Сәрсенбі, 22 Тамыз 2018
Оңтүстік өнеркәсіптік аймағы, "Талдықорған" индустриялық аймағының бос алаңдары, дамыған өндірістік инфрақұрылымы, дамыған әлеуметтік инфрақұрылымымен ұштастырылған қолайлы су және экологиялық жағдайлары бар.

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

 
Талдықорған қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің
2017 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат.
 
Бүгінгі күні Талдықорған қаласының аумағында 23 мәдениет мекемелері жұмыс атқарады, оның ішінде 14 мекеме қалалық, қалған 9-ы облыстық болып табылады.
14 қалалық мекемелерде - 3 мәдениет Үйі, 2 клуб, 9 кітапхана бар.
Олар:
  • В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы
  • Қалалық орталық балалар кітапханасы
  • Қалалық №2 кітапхана филиалы
  • Еркін ауылдық №3 кітапхана-клуб филиалы
  • Еңбек ауылдық №4 кітапхана-клуб филиалы
  • Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы
  • Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалы
  • 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалы
  • Учхоз ЗВТ №8 кітапхана филиалы
Мәдениет үйлері:
  • «Өтенай ауылдық мәдениет үйі»;
  • Еңбек ауылдық мәдениет үйі
  • Мойнақ ауылдық мәдениет үйі
Клубтар:
  • Нашар көретіндер клубы
  • Нашар еститіндер клубы
Сондай-ақ, қалада "Халықтық", "Үлгілі" атағы бар, 2 мыңнан астам бала, 1857 жастар мен 100-ден астам аға буын өкілдері жұмылдырылған 21 шығармашылық ұжымы жұмыс атқарады.
 
Қала аумағында орналасқан мемлекеттік тізіміне енгізілген 21 тарихи мәдениет ескерткіштері бар. Ескерткіштер Талдықорған қаласының «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің есебінде тұр, әрбір ескерткіште паспорты және есепке алу карточкалары бар. Ескерткіштерді аптасына екі рет «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ-нің келісім шартымен «Шымыр" ЖШС тазалап күту жұмыстарын жүргізеді.
2017 жылы «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі және оған бағынысты ведомстволық мекемелері бөлімнің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөнінде үлкен жұмыс атқарды.
Жыл басынан бері бөлімде 1744 іс-шаралар өткізілді. Іс-шараға 78000 адам қатысты. Жұмыстар әр түрлі бағытта жүргізілді. Бұл жұмыстар: балалар шығармашылығының дамуына байланысты, өскелең ұрпақпен, жастармен, қарт адамдармен жұмыстар, халықтың бос уақытын ұйымдастыру іс-шаралары және де мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары.
Мемлекеттік іс-шараларға, кәсіби мерекелерге, мерейтой күндеріне, жаңа нысандардың және спорт жарыстарының салтанатты ашылуы, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі облыс аумағында ұйымдастырылған сондай-ақ, бөлімнің жылдық жоспарына сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізілді. Мысалы, мамыр айында «Балдәурен» балалар шығармашылығы байқауы биылғы жылы бесінші рет өткізілді. Бұл байқаудың мақсаты дарынды балаларды анықтау, дайындау және қамтамасыз ету, оларды одан әрі облыстық, республикалық конкурсқа дайындау. Жыл сайын осы байқауға, барлық мектепке дейінгі білім беру мекемелері белсене қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленеді.
Сондай-ақ, жыл сайын «Мисс Талдықорған» сұлулық байқауы өткізіліп тұрады. Биылғы жылы «Мисс Талдықорған – 2017» атағын ҚМЭБИ 3 курс студенті Жұмагұл Жадыра иеленді. Байқау жеңімпазы Астана қаласында өтетін «Мисс Қазақстан» Ұлттық сұлулық байқауына жолдама алды.
Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды насихаттау мақсатында Наурыз мерекесі қарсаңында түрлі ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгерген, қазақ халқының салт-дәстүрлерін білетін жас арулар арасында «Наурыз Аруы» атты байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан жеңімпаздарды 22 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде «Жастар» саябағының орталық сахнасында Алматы облысының әкімі А. Ғ. Баталов марапаттайды.
Тілдерді дамыту бағдарламасы бойынша бөлімнің ұйымдастыруымен қала аумағында әр түрлі жастағы және әр түрлі ұлттардың өкілдері қатысатын 10 тілдік байқаулар өткізіледі. Мысалы, өткізілген қалалық байқаулардың қорытындысы бойынша облыстық және қалалық байқауларда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған Талдықорғандық жеңімпаздарды атап өтуге болады.
Бұл:
  • Тараз қаласында өткен «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты Республикалық байқауында 3 жүлделі орынды иеленді.
 
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Занының талаптарына сәйкес ішкі және сыртқы жарнамаларды жазуда және қала ішінде орналастыруда мамандар арасында акциялар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және әдістемелік көмек қорсету жұмыстары жүргізіледі.
Жыл басынан осындай талаптарды бузышылық бойынша 34 рейд жүргізілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының аясында 331 объектіге зерделеу жұмысы жүргізілді, оның ішінде 328 талапқа сай емес. Бүгінгі күні осы мәселе бойынша объектердің 90% талапқа сай түзетілген. Облыстық Ономастика комиссиясының төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Ж.Омардың бастамасымен құрылған «Тіл және ономастика» жұмысшы тобымен, әр тоқсанда 1 рет тұрғындардың көшелерін, ауылдарды және т.б. ономастика саласындағы сұрактармен кездесулер өткізіледі, соның ішінде Еркін және Өтенай ауылдық округі сонымен қатар бөлім қызметкерлерінің күшімен жаранама агенттері ірі сауда орындары, шағын кәсіпкерлерімен және халыққа қызмет көрсету орындарымен және «Жолаушыларды тасымалдау орталығы» бөлімімен семинар-кеңестер өткізіліп тұрады. Бул шараларда Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық», «Жарнама» туралы заңдары бойынша сөздіктер,буклеттер таратылады. Жыл сонында «Тілдер фестивалі» ұйымдастырылып, жыл қортындысы бойынша мемлекеттік тілді насихаттау барысында мемлекеттік мекемелерімен жеке қасіпкерлер Алғыс хаттары және Дипломдармен марапатталды. КАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметкерлер, оқу орындары және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері сертификаттық және диагностикалық тестілеуге қатысып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында реестрге «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 10 жоба еңгізілді, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 1 жоба. «Рухани жаңғыру» бағдарлама бойынша 2017 жылы 126 шара жоспарланып ұйымдастырылды. Онын ішінде 15-сі латын қәрпіне көшу бойынша Республика және облыс тіл мамандардың қатысуымен өткізілді. Халыққа түсіндіру мақсатында семинар, дөнгелек үстел, танымды сағаты және басқа да түрлері өткізілді.
Биылғы жылы алғаш рет 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні облыстық білім басқармасымен бірлесіп, 3 мыңнан астам бала қатысқан шеру өткізілді. Қала күні аясында әр түрлі жастағы халықтың барлық топтары үшін ауқымды іс-шаралар өткізілді.
Іс-шарада балалар мультфильмінен бастап цирк қойылымдары, «ТК-THE BEST CITУ», «КТК», ойын-сауық, жастар бағдарламалары және аға буын өкілдеріне ретро кештер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қала тұрғындары Қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнерлерін тамашалап қана қоймай, сонымен қатар қаланың шағын және орта бизнесі мен ірі кәсіпорындарының дайындаған әр түрлі көрмелерімен, қаладағы медициналық және оқу ұйымдарының жұмысымен танысты. «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі ұйымдастырған барлық іс-шаралары газет беттерінде, интернет-ресурстарында, бөлімнің және Талдықорған қаласы әкімдігінің сайтында уақытылы жарияланып тұрады.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.