Сәрсенбі, 22 Тамыз 2018
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

2017 жылы атқарылған жұмысы туралы
АҚПАРАТ

 

«Талдықорған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басты мақсаты Талдықорған қаласы бойынша ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

2017 жылға Талдықорған қаласына 011 - «Эпизоотияға қарсы іс- шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша ветеринариялық препараттарды қолдану үшін 15 млн. 575 мың теңге бөлініп, толық игерілді.
009 «Энзоотиялық іс- шараларын жүргізу» бағдарламасы бойынша – 95 мың теңге бөлініп, толық игерілді.
Жануарлардан қан алу және ветеринариялық профилактикалық егу іс-шаралары жоспарға сәйкес наурыз айынан басталып төмендегі көрсеткіштер бойынша атқарылды.

Ірі қара малы.
1.Қалада 10249 бас ірі қара малын екі рет қан алу арқылы бруцеллез ауруына серологиялық әдіспен тексеру жоспарланса, олардан толық қан алынып, зертханалық тексеру нәтижесінде Еркін ауылдық округінен (Турай Рахат) 1 бас ауру мал анықталды. Бұл малдар басқа малдардан оқшауланып, бес күн ішінде ветеринарлық талапқа сай "Рауан" мал сою пунктіне қайта өңдеуге өткізіліп, мал иесіне 66985 теңге көлемінде өтем ақысы төленді.
2. Туберкуллезге тексерілгені – 13000 бас, нәтижесі таза
3. Сібір жарасына егілгені -7000 бас
4. Аусыл ауруына егілгені – 14600 бас
5. Пастереллез ауруына егілгені – 7000бас
6. Қарасанға қарсы егілгені - 9000 бас
7. Құтыру ауруына егілгені - 400 бас
Қой –ешкі.
1.бруцеллезге зерттелгені – 34284 бастан қан алынып бруцеллез ауруына теріс нәтиже көрсетті.
2. Эпидидимит қошқар – 2027 бастан қан алынды
3.Құтыру ауруына егілгені - 600 бас
4.Күлге қарсы егілгені - 26950 бас
5. Брадзот зілді домбығуға егілгені - 10000 бас
6.Аусыл ауруына егілгені – 54000 бас
7. Эктемаға қарсы егілгені - 9800 бас
8. Сібір жарасына егілгені -27000 бас
9.Пастереллез ауруына егілгені – 25000бас
Жылқы.
1. бруцеллезге зерттелгені – 58 бастан қан алынып бруцеллез ауруына теріс нәтиже көрсетті .
2. Құтыру ауруына егілгені - 100 бас
3. Маңқаға ауруна тексерілгені - 1080 бас, нәтижесі таза
4. Сібір жарасына егілгені -2000 бас
5. Пастереллез ауруына егілгені – 1000бас
6. Сақауға қарсы егілгені - 700 бас
7.Іш тастауға қарсы егілгені - 796 бас
Шошқа.
1.бруцеллезге зерттелгені – 1085 бастан қан алынып бруцеллез ауруына теріс нәтиже көрсетті.
2. Туберкуллезге тексерілгені – 2550 бас, нәтижесі таза
3. Сібір жарасына егілгені -1600 бас
4. Пастереллез ауруына егілгені – 1600бас
5. Аусыл ауруына егілгені – 200 бас
Түйе.
1. бруцеллезге зерттелгені – 14 бастан қан алынып бруцеллез ауруына теріс нәтиже көрсетті.
2. Сібір жарасына егілгені -10 бас
3.Оба ауруына егілгені -40 бас
Иттер.
1.Бруцеллезге зерттелгені – 140 бастан қан алынып бруцеллез ауруына теріс нәтиже көрсетті.
2.Құтыруға қарсы егілгені - 9500 бас
3. эхинококкозға дәріленгені - 22300 бас
Мысық.
2.Құтыруға қарсы егілгені -400 бас
Құс.
1.Құс тұмауына егілгені -9000 бас

006 «Ауру жануарлардың санитарлық сойылымын үйымдастыру» бағдарламасы бойынша 43 мың теңге бөлінді, оның 20 мың теңгесі атқарылған жұмыстарға аударылды, 23 мың теңгесі бюджетке қайтарылды.
007 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 7 млн 300 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға қала тұрғындарынан 1103 тапсырыс түсіп, сол тапсырыстар бойынша 2538 бас қаңғыбас иттер мен 171 бас мысықтар ауланып жойылды. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар арнайы құрылған комиссияның қатысуымен қаланың мал қорымында жойылады.
008 «Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша 286 мың теңге бөлінді, оның 66 мың 985 теңгесі ауырған мал иесінің есеп шотына аударылды, басқа ауру малдар анықталмағандықтан 219 мың 015 теңгесі бюджетке қайтарылды.
010 "Ауыл шаруашылық жануарларды бірдейлендіру" жұмыстарының атқарылуына 1млн 006 мың. теңге бөлінді, оның атқарылған жұмыстарға қаражаты толық игерілді.
Компютерлік дерек қор базаларын жаңарту жұмыстарына 711 мың теңге бөлініп, толық игерілді.
Жыл бойы 5978 бас мүйізді ірі қара, 19310 бас қой-ешкі, 1106 бас шошқа, 2234 бас жылқы, 26 бас түйе бірдейлендіріліп, компютерлік дерек қор базасына енгізілді, оның ішінде бірдейлендірілген төлдер бұзаулар - 1780 бас, қозы-лақ- 7866 бас, торай - 836 бас, құлын - 412 бас, бота - 5 бас.
2017 жылы бруцеллез ауруымен 32 адам ауырғаны анықталды, ауласын тексерген кезде 25 аулада ешқандай мал басын ұстамайтыны анықталды, 7 адамның ауласынан 4 бас ірі қара, 20 бас ұсақ мүйізді мал, 7 бас жылқы, 12 бас ит ұстайтынын анықтадық, үй жануарларынан қан алып тексергенде нәтижесі таза болды.
2017 жылдың басынан бері ішкі сауда объектілеріне ірі қара мал - 2709 ұша, ұсақ мүйізді мал - 2118 ұша, шошқа - 2283 ұша, жылқы - 966 ұша, 1688 тауық еті, 188 мың 386 дана жұмыртқа, 51 тонна 540 кг балық түсіп, сатылымға жіберілді.
Талдықорған қаласы бойынша жеке және заңды тұлғаларға 5 есептік нөмірі ұзартылып, 11 есептік нөмір және 22 ветеринариялық санитариялық қорытынды берілді.
Халық арасында ветеринариялық жұмыстарын насихаттауды жүргізу мақсатында «Талдықорған» газетіне 11 мақалалар, "Жетісу" теларнасына 2 сұқпат берілді және қала әкімінің сайтына конкурстарды өткізу, мал сою пунктері мен алаңдарының жұмысы, жануарлардың егу-тексеру шараларының жүргізілуі, мал өлексесін тастайтын қорымдар, ауыл шаруашылық жануарларының бірдейлендірілуі және қаңғыбас ит-мысықтарды аулау және басқа да жаңалықтар жөнінде ақпараттар беріліп, бөлімнің жұмыстары атқарылуда.
Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабында көрсетілген мал өсіретін жеке және заңды тұлғалардың орындайтын міндеттері және атқарылатын ветеринариялық іс-шаралары жөнінде жадынама ретінде дайындалып, қала бойынша әр мал иелеріне қол қойдырып алу арқылы таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін түсініктеме жұмыстары жүргізіліп тұрады, осы тақырыпта 27 қараша күні қала бойынша орналасқан жекеменшік ветеринариялық зертхана меңгерушілерімен дөңгелек стол өткізілді. Бөлімде азаматтардың арыз-шағымдарын түсіретін арнайы жәшік орнатылған. Жалпы 2017 жылы ветеринария бөліміне жеке тұлғалардан өтініш келіп түскен жоқ.
Талдықорған қаласы бойынша сібір жарасының стационарлы қолайсыз пункттері тіркелген жоқ.
Қаланың эпизоотиялық жағдайын тұрақты және қалыпты түрде сақтау үшін, атқарылатын барлық ветеринариялық іс-шаралар ветеринариялық инспекция және денсаулық сақтау басқармасы мен бірлесіп жүргізілуде.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.