Сейсенбі, 18 Желтоқсан 2018
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Лауазымдық міндеттер

Бөлім басшысының міндеттері
 
1. Ветеринария бөлімінің жұмысын басқарады және ветеринария бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті артады. Қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді;
2. Бөлім қызметкерлеріне заңнамаларға сәйкес әкімшілік жаза қолданады, сөгіс жариялайды;
3. Өз құзіретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;
4. Жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс – шараларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
5. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекітеді;
6. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;
7. Облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізеді;
8. Қала аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізеді;
9. Мемлекеттік қызметте болуына сәйкес Заңдарда белгіленген шектеулер мен талаптарды, этика нормаларын және ішкі еңбек тәртібін сақтау.
 
Бөлім басшысының жауапкершілігі
 

Лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді атқармағаны үшін мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтамағаны үшін, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді бұзған және сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес жауапкершілігі қарастырылады.


Ветеринариялық бақылау және қадағалау сектор меңгерушісінің міндеттері
 
1) Қала аумағында толық көлемде ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізу.
2) Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
3) Мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) Ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
5) Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
6) Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
7) Қала аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
8) Уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
9) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмысын жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
10) Ветеринариялық есепті алу мен есептілікті әзірлеу, талдау және оларды белгіленген тәртіпке сәйкес ұсыну;
11) Қала аумағында ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
12) Өз құзыры шегінде ағымдағы мәселелерді шешу;
13) Іс жүргізу, келіп түскен құжаттарды мерзімінде орындау;
14) Қалаға және тиісті аумағына басқа мемлекеттерден жұқпалы ауруларды әкелінуіне және таралуына жол бермеу;
15) "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету;
16) "Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету;
17) «Рд- портал» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бойынша мемлекеттік деректер қоры "Е-лицензиялау" жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
18) «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бойынша жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
19) Бөлімнің істер номенклатурасы бойынша құжаттарды жыл соңында мұрағатқа өткізу
20) Бөлім басшысымен бекітілген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Бас маманның міндеттері
 
1) Ішкі сауда обьектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізу;
2) Ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
3) Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп- қарауды жүргізу және эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
4) Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
5) Қала аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
6) Уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
7) Ветеринариялық есепті алу мен есептілікті әзірлеу, талдау және оларды белгіленген тәртіпке сәйкес ұсыну;
8) Өз құзыры шегінде ағымдағы мәселелерді шешу;
9) Іс жүргізу, келіп түскен құжаттарды мерзімінде орындау;
10) Қалаға және тиісті аумағына басқа мемлекеттерден жұқпалы ауруларды әкелінуіне және таралуына жол бермеу;
11) Халыққа қызмет көрсету орталығы үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бойынша жұмысты ұйымдастыру
12) Бөлімнің істер номенклатурасы бойынша құжаттарды жыл соңында мұрағатқа өткізу



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.