-көпшілік және сауықтыру жұмысын жүргізу. Әдістемелік бірлестіктер, мектептердегі дене тәрбиесінен оқытушылардың жұмысын үйлестіру. Спорттық-көпшілік іс-шараларының күнтізбелік жоспарын жүзеге асыру. Іс жүргізу, шығыс және кіріс құжаттарының айналымын жүргізу, мұрағат құжаттарын, іс-құжаттар номенклатурасын дайындау, бақылауда тұрған құжаттардың уақытылы орындалуын бақылау, орындалған құжаттарды керекті мекенжайға жеткізу.
Республикасының «Дене тәрбиесі және спорт туралы» Заңының жүзеге асуын бақылау.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.