Сейсенбі, 19 Маусым 2018
Қаланың аграрлық секторындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын 29 ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 366 шаруа қожалықтары, 39 шағын қайта өңдеу кәсіпорындары (24 шағын-наубайхана, 2 шағын диірмен, 5 шұжық цехтары, 3 шағын сүт зауыты және т. б.).

Лауазымдық міндеттер

«Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы
Е-R-1 санаты

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басқару, өзіне жүктелген міндеттер үшін жауап беру. Ауыл шаруашылық салаларын дамыту мен болжау, салалық бағдарламаларды даярлау. Қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді. Ауыл шаруашылық жұмыстар барысын, шығарылатын және өндірілетін өнімнің сапасын бақылау.
Агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру.  Жер қатынастары және ауыл шаруашылық өндірістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу.


«Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ бас маманы
Е-R-4 санаты

Ауыл шаруашылық бойынша құқықтық актілердің талаптарын орындау бойынша қаланың ауыл шаруашылық жұмыстарын үйлестіреді. Ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгіленген тәртіпте және үлгіде ауыл шаруашылық есептілік жүргізу, оларды облыстық ауыл шаруашылық басқармасына тапсырады. Мемлекеттік жергілікті атқарушы органдардың құрылыдарына, ауыл шаруашылық саласында қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік басшылық жасау, олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау. Бөлім басшысының өзге де тапсырмаларын орындау. Өз құзыры шегінде ағымдағы мәселелерді шешу. Ауыл шаруашылық бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына өз құзыры шегінде дербес жауапкершілікті атқарады.
Ауыл шаруашылық жұмыстар барысын, шығарылатын және өндірілетін өнімнің сапасын бақылау.
Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу.


«Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ бас маманы
Е-R-4 санаты

Мемлекеттік техникалық инспекция - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын мемлекеттік қызмет көрсету, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу. Бөлім басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.
Көлік құралдары мен тіркемелерді пайдаланатын, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тіркеу және есепке алу; оларды жүргізу құқығына емтихан қабылдау және куәлік беру; кепілге қойылған қозғалмалы дүние-мүліктің (машиналардың) мемлекеттік тіркеу; кепілге қойылған қозғалмалы дүние-мүліктің (машиналардың) ауырпалығы бары немесе жоғы туралы мәлімет береді.
Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу.




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.