Сейсенбі, 19 Маусым 2018
Қаланың аграрлық секторындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын 29 ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 366 шаруа қожалықтары, 39 шағын қайта өңдеу кәсіпорындары (24 шағын-наубайхана, 2 шағын диірмен, 5 шұжық цехтары, 3 шағын сүт зауыты және т. б.).

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

«Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
АҚПАРАТЫ
 
«Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-і 2017 жылы күнтізбелік және бюджеттік жоспарларға сай, қаламызда спортты дамыту және насихаттау мақсатымен, қала тұрғындарын спортқа баулу мақсатымен іс-шаралар өткізіп, белсенді жұмыс атқарды.
2017 жылы 186 спорттық іс-шара өткізілді, оған 12000-ға жуық адам қатысты. Облыстық және республикалық жарыстарға қаламыздан 75 құрама команда іс-сапарға жіберілді.
Жергілікті бюджеттен 2017 жылға жалпы 27,6 млн. теңге бөлінді, оның ішінде іс-сапарларға жіберу үшін – 13,2 млн. теңге, қала деңгейінде спорттық шаралар ұйымдастыруға – 14,4 млн. теңге.
2017 жылы екі қалалық спорт мектептерінде 8 спорт шебері, 45 спорт шеберіне үміткер және 41 І (бірінші) дәрежелі спортшы дайындалды. Қала спортшылары жыл басынан бері облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда 106 алтын, 198 күміс және 154 қола медальдар иеленді.
Талдықорған қаласында дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға бағытталған 289 спорттық нысан бар, соның ішінде 1 – спорт сарайы, 2 – спорт кешені, 3 – стадион, 1 – ипподром, 75 – спорт зал, 52 – спорт алаңдары, 14 – теннистік корттар, 9 – жүзу бассейні, 9 – тир және 123 басқа да нысандар. Қалада барлығы 224 дене шынықтыру ұжымдары жұмыс істеуде, олардың ішінде 21 спорт федерациясы, 4 кәсіпқой спорт клубы, 7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 1 мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт мектебі, 1 облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, 1 Олимпиадалық резерв дайындау орталығы және 1 облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі бар. Бұл мектептер мен мекемелерде 33 спорт түрі бойынша 88 секцияларда жалпы саны 6700 спортшы шұғылданады, бұл мекемелерде 250 оқытушы-жаттықтырушылар қызмет атқаруда. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру тәрбиесі 27 жалпы білім беру мекемелерінде, 2 жоғарғы оқу орындарында және 13 колледждерде қамтылған, білім беру мекемелерінде 211 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бар.
Қалалық жалпы білім беру мектептерінде барлығы 366 спорт үйірмелерінде 7600 бала қамтылған. Оқушылар сарайында 8 спорттық және туризм үйірмелері бар.
«Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-і «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Егер 2016 жылы көрсетілген қызмет саны 256 болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 403-ке жетті.
Спорттың 7 түрі бойынша жалпы білім беру мектептері, жоғарғы білім беру және орта арнайы білім беру мекемелері арасында, сонымен қатар, Талдықорған гарнизонының әскери бөлімдері арасында спорттың 18 түрі бойынша жарыстар өткізілді.
Қаламызда спортты дамыту және насихаттау мақсатында «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-і қаланың қоғамдық бірлестіктерімен тығыз жұмыс атқарды. Осы жұмыстың нәтижесі болып 2016 жылы қаламызда «Талдықорған қаласының қазақ күресінің Федерациясы» ҚБ ашылуы болып табылады. Федерация жұмысының нәтижесі – қаламыздың атынан күресетін Ұлан Рысқұлдың Республикалық Қазақстан Барысы турнирінде иеленген жүлделі 2 орны.
Қазіргі уақытта қаламызда 21 спорттық федерациялар өз жұмысын белсенді атқарып келеді. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің және қалалық спорт федерациялардың ұйымдастыруымен футболдан, волейболдан, шахматтан, үстел теннисінен, экстремалды техникалық түрлерінен (жолсыз жерлерде автокөлікпен жарысу, параплан спорты), спорттық балық аулау, бокс, күрестін барлық түрлерінен және тағы басқа спорт түрлерінен қалалық жарыстар өткізіледі.
Ауыр атлетикадан Карина Горичева, Маргарита Елисеева, Линдер Альберт және Анжела Чалкарова, каратэдан Мерей Суюнов пен Еркебұлан Бейсенбаев, садақтан ату спортынан Сұлтан Дүзелбаев пен Александр Ганькин, джиу-джитсудан Елдос Қабденов пен Қуаныш Есенеев, еркін күрестен Құрбанов Ақбар сияқты спортшыларымыз халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, жоғарғы жетістіктерге жетті. Футбол, волейбол, баскетбол, регби, когалдағы хоккей командалары да республикалық және Азия Чемпионаттарында жүлделерге иеленді. Жастар арасында спортты және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қала аумағында атақты спортшылардың бейнесімен арнайы баннерлер жасалып, орнатылды.
Қаламызда футболды дамыту, жастарды спортқа тарту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында балаларға футбол доптарын табыстау науқаны үзілмей өтуде. 2017 жылы жас балаларға, мектеп оқушыларына жалпы 2000 футбол добы табысталды.
Талдықорған қаласында халықаралық деңгейде 4 ірі спорт ғимараты жұмыс істейді – «Жетісу» орталық стадионы, «Жастар» спорт сарайы, «Жетісу» теннис орталығы және «Бесарыс» көгалдағы хоккей стадионы. Жыл сайын қалада облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлердегі өтетін спорттық шаралар саны өсуде.
Сонымен қатар, «Талдықорған қаласының «Өркен» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылдың күзінде аяқталатын күрделі жөндеу жұмыстарын «Стройсервис-97» ЖШС-і жүргізуде.
Қала тұрғындарының барлық жас ерекшелігі топтары арасында спортпен шұғылдануға мүмкіншіліктер ұлғаюда. Талдықорған қаласының шағын аудандарында дене шынықтырумен және спортпен өз бетінше шұғылдануға арналған спорттық алаңдар салынуда.
2017 жылы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 5 спорттық алаңды қайта жөндеуден өткізді және 4 жаңа спорт алаңды қала тұрғындарына қолданысқа берді. Сонымен қатар, «Қазақстандық стритворкаут федерациясы» РҚБ қала тұрғындарына мамандандырылған стритворкаут алаңын салып берді.
Қала аумағындағы барлық спорттық іс-шаралар облыстық және қалалық БАҚ-тың қолдауымен өтуде. 2017 жылы газет беттерінде және интернет ресурстарында 188 мақала мен айдар жарияланды.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.