Сәрсенбі, 24 Қазан 2018
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Талдықорған қаласы бойынша 2017 жылғы толық атқарылған іс – шаралар,
егістік алқабына егілген көлемі және алынған өнімі туралы мәлімет.
 
2018 жылыдың 01 қаңтарына ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі (ИФО) 16268,2 млн. теңге, 102,8 % құрады, оның ішінде мал шаруашылығы 103,5 %, егін шаруашылығы 101,6 % болды.
Мал басы бойынша: 2018 жылдың 01 қаңтарына, МІҚ – 5556 бас былтырғы жылмен салыстырғанда 108,7 %, ҰММ – 18533 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 89,9 %, Түйе – 26 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 113,0 %, Жылқы – 2179 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 115,9 %, шошқа – 984 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 124,2 %, құс 1556534 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 104,9 % көрсетті.
2018 жылдың 01 желтоқсанына қала бойынша, мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға өткізілгені- 2563 тонна, 105,3 %, сиыр сүті – 5807 тонна, 106,3 %, тауық жұмыртқасы 322901 дана 104,4 % болды.
Талдықорған қаласы бойынша жалпы 356 шаруа құрылымдары бар, оның ішінде 14 ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), 2 АҚ (акценерлік қоғамы), 3 АӨК (агроөнеркәсіптік кешені), 337 шаруа қожалықтары. Егін шаруашылығымен 309 мал шаруашылығымен 47 шаруа құрылымы айналысады.
2017 жылдың басынан 7 шаруа қожалықтары 7 дана ауылшаруашылық техникасын «КазАгроФинанс» арқылы 46 545 000 теңгеге лизингке алынды.(«Алмаз» ш/қ, трактор ТЕ354 – 3 790 000 теңге өз қаражатына, Елеусизов Мади Сайынович, трактор Беларус 952,2 – 7 180 000 теңге өз қаражатына, «Мақанов А.Ш» ш/қ трактор беларус 82,1 – 6 480 000 «КазАгроФинанс» арқылы лизингке, «Думан» ш/қ трактор беларус 82,1 – 6 480 000 теңгеге «КазАгроФинанс» арқылы лизингке, «Сайлыбаев Д.Р» ш/қ трактор беларус 1025,2 – 9 480 000 теңгеге «КазАгроФинанс» арқылы лизингке, «Софин А.А» трактор беларус 82,1 – 6 500 000 теңге өз қаражатына, «Самай» ш/қ трактор Беларус 892 – 6 750 000 теңге өз қаражатына).
2018 жылдың қаңтарына 2529 бірлік ауыл шаруашылық және жол – құрлыс машиналары тіркеуге тіркелді, оның ішінде 1055 тракторлар, 130 комбайн, тіркемелер 371, жол құрылыс техникасы 947, қаршаналар 25. 2014 жылдың 4 маусымынан Е-лицензиялау мемлекеттік бағдарламасы бойынша «НИТ» АҚ арқылы жүзеге асырылады.
2017 жылға ауыл шаруашылығын қаржылый қолдауға барлық бюджет қаражаты қосымша несиелендіру 1 854 447,0 теңге қаражат бөлінді (республикалық бюджет 154 877, жергілікті 1 409 291, несиелендіру «ҚазАгро ҰБХ»АҚ арқылы 290 280 теңге) оның ішінде егін шаруашылығына 57 002,1 млн. теңге, мал шаруашылығы 1 092 304,6 теңге, қайта өңдеуге 23 635,8 млн. теңге, фитосанитарияға 8 460,5 млн. теңге, ветеринарияға 25 350,2 млн. теңге, несиелендіру («ҚазАгро ҰБХ»АҚ) 290 280 млн. теңге, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 209 763,0 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдау субсидиялау 7 966,8 млн. теңге, жанар – жағар май және басқа да материалдық құндылықтар құнын арзандату субсидиалау 33 198,1 млн. теңге инвестициялық салым шығыстарын субсидиялау 147 651,0 млн. теңгені құрады. Егін және мал шаруашылығы бойынша 98 шаруа қожалығы субцидия алды.
2015 жылы егістік алқабы 5808 гектарды құраса, 2016 жылы 256 га ұлғайтылып 6053 гектарға егілді. 2017 жылға жалпы егістік көлемі 6566 гектарға яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда 513 гектарға артты.
Бидай 22 гектардан орташа өнімділігі 20 ц/га, жалпы жиналған өнімі 44 тонна.
Арпа күздік 70 гектардан орташа өнімділігі 24 ц/га, жалпы жиналған өнімі 168 тонна.
Арпа жаздық 447 гектардан орташа өнімділігі 21,9 ц/га, жалпы жиналған өнімі 978 тонна.
Сұлы 15 гектардан орташа өнімділігі 22 ц/га, жалпы жиналған өнімі 33 тонна.
Қытай бұршағы 3152,6 гектардан орташа өнімділігі 21,1 ц/га жалпы жиналған өнімі 6653 тонна.
Сафлор 29 гектардан орташа өнімділігі 15,9 ц/га, жалпы жиналған өнімі 46,1 тонна.
Картоп 727 гектардан орташа өнімділігі 185,1 ц/га жалпы жиналған өнімі 13457 тонна.
Бақша 92 гектардан орташа өнімділігі 163,1 ц/га , жалпы жиналған өнімі 1500 тонна.
Жүгері 40 гектардан орташа өнімділігі 40,7 ц/га жалпы жиналған өнімі 163 тонна.
Күнбағыс 19 гектардан орташа өнімділігі 13 ц/га жалпы жиналған өнімі 24,7 тонна.
Көкөніс 1093 гектардан орташа өнімділік 231,9 ц/га, жалпы жиналған өнімі 25586 тонна.
Жоңышқа 691,4 гектардан орташа өнімділік 47,8 ц/га, жалпы жиналған өнімі 9926,7 тонна. Сүдергі жырту жер көлемі (подьем зяби) 1200 гектар болды.
2017 жылы жалпы алынған қант қызылшсы тұқымы 134 егіс бірлігіне, франциялық «ардан» тұқымынан 68 егіс бірлігі және 66 егіс бірлігіне германиялық «гримм» тұқымын 27 наурыз айында алынды. Қант қызылшасы 92 гектар жерге 50 см аралықта егілді. Егу мерзімі 2017 жылдың 30 сәуір мен 11 мамыр аралығы. Жинау мерзімі 25 қыркүйекте басталып 12 қарашада аяқталды, жалпы 92 гектардан 3220,27 тонна алынынса оның 2955,3 тоннасы қант зауытына 266 машина өткізілді, 225 тонна мал азығына дайындалды. Өнімділігі 350 центенер гектарынан айналды. Жоспары бойынша 92 гектардан 3220 тонна қант қызылшасын жинау толық орындалды.
2017 жылдың көктемгі (наурыз, сәуір, мамыр) егіс жұмыстарына 225 тонна және күздік жинау науқанына (шілде, тамыз, қыркүйек) 177 тонна жанар – жағар майы 130 теңгеден бөлініп толық игерілді.
Шаруа қожалықтарында астық сақтайтын 3 қоймалар бар («Самай», «Нива», «Жер-Ана»). Астық сақтайтын қоймалар толық талаптарға сай жабық үлгіде салынған, жалпы көлемі 3812 кв.м. құрайды, сыйымдылығы 8000 тонна.
Тұрғындарды көкөністер, жеміс - жидектермен қамтамасыз ету мақсатында қала маңында 8 жылыжай жалпы көлемі 8360 шаршы метірді құрайды, жиналған өнім 1 айналым 110 тонна, 2 – айналымда 64,1 тонна болды.
Көкөніс жеміс – жидек сақтауға қала маңында 11 қойма бар, сыйымдылығы 14800 тонна. 2017 жылы қоймаға жалпы 7520 тонна, оның ішінде көкөніс – 3250 тонна, жеміс-жидек – 1554 тонна, картоп 2716 тонна сақталуға салынды.
2017 жылдың 01 қазанына 1000 бастық 6 мал бордақылау алаңына бордақылануға 1000 бас ірі қара малы қойылып 100 % құрады. (1. «Қайрат» ш/қ 300 басқа, 2. «Жер -Ана» ӨАК 200 басқа, 3. «Самай» ш/қ 100 басқа, 4. «Аманбаев» ш/қ 200 басқа, 5. «Бірлік» ш/қ 100 басқа, 6. «Тукбетов» ш/қ 100 басқа).
Талдықорған қаласында 31 қайта өңдеу кәсіпорндары бар, оның ішінде 16 шағын наубайхана, 1 шағын диірмен, 1 макорон цехы, 3 сүт зауыты, 2 шұжық цехы, 1 құс фермасы, 2 мал азығын дайындайтын цехы, 4 мал және құс сою алаңы, 1 мал сою пункіті тұрақты жұмыс істеуде.
2017 жылдың 28 наурызында «Көгер ЛТД» ЖШС 81270 (сексен бір мың екі жүз жетпіс) бас балапан Германиядан сатып алынып, жұмыртқа көлемін 1,5 есеге арттырды. Сонымен қатар тамыз айында 105 840 (жүз бес мың сегіз жүз қырық) басқа тауық көлемін артыру мақсатында кеңейтілген цехтар ашылды.
2008 жылдан «Сардар ЛТД» ЖШС қуаттылығы күніне 75-80 тонна «Алтын емел» атауымен ұн шығарды. 2017 жылдың қаңтарынан бастап 18000 нан өнімін шығаратын, жаңа үлгідегі ресейлік құралдарымен 4 пеш қойылып, 8000 – 12000 дана нан өнімдері 367 дүкендерге 55 теңгеден жіберілуде.
2017 жылдың қаңтарында жалпы көлемі 3000 шаршы метірді құрайтын «ОптМаркет» ЖШС ашылды. Көтерме сауда орталығында 1944 шаршы метірге орналастырылған 14 тоңазтқыш жаңа үлгідегі жалпы көкөніс және жеміс – жидек сақтайтын сиымдылығы 5 мың тонна камерасы бар, оның 10 камерасы 0 - +8 градус температураны ұстайтын болса 4 камерасы 0 – - 18 градус температураны ұстайтын мұздатқыш қойылған, алғашында 75 адам жұмыспен қамтылған болатын. 2017 жылы 4 кеңейтілген обылыстық жәрмеңке ұйымдастырылды. Алайда, автобустар жүйелі түрде жүрмегендіктен «ОптМаркет» ЖШС саудасы қазан айынан тоқтатты. Ауыл шаруашылық құрылымдарының өнімдерін қабылдап, сақтап сатуға кооператив құру жоспарлануда.
Қаладағы қайта өңдеу кәсіпорындары мен тауар өндірушілері қала тұрғындарына арзан бағамен ет және көкөніс пен қамту мақсатында әр сенбі сайын «Жерұйық» коммуналдық базарында 52 жәрмеңке, «ОптМаркет» көтерме сауда орталығында 4 жәрмеңке, Алматы қаласында кеңейтілген төрт жәрменке, Астана қаласында 3 жәрмеңке өткізіледі. Сонымен қатар, өткен әр жәрменкеге ет өнімі 850 кг, жеміс – көкөністер 4 тонна, сүт өнімдерінің 54 түрі жалпы 3 - 4,0 млн. теңгенің шамасында Талдықорған қаласының ауылшаруашылық өнімдері ұсынылды.
«Талдықорған - Жерұйық АӨК» ЖШС жылыжайынан 39077 кг қияр, 29317 кг қызанақ, 331 кг қырыққабат және 23 гектар алма бағынан 10380 кг алма өнім алынды. Жерұйық базарына жақын орналасқан Коксу, Ескелді, Ақсу, Сарқант, Қаратал, Кербұлақ (көбіне ет, картоп), аудандарынан жалпы саны 250 – 300 сатушылар сенбі күндері қатысады. Жәрменкеде барлық ет түрлерінен 8-10 тонна дан астам келеді, балық 11 орында 1-2 тонна, тауық өнімдері 6 орында 2-3 тонна, көкөніс, жеміс –жидек (қияр, қызанақ, алма, алмұрт, жүзім, картоп, қырыққабат, сәбіз т.б) 30-40 тоннадан астам сенбі сайын сатылады.
«Жерұйық базарында» нарықтық бәсекелестік болғандықтан жұмыс күндеріне қарағанда қала тұрғындарына қолайлы және арзан бағамен тиімді болды.
Мал шаруашылығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Мақан Алмас» шаруа қожалығы 90 бас сиыр 5 бұқа сатып алуға «Талдықорған Агро» несие корпорациясы арқылы 19 млн теңге алып 150 пайызға орындалды.
«Алтын Асық» бағдарламасы бойынша «Жетісу Асыл Тұқым» АӨК 381 бас асыл тұқымды қошқарды 23 060 000 теңге сатып алынып 110 пайызға шықты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауының төртінші басымдығында «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек», басты көңіл бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативке тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау керек делінген.
Жалпы қала бойынша 2017 жылы 5 кооператив 72 мүшеден құрылды, (1. ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Еркін ауылдық округінде «Сарбұлақ 1» 9 шаруа құрылымдары бірігіп мал шаруашылығы және егін шаруашылығы негізінде кооператив құрды. 2. 2017 жылдың 6 ақпанында Өтенай ауылдық округінде «Бақдәулет Төлепберген» 3 шаруа құрылымдары бірігіп егін шаруашылығы негізінде ауылшаруашылық кооперативтері құрылып 17 мүше хаттама арқылы енгізілді. 3. 2017 жылдың 01 маусымында «Еркін» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 4 құрылтайшы 20 мүшеден тұратын кооператив құрылды. 4. 2017 жылдың 21 қазанында «ADL Ынтымақ» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 3 құрылтайшыдан жылыжай мақсатында көкөніс өсірумен айналасу мақсатында құрылды. 5. 2017 жылдың 07 қарашасында «ADL Алға» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 20 мүшеден жылыжай мақсатында көкөніс өсірумен айналасу мақсатында құрылды).
Қала бойынша фермерлік шаруашылықтардың мүйізді ірі қара мал төлін селекциялық – тұқымдық жұмысының ақпараттық - талдау жүйесіне (АТЖ) тіркеу арқылы есебі бойынша 19 бас асыл тұқымды бұқа ақпараттық- талдау жүйесіне (АТЖ) тіркеліп 48% -ды құрады.
Қала бойынша 132,2 км арық жүйесі бар. (оның ішінде 75,4 км. коммуналдық меншікте, 56,8 км. иесіз болып табылаған. Иесіз болып табылған 56,8 км арық жүйесі, Талдықорған қалалық сотының 2014 жылғы 9 маусым № 2-2228-14 коммуналдық меншікке алу туралы шешіміменен, куәліктерін және тіркеуге қоюға, құжаттарын рәсімдеуге 2016 жылы жалпы 5 660,0 теңге қаражатты жергілікті бюджеттен бөлініп, құжаттары заңды рәсімделіп, қаражат толық игеріліп, Қазсушар мемлекеттік мекемесіне өткізіліп берілді. 2016 жылы ирригациялық желісін жүргізу жұмыстарына Кемеращи, Еңбек, Шығыс арық жүйесіне 239,422 мың теңге Талдықорған тұрғын – үй коммуналдық мекемесі арқылы қаражат бөлініп, арық жүйесінің жалпы ұзындығы 15900 метрді құрады (Кемеращи 4776м, Еңбек 7188м, Шығыс 3936м), игерілген қаражаты 227,900 мың теңге, жасалған арық жүйесінің ұзындығы 11860 метр (Кемеращи 4456м, Еңбек 3468м, Шығыс 3936м). Қалған қаржы 11,331мың теңге, арық жүйесінің ұзындығы 4040 метр жасалуға (Кемеращи 320м, Еңбек 3720м) 2017 жылға өтті. Канал жүйелерін жөндеу жұмыстарын «ВМNК Сервис» ЖШС толық орындады).
Ауыл шаруашылық бөліміне жыл басынан 1464 хаттар келіп түсті оның ішінде кіріс – 914, шығыс – 550. Жалпы өтінім – 40, жеке тұлғалардан – 32, заңды тұлғалардан – 8 өтінім түсіп уақытылы толығымен жауап берілді.
2017 жылдың наурыз айынан 24 тамызына дейін 2014 – 2017 жылдар аралығындағы мемлекет тарапынан берілетін субсидия талаптары бойынша, қалалық прокуратурасы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі және Мемлекеттік Кіріс Департаментінің Экономикалық тергеу қызметі, Мемлекеттік ішкі Аудит Депертаменті бірлесе қылмыстық тексеру жұмыстары жүргізіліп нәтижесінде қылмыстық іс анықталмады.
Ауыл шаруашылығы бойынша өзекті мәселе:
Суғармалы жер алқаптарын ұлғайту бойынша «Балақты» өзенінен алынатын сиымдылығы бес миллион текше метірді құрайтын «Дауылбай», «Көктал», «Алмалы» су жүйелерін қамтамасыз ету үшін, су қоймасы салыну жұмыстары анықталуына үш миллион қаражат бөлінді. Су қоймасының жобалық сметалық құжаттарын дайындау қаражат бөліну жоспарлануда.
Бүгінгі күнде «Дауылбай» каналынан 700 – 800 литр су берілудің орнына 300 литр арық суы 20 шаруа қожалығының 400 га жеріне әзер жетуде. Су қоймасы салынған жағдайда 1500 гектар алқапты 3 куб. текше метр арық суымен толық қамтамасыз етуге болады.
Қант қызылшасының көлемін 300 – 350 гектарға ұлғайту бағытында Талдықорған қаласы бойынша сервистік дайындау орталығын ашу қажет.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.