Сәрсенбі, 22 Тамыз 2018
Талдықорған Жетісу аймағы Қаратал өзенінің бойында Жоңғар Алатауының батыс жағында орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 км, батыстан шығысқа – 17,5 км созылып жатыр, теңіз деңгейінен 650 м-ден астам биіктікте орналасқан.

Қызметтері мен мақсаттары

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствосында:

1) «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі;

2) «Тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар.

3. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер мен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тауелсіздік көшесі, №35«А».

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

13. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту және жетілдіруге, азаматтық хал актілерін тіркеуге ықпал ету мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады.

15. Міндеттері:

1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру және үйлестіру;

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

16. Функциялары:

1) нормативтік құқықтық актілерді, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және тұрақтандыруға бағытталған аумақтық бағдарламаларды дайындауға қатысу, олардың орындалуын талдау;

2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;

3) бағынышты мекемелердің қызметін үйлестіру;

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, жергілікті және республикалық бюджеттер қаражаты есебінен басқа да әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;

6) азаматтық хал актілерін тіркеу шараларын (нормативті-әдістемелік, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау шараларын және тиісті мәліметтер базасының қызметін қамтамасыз етуден басқа), сонымен қатар туу туралы куәлікті беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруды қамтамасыз ету;

7) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қарау, қабылдау және кеңес беру;

8) еңбек нарығын талдау және болжау, еңбек нарығының жай-күйі туралы халыққа және жергілікті атқарушы органдарға хабарлау;

9) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін орындау;

10) заңда белгіленген тәртіпте азаматтық хал актілерін тіркеу және тұлғаларды тіркеу мәліметтерін мемлекеттік мәліметтер базасына енгізу шараларын жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;

2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

3) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылыққа жасауды жүктелген міндеттердің орындалуына және «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап беретін бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

21. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;

2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандыру және тәртіптік жазалар қолдану бойынша ұсыныстар енгізеді;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыс ұйымдастырады және ол үшін дербес жауап береді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

23. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.