Сейсенбі, 23 Қазан 2018
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Лауазымдық міндеттер

«Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының
санаты E-R-1
Жалпы ережелер
  1. Осы лауазымдық нұсқаулық Алматы облысының Талдықорған қаласы әкімдігінің «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
1.2. Бөлім басшысы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес қала аумағындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі керек. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың Ережесі мен регламентін, аппарат басшысының бұйрықтарын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.3. Қала әкімдігінің келісімімен бөлім бастығы қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
1.4. Бөлім басшысына тікелей бөлімнің лауазымды қызметкерлері бағынады.
1.5. Бөлім басшысы нормаланбаған күн тәртібінде, 40-сағаттық жұмыс аптасының негізінде жұмыс істейді.
1.6. Бөлім басшысы демалыста немесе еңбекке жарамсыз жағдайда болғанда, оның міндеттері сәулет-жоспарлау секторының меңгерушісіне жүктеледі.
2.Бөлім басшысының құқықтары
2.1. Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, қызмет құжаттарына қол қоюға;
2.2. Бөлімде мәжілістер, жиналыстар өткізуге;
2.3. Заңды түрде қызметкерлерді жұмысқа алуға, босатуға, ынталандыруға және тәртіптік жаза белгілеуге;
2.4. Барлық тұрғын үй – азаматтық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, транспорттық және коммуналдық құрылыстар мен қайта жаңғырту объектілерін, сондай – ақ ведомстволық бағынысқа және жекеменшік түріне қарамастан қала аумағында орналасқан кәсіпорын мен ұйымдарды кедергісіз аралауға;
2.5. Қала құрылысы құжаттарын құрылыс техникалық жағдай жобаларының құрылыс нормалары мен ережелерін орындау, сондай -ақ тарихи және мәдени құндылықтарға, соның ішінде сәулет және қала құрылысы ескерткіштеріне, шығын келтіретін құрылыстық - монтаждық, жөндеу, құрылыстық және басқа жұмыс түрлерін, өңдеуді және тоқтатуға;
2.6. Нақты нұсқаулар мен нормативтерді бұзып орындаған немесе белгіленген тәртіп бойынша келісім берілмеген топогеодезиялық және инженерлік-геологиялық сөгіс алған, бүлінген жұмыс өндірісін тоқтатуға;
2.7. Өз бетімен құрылыс жүргізген тұлғаларға қатысты, «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылысы қызметі туралы» заңды, мемлекеттік органдардың қаулыларын бұзғандары үшін, заңдарда қарастырылған жауапкершілікке тартуға тиісті мемлекеттік органдар арқылы тәртіптік, әкімшілік жазаны қолдану туралы талаптар қоюға;
Қазақстан Республикасының кепілдігіне ұсынылған мемлекеттік қаржы және инвестициялық несиелердің, тікелей инвестициялар мен басқа қаржы көздерінің есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалау және құрылысын салу үшін тендерлер (конкурстар) ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.
3.Бөлім басшысының міндеттері
Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін бөлім бастығы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс.
3.1. Заңнамаларға сәйкес құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты біртұтас жүргізу, құрылыстың сапасы мен құрылыс жобаларының іске асырылуын қадағалау;
3.2. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің және облыс әкімінің нормативтік актілерінің, әкімдіктің қаулылары, шешімдері, өкімдері және қала әкімінің тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
3.3. Мемлекеттік нормативтерді сақтауға, мемлекеттік бақылау және қаланы қала құрылысында игерудегі сәулет, қала құрылысы және басқа жобалық құжаттамасын белгіленген тәртіппен бекітілуін қамтамасыз ету;
3.4. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша жеке және заңды тұлғаларға бөліммен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін ұйымдастыруға және үйлестіруге;
3.4. Бюджет қаражатының рационалды және толық қолданылуын бақылау;
3.5. Қала аумағында құрылыс нысандарының қаланың Бас жоспарына сәйкес орналасуын, қала құрылысы нормасы шегінде жекешелендірілген жер учаскелерінің негізгі мақсатымен қолданылуын, бөлім мамандарына жүктелген міндеттердің уақытылы орындалуын қадағалау;
3.6. Жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын бекіту;
3.7. Азаматтардан, ұйымдардан келіп түскен хат-арыздарды қарау;
3.8. Қоршаған ортаны және оның түрлерін жақсарту үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
3.9. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асыру;
3.10. Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету;
3.11. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету;
3.12. Бөлімде қызметкерлердің лауазымдық, функционалдық міндеттемелерін, лауазымдық нұсқаулығын бекіту;
Сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік нормативтер әзірлеу жөнінде ұсыныс даярлау ісіне қатысады.
4. Бөлім басшысының жауапкершілігі
4.1. Бөлім басшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы №321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ережесіне сәйкес тәртіптік жазаға тартылады.

«Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме сәулет-жоспарлау сектор меңгерушісі
санаты E-R-3
Жалпы ережелер
Осы лауазымдық нұсқаулық Алматы облысының Талдықорған қаласы әкімдігінің «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сәулет-жоспарлау сектор меңгерушісінің (бұдан – әрі Сектор меңгерушісі) құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
Сектор меңгерушісі сәулет және қала құрылысы саласындағы заңдарын орындалуын, бекітілген қала құрылыс жобалардың жүзеге асырылуын қадағалайды.
  1. Өзінің қызметтік міндетін атқару барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), «Қазақстан 2050» даму стратегиясын, бөлім туралы регламентті және ережені, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, аталған қызметтік нұсқаулықты, Бөлімнің жоспарын, жеке жоспарды орындауға, өзінің қызметтік міндетін атқару үшін қажет көлемде мемлекеттік тілді білуі, басқа да қажетті білімді білуі міндетті.
  2. Сектор меңгерушісі бөлім басшысына бағынады және нұсқаулар алады.
  3. Практикалық қызметте қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік мекемелерімен, басқа да мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен бөлім құзырына кіретін сұрақтар бойынша өзара әрекет етеді.
  4. Бөлім басшысы уақытша жұмыста болмаған кезде, оның міндетін бекітілген бұйрықпен атқарады.
2. Сектор меңгерушісінің құқықтары
  1. Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қарамағында бар ақпараттық мәліметтер базасын белгіленген тәртіпте пайдалануға;
  2. Кәсіби деңгейін көтеру үшін қайта даярлау және біліктілігін көтеру курстарында оқуға;
  3. Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыруға.
3. Сектор меңгерушісінің міндеттері
  1. Сектор меңгерушісі:
  1. Өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілікті көтереді;
  2. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңы бойынша бөлімге түскен өтініштер мен хаттарды Заң талабына сәйкес қарап, өтініш иесіне жауап береді;
  3. Қаланы жаңа талапқа сай көркейтуге қатысады, ғимараттарды, көшелерді, негізгі түйінді жерлерді зерттейді, шағын сәулет формаларын орналастыруға жер қарастырады;
  4. Жергілікті атқарушы органнның рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жұмыстарын жүргізген жеке және заңды тұлғаларды анықтап, құзырлы мекемелерге шара қолдану үшін тиісті ақпарат жолдайды;
  5. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша жеке және заңды тұлғаларға «Сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы» мемлекеттік көрсетілетін қызметті әзірлеуге;
  6. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша жеке және заңды тұлғаларға «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру», «Эскизді (эскиздік жобаны) келісімдеу», «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін қадағалайды және олардың орындалуын бақылайды;
  7. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бөлімде іске асырылуын қадағалайды;
  8. «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспарын дайындауға;
  9. Жаңадан нысан орналастыруға жер таңдайды, жоба әзірлейді және құрылысы жүріп жатқан нысандардың қала құрылысы және құрылыс құжаттарын (бас жоба, сызба) дайындауды үйлестіреді;
  10. Дизайнның жаңарған түрлерімен ғимараттардың қас бетін көркейту жұмыстарымен айналысады;
  11. Коммерциялық нысандардың эскиздік жобасын жоспарға сәйкес орналасуын қарайды;
  12. Қала аумағында құрылыс нысандарының қаланың бас жоспарларына сәйкес орналасуын, қала құрылысы нормасы шегінде жекешелендірілген жер учаскелерінің негізгі мақсатымен қолданылуын қадағалайды;
4. Сектор меңгерушісінің жауапкершіліктері
4.1. Сектор меңгерушісі:
1) Секторға жүктелген мақсаттардың орындалуы нәтижесі және өз қызметінің жүзеге асырылу сапасы үшін;
2) Секторға жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі жұмысы үшін;
3) өзіне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін;
4) өз қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін;
5) өз іс-әрекетінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаларын сақтамағаны үшін;
6) қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшін;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындауға не оларды уақытылы, сапалы және тиісті орындамағаны әр түрлі заңды жауапкершілік тудыратындай бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жауапты болады.

«Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме бас маманы
санаты E-R-4
Жалпы ережелер
1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасы «Талдықорған қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме (әрі қарай –Бөлім) бас маманның құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
1.2. Бас маман Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және босатылады.
1.3. Бас маман жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін, Министрліктің, әкімдіктің және бөлімнің бұйрықтарын, сонымен қатар, Бөлім Ережесін басшылыққа алады.
1.4. Бөлім бас маманы тікелеі Бөлім басшысына бағынады.
1.5. Бас маман уақытша жұмыста болмаған кезінде, оның лауазымдық міндеттері Бөлім басшысының шешімімен Бөлімнің басқа қызметшілерінің біріне жүктеледі.
2. Бас маманның құқықтары
2.1. Сәулет және қала құрылысы жұмысы саласындағы нормативтік актілерге сәйкес келмемейтін жергілікті атқарушы органдардың жеке шешімдерінің күшін жоюға белгіленген тәртіпте ұсыныс еңгізуге;
2.2. Қаланың құрылыс кешенінің әлеуметтік – экономикалық дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен жоспарларын әзірлеуге және жүзеге асыруға;
2.3. Барлық өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, транспорттық және коммуналдық құрылыстар мен қайта жаңғырту объектілерін, сондай – ақ ведомстволық бағынысқа және жекеменшік түріне қарамастан қала шегінде орналасқан кәсіпорын мен ұйымдарды кедергісіз аралауға;
2.4. Нақты нұсқаулар мен нормативтерді бұзып орындаған немесе белгіленген тәртіп бойынша келісім берілмеген топогеодезиялық және инженерлік-геологиялық сөгіс алған, бүлінген жұмыс өндірісін тоқтатуға;
2.5. Өз бетімен құрылыс жүргізген тұлғаларға қатысты, ҚР қала құрылысы зандарын, «ҚР сәулет және қала құрылысы туралы» заңды, мемлекеттік органдардың қаулыларын бұзғандары үшін Заңдарда қарастырылған қылмыстық жауапкершілікке тартуға тиісті мемлекеттік органдар арқылы тәртіптік, әкімшілік жазаны қолдану туралы талаптар қоюға міндетті;
2.6.Құрылыс, өңдірістік ұйымдардың, сондай-ақ экологиялық және басқа нормативті талаптарды орындайтын жеке тұлғалардың сәулет-қала құрылысы қызметін іске асыру әрекетін тоқтату немесе құқығынан айыру үшін тиісті ұсыныс беруге құқылы.
3. Бас маманның міндеттері
3.1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
3.2. Бөлім Ережесінде белгіленген талаптарды орындауға, жұмыс тәртібін сақтауға.
3.3. Көріктендіру, жарықтандыру, тазалау және жасылдандыру жұмыстарының кемшіліктерін жою үшін хабарлама беру.
3.4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдылықтың бұзылуын жою және алдын ала болдырмау үшін үшін, тиісті шара қолдану.
3.5. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша жеке және заңды тұлғаларға «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін әзірлеуге;
3.6. «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін тиімді толықтыруды қамтамасыз ету.
3.7. Төтенше жағдайлардын алдын алу шараларының жоспарын әзірлеу.
3.8. Жоғары тұрған органдардан келіп түскен құжаттардың орындалуын қадағалайды.
3.9. Қала аумағында құрылысы салынатын, қайта жөделетін және аумақтары абаттандырылатын нысандарды тексереді, суретке түсіреді, құжаттарын әзірлейді.
3.10. Кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп қала көшелерінде рұқсатсыз қойылған кішігірім сауда нүктелерін, дүңгіршектерді тексереді.
3.11. Нысандардың қас беттерін, көшелерді безендендіру жұмысын атқарады.
3.12. Көктемгі, күзгі тазалау жұмыстарын үйлестіреді.
3.13. Қала нысандарын, көшелерді мереке күндеріне дайындайды, Түнгі жарықтандыру жұмыстары бойынша және сәулет, қала құрылысы саласындағы заңнамалар негізінде хабарламалар береді.
3.14. Рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізушілердің құжаттарын дайындап, сәулет-бақылау басқармасына өткізеді.
4. Бас маманның жауапкершіліктері
  1. Бас маман өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы №321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ережесіне сәйкес тәртіптік жазаға тартылады.
  2. Қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалануға жауапты.

    «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме
  3. бас маманы санаты E-R-4 (№ 89-13-03)
Жалпы ережелер
1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасы «Талдықорған қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме (әрі қарай –Бөлім) бас маманның құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
1.2. Бас маман Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және босатылады.
1.3. Бас маман жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін, Министрліктің, әкімдіктің және бөлімнің бұйрықтарын, сонымен қатар, Бөлім Ережесін басшылыққа алады.
1.4. Бөлім бас маманы тікелеі Бөлім басшысына бағынады.
1.5. Бас маман уақытша жұмыста болмаған кезінде, оның лауазымдық міндеттері Бөлім басшысының шешімімен Бөлімнің басқа қызметшілерінің біріне жүктеледі.
2. Бас маманның құқықтары
2.1. Сәулет және қала құрылысы жұмысы саласындағы нормативтік актілерге сәйкес келмемейтін жергілікті атқарушы органдардың жеке шешімдерінің күшін жоюға белгіленген тәртіпте ұсыныс еңгізуге;
2.2. Қаланың құрылыс кешенінің әлеуметтік – экономикалық дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен жоспарларын әзірлеуге және жүзеге асыруға;
2.3. Барлық өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, транспорттық және коммуналдық құрылыстар мен қайта жаңғырту объектілерін, сондай – ақ ведомстволық бағынысқа және жекеменшік түріне қарамастан қала шегінде орналасқан кәсіпорын мен ұйымдарды кедергісіз аралауға;
2.4. Нақты нұсқаулар мен нормативтерді бұзып орындаған немесе белгіленген тәртіп бойынша келісім берілмеген топогеодезиялық және инженерлік-геологиялық сөгіс алған, бүлінген жұмыс өндірісін тоқтатуға;
2.5. Өз бетімен құрылыс жүргізген тұлғаларға қатысты, ҚР қала құрылысы зандарын, «ҚР сәулет және қала құрылысы туралы» заңды, мемлекеттік органдардың қаулыларын бұзғандары үшін Заңдарда қарастырылған қылмыстық жауапкершілікке тартуға тиісті мемлекеттік органдар арқылы тәртіптік, әкімшілік жазаны қолдану туралы талаптар қоюға міндетті;
2.6.Құрылыс, өңдірістік ұйымдардың, сондай-ақ экологиялық және басқа нормативті талаптарды орындайтын жеке тұлғалардың сәулет-қала құрылысы қызметін іске асыру әрекетін тоқтату немесе құқығынан айыру үшін тиісті ұсыныс беруге құқылы.
3. Бас маманның міндеттері
3.1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
3.2. Бөлім Ережесінде белгіленген талаптарды орындауға, жұмыс тәртібін сақтауға.
3.3. Көріктендіру, жарықтандыру, тазалау және жасылдандыру жұмыстарының кемшіліктерін жою үшін хабарлама беру.
3.4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдылықтың бұзылуын жою және алдын ала болдырмау үшін үшін, тиісті шара қолдану.
3.5. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша жеке және заңды тұлғаларға «Эскизді (эскиздік жобаны) келісімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін әзірлеуге;
3.6. «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін тиімді толықтыруды қамтамасыз ету.
3.7. Төтенше жағдайлардын алдын алу шараларының жоспарын әзірлеу.
3.8. Жоғары тұрған органдардан келіп түскен құжаттардың орындалуын қадағалайды.
3.9. Қала аумағында құрылысы салынатын, қайта жөделетін және аумақтары абаттандырылатын нысандарды тексереді, суретке түсіреді, құжаттарын әзірлейді.
3.10. Кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп қала көшелерінде рұқсатсыз қойылған кішігірім сауда нүктелерін, дүңгіршектерді тексереді.
3.11. Нысандардың қас беттерін, көшелерді безендендіру жұмысын атқарады.
3.12. Көктемгі, күзгі тазалау жұмыстарын үйлестіреді.
3.13. Қала нысандарын, көшелерді мереке күндеріне дайындайды, Түнгі жарықтандыру жұмыстары бойынша және сәулет, қала құрылысы саласындағы заңнамалар негізінде хабарламалар береді.
3.14. Рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізушілердің құжаттарын дайындап, сәулет-бақылау басқармасына өткізеді.
4. Бас маманның жауапкершіліктері
  1. Бас маман өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы №321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ережесіне сәйкес тәртіптік жазаға тартылады.
Қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалануға жауапты.

«Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме жетекші маманның
санаты E-R-5
Жалпы ережелер
1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасы «Талдықорған қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме (әрі қарай –Бөлім) жетекші маманның құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
1.2. Жетекші маман Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және босатылады.
1.3. Жетекші маман жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін, Министрліктің, әкімдіктің және бөлімнің бұйрықтарын, сонымен қатар, Бөлім Ережесін басшылыққа алады.
1.4. Бөлімнің жетекші маманы тікелей Бөлім басшысына бағынады.
1.5. Жетекші маман уақытша жұмыста болмаған кезінде, оның лауазымдық міндеттері Бөлім басшысының шешімімен Бөлімнің басқа қызметшілерінің біріне жүктеледі.
2. Жетекші маманның құқықтары
2.1. Сәулет және қала құрылысы жұмысы саласындағы нормативтік актілерге сәйкес келмемейтін жергілікті атқарушы органдардың жеке шешімдерінің күшін жоюға белгіленген тәртіпте ұсыныс еңгізуге;
2.2. Қаланың құрылыс кешенінің әлеуметтік – экономикалық дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен жоспарларын әзірлеуге және жүзеге асыруға;
2.3. Барлық өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, транспорттық және коммуналдық құрылыстар мен қайта жаңғырту объектілерін, сондай – ақ ведомстволық бағынысқа және жекеменшік түріне қарамастан қала шегінде орналасқан кәсіпорын мен ұйымдарды кедергісіз аралауға;
2.4. Нақты нұсқаулар мен нормативтерді бұзып орындаған немесе белгіленген тәртіп бойынша келісім берілмеген топогеодезиялық және инженерлік-геологиялық сөгіс алған, бүлінген жұмыс өндірісін тоқтатуға;
2.5. Өз бетімен құрылыс жүргізген тұлғаларға қатысты, ҚР қала құрылысы зандарын, «ҚР сәулет және қала құрылысы туралы» заңды, мемлекеттік органдардың қаулыларын бұзғандары үшін Заңдарда қарастырылған қылмыстық жауапкершілікке тартуға тиісті мемлекеттік органдар арқылы тәртіптік, әкімшілік жазаны қолдану туралы талаптар қоюға міндетті;
2.6.Құрылыс, өңдірістік ұйымдардың, сондай-ақ экологиялық және басқа нормативті талаптарды орындайтын жеке тұлғалардың сәулет-қала құрылысы қызметін іске асыру әрекетін тоқтату немесе құқығынан айыру үшін тиісті ұсыныс беруге құқылы.
3. Жетекші маманның міндеттері
3.1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
3.2. Бөлім Ережесінде белгіленген талаптарды орындауға, жұмыс тәртібін сақтауға.
3.3. Көріктендіру, жарықтандыру, тазалау және жасылдандыру жұмыстарының кемшіліктерін жою үшін хабарлама беру.
3.4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдылықтың бұзылуын жою және алдын ала болдырмау үшін үшін, тиісті шара қолдану.
3.5. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша жеке және заңды тұлғаларға «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін әзірлеуге;
3.6. Бөлім тарапынан сот органдарының процесстеріне қатысу.
3.7. Сот органдарының талаптарына сәйкес тиісті қорытынды беру.
3.8. Жоғары тұрған органдардан келіп түскен құжаттардың орындалуын қадағалайды.
3.9. Қала аумағында құрылысы салынатын, қайта жөделетін және аумақтары абаттандырылатын нысандарды тексереді, суретке түсіреді, құжаттарын әзірлейді.
3.10. Кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп қала көшелерінде рұқсатсыз қойылған кішігірім сауда нүктелерін, дүңгіршектерді тексереді.
3.11. Нысандардың қас беттерін, көшелерді безендендіру жұмысын атқарады.
3.12. Көктемгі, күзгі тазалау жұмыстарын үйлестіреді.
3.13. Қала нысандарын, көшелерді мереке күндеріне дайындайды, Түнгі жарықтандыру жұмыстары бойынша және сәулет, қала құрылысы саласындағы заңнамалар негізінде хабарламалар береді.
3.14. Рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізушілердің құжаттарын дайындап, сәулет-бақылау басқармасына өткізеді.
4. Жетекші маманның жауапкершіліктері
  1. Жетекші маман өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы №321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ережесіне сәйкес тәртіптік жазаға тартылады.
  2. Қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалануға жауапты.

    «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы
    санаты E-R-4
1. Жалпы ережелер
1.1.Бас маман өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес аудандағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың Ережесі мен регламентін, аппарат басшысының бұйрықтарын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.2 Бөлім бастығының келісімімен бас маман қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
1.3 Бас маман демалыста немесе еңбекке жарамсыз жағдайда болған кезде өзара келісу арқылы жүзеге асырылады.
2. Құқығы
2.1.Сәулет және қала құрылысы жұмысы саласындағы нормативтік актілерге сәйкес келмемейтін жергілікті атқарушы органдардың жеке шешімдерінің күшін жоюға белгіленген тәртіпте ұсыныс енгізуге;
2.2.Қаланың құрылыс кешенінің әлеуметтік – экономикалық дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен жоспарларын әзірлеуге және жүзеге асыруға;
2.3.Барлық тұрғын үй – азаматтық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, транспорттық және коммуналдық құрылыстар мен қайта жаңғырту объектілерін, сондай – ақ ведомстволық бағынысқа және жекеменшік түріне қарамастан қала аумағында орналасқан кәсіпорын мен ұйымдарды кедергісіз аралауға;
2.4.Нақты нұсқаулар мен нормативтерді бұзып орындаған немесе белгіленген тәртіп бойынша келісім берілмеген топогеодезиялық және инженерлік-геологиялық сөгіс алған, бүлінген жұмыс өндірісін тоқтатуға;
2.5.Өз бетімен құрылыс жүргізген тұлғаларға қатысты, ҚР қала құрылысы зандарын, «ҚР сәулет және қала құрылысы туралы» заңды, мемлекеттік органдардың қаулыларын бұзғандары үшін Заңдарда қарастырылған қылмыстық жауапкершілікке тартуға тиісті мемлекеттік органдар арқылы тәртіптік, әкімшілік жазаны қолдану туралы талаптар қоюға;
2.6.Құрылыс, өңдірістік ұйымдардың, сондай-ақ экологиялық және басқа нормативті талаптарды орындайтын жеке тұлғалардың сәулет-қала құрылысы қызметін іске асыру әрекетін тоқтату немесе құқығынан айыру үшін тиісті ұсыныс беруге құқылы.
3.Міндеті
Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін бас маман Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабына белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс.
3.1.Сәулет және қала құрылысы заңдылықтарының нормаларын қадағалау. Тұрғылықты жерлерді құрылыстандырудың жоспарын жүргізу, құрылыс жоспарларын, бас жобалардың жүзеге асырылуын қадағалау. Құрылысқа берілген барлық жер учаскелерін қадағалау;
3.2.Тұрғын үй құрылысы мәселелері жөніндегі заңды және жеке тұлғалардан түскен арыз-шағымдар мен ұсыныстарын қарап, шешімдер мен жауаптар әзірлейді. Бөлім бастығының, бөлімнің жоспарлары мен бағдарламалары жөніндегі тапсырмаларды орындайды. Аяқталмаған құрылыс объектілеріне бақылау жасайды, есеп жүргізеді;
3.3. Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді;
3.4. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3.5. Азаматтардан, ұйымдардан келіп түскен хат-арыздарды қарайды;
3.6. Арыз бойынша жұмыс жасайды;
3.7.Көріктендіру, жарықтандыру, тазалау және жасылдандыру жұмыстарының кемшіліктерін жою үшін хабарлама береді;
3.8. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдылықтың бұзылуын жою үшін шара қолданады;
3.9. Жоғары тұрған органдардан келіп түскен құжаттардың орындалуын қадағалайды;
3.10. Қала аумағында құрылысы салынатын, қайта жөнделетін және аумақтары абаттандырылатын нысандарды тексереді, суретке түсіреді, құжаттарын әзірлейді;
3.11.Көктемгі, күзгі тазалау жұмыстарын үйлестіреді;
3.12 Қоршаған ортаны және оның түрлерін жақсарту үшін іс-шаралар ұйымдастырады.
3.13.Құрылысы аяқталған тұрғын үй – азаматтық, коммуналдық, өндірістік маңыздағы объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысады.
4.Жауапкершілігі
4.1. Әкімшілік мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы №321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ережесіне сәйкес тәртіптік жазаға тартылады.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.