Сейсенбі, 18 Желтоқсан 2018
Оңтүстік өнеркәсіптік аймағы, "Талдықорған" индустриялық аймағының бос алаңдары, дамыған өндірістік инфрақұрылымы, дамыған әлеуметтік инфрақұрылымымен ұштастырылған қолайлы су және экологиялық жағдайлары бар.

Лауазымдық міндеттер

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ басшысы
Е-R-1 санаты
Бөлімнің қызметін ұйымдастыру және қадағалау, жалпы басшылық ету. Жұмыстылық және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен, қала әкімі аппаратымен, қалалық мәслихатпен өзара жұмыс жасау. Бөлімнің қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективалы жоспарларын, жобаларын дайындау мен бекітуді ұйымдастыру. Тұрғындарды жұмыспен қамту, тұрғын үй және мемлекеттік, атаулы әлеуметтік көмек көрсету және азаматтың хал актілерін тіркеу сеторлары мәселелерін білу. Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау.
Мемлекеттік қызмет, халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту туралы және жемқорлыққа қарсы заңдылықтардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Қаржыларды мақсатты пайдалануды бақылауды қамтамасыз ету.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында ұйымдастыру мен болжау.
Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу.

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ бөлім басшысының орынбасары
Е-R-2 санаты
Бөлім секторларының жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық ету, келесі жұмыстар бойынша: мүгедектер мен ардагерлерге әлеуметтік – тұрмыстық қызмет көрсету, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін, тұрғын үй көмегін, балалы отбасыларына жәрдемақы төлемін, басқа да әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындауды және оның төлемін бақылау, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының аясында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды, мамандарды кәсіби дайындауды және әлеуметтік жұмыс орындарын бақылау. Бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау.
«Мемлекеттік қызмет туралы», «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын орындау функцияларына бақылау жасау. Қаржыны мақсатты жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету.
Тұрғындарды  жұмыспен қамтуды ұйымдастыруды және әлеуметтік бағдарламаларды дайындауды алдын алу.

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі
Е-R-3 санаты
Сектордың қызметіне бақылау жасау және ұйымдастыру, жалпы басшылық жасайды. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету, балалы отбасыларына жәрдемақы беру, жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтар қайтыс болғанда оларды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге ат салысады. Айтулы және мерекелік даталар күндерінде Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, тұрмысы төмен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының Заңдылық актілеріне сәйкес, бөлім қызметіне, жоғары ұйымдардың жарлықтарын, шешімдерін, бұйрықтарын орындауды бақылайды.
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету, балалы отбасыларына жәрдем ақы беру, жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтар қайтыс болғанда оларды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету сияқты жұмыстарды ұйымдастырады.

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ әлеуметтік көмек секторының бас маманы
Е-R-4 санаты
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді, балалы отбасыларына жәрдемақыны беруді өтінген тұрғындардың құжаттарының нақтылығын тексеру. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді, балалы отбасыларына жәрдемақы беруді және басқа да әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлемдер туралы дер кезінде есеп беріп отырады. ТМД елдерінен келген сұрау хаттарға жұмыс жағдайы мен еңбекақы туралы анықтама жібереді. Санаториялық-курорттарға жолдаманы дер кезінде беру тәртібін сақтайды. Семей полигонындағы ядролық жарылыстардан зардап шеккен азаматтардың құжаттарын түгендеп, қабылдап зейнетақы төлеу орталығына жібереді. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету аясында атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді, балалы отбасыларына жәрдемақы беруді, тағайындауда құжаттарды есепке алып, тіркеуден өткізу жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді. Осы аталған мәселелер бойынша жергілікті бюджет есебінен төлемдіктерді белгілейді. Аталған жәрдемақыларды тағайындауға және беруге бақылау жасайды.
Әлеуметтік көмекке зәру, тұрмысы төмен отбасыларының материалдық жағдайын зерттеп, акт жасайды.

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ мүгедектер және ардагерлердің істері жөніндегі секторының меңгерушісі
Е-R-3 санаты
Сектордың қызметіне бақылау жасау және ұйымдастыру, жалпы басшылық., жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау, белгілі мамандыққа оқыту, азаматтардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру. Еңбек нарығының жағдайына талдау жасап, алдын - ала ойластыру, оның негізінде тұрғындарды жұмыспен қамтудың уақтылы бағдарламасы мен перспективасын дайындау, еңбек нарығы жөніндегі хабарламалардың базасын қалыптастыру. Белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың жұмыспен қамту жөніндегі хаттары мен арыздарын, жеке талап тілектерін қарап отыру.  Жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау, жұмысқа орналастыру бағдарламаларының, шешімдердің, Заң актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Заңды тұлғалар мен тұрғындар арасында хабарлама-түсінік жұмыстарын жүргізу.

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ мүгедектер және ардагерлердің істері жөніндегі секторының бас маманы
Е-R-4 санаты
Өкілетті органға шаруасымен келген азаматтарды қабылдайды, есепке алады, тіркейді. Жұмыссыздардың  жұмысқа орналасуларына ықпал жасайды. Жұмыссыз ретінде тіркелуі туралы анықтама береді. Төлемді қоғамдық жұмысқа іріктеуді, ұйымдастыруды жүзеге асырады. Жұмыссыздардың келісімімен оларды қоғамдық жұмысқа бағыттайды.
«Жол картасы» бойынша  жастар тәжірибесіне және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жібереді. Кәсіби оқуға, қайта даярлауға  «Мемлекеттік сатып алу»  Заңына сәйкес құжаттарды рәсімдейді, жүзеге асырады. Кәсіби оқуға, қайта даярлауға жұмыссыздарды жолдайды. Жоғары органдарға дер кезінде есеп береді.  
Жұмыссыздарды есепке алуды, тіркеуді жүргізудің дұрыстығын, оқытуға берілетін стипендияның дұрыс берілуін, бос жұмыс орнын анықтауды бақылайды.
Бос жұмыс орындары мен оқу орындарынан деректер жинап, соның негізінде еңбек нарығы жөніндегі жағдай туралы тұрғындар мен жұмыс берушілерді толық әрі нақты түрде хабарландырады.  

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ бухгалтерлік есеп секторының меңгерушісі
Е-R-3  санаты
Сектор қызметіне бақылау жасайды, ұйымдастырады, жалпы басшылық етеді. Кассалық және банкілік операциялар жөнінде есеп жүргізеді, тіркейді. Баланстық шығындардың сметалық есебін, бюджеттік тапсырысты және орта мерзімді жоспарды дайындайды. Бюджеттік бағдарламалардың төлқұжатын дайындап бекітеді және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне баға береді. Аппараттың штаттық кестесін, міндеттермен төлемдерді қаржыландыру жоспарын келістіреді. Бөлімге міндеттелген функцияларын орындалуын, сметалық шығындардың және оған экономикалық есептің жүзеге асуын, тауарлық-материалдық дүние мүліктердің сақталуын  қадағалайды.  Бухгалтерлік есепті қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ бухгалтерлік есеп секторының бас маманы
Е-R-4 санаты
Еңбекақыны төлемдікке кіргізу. Негізгі қаржыларды, материалдық бағалы мүлікті және ақшалай қаржыларды, инвентаризациялауды жүргізеді, қозғалыс пен есептен шығаруды, есепке алудың дұрыс жүргізілуін бақылайды. Штаттық кесте жүйесін жасайды. Бюджеттік бағдарламалар жөніндегі төлемдіктерді жүзеге асырады. Әлеуметтік жәрдемақылардың төлемдіктері мен жіберілуі жөнінде екінші деңгейдегі банктермен келісім-шарт жасап оны жүзеге асырады. Барлық бөлімдердегі белгілі бағдарламалары бар компьютерлердің тоқтаусыз жұмыс істеуін ұйымдастыру, техникаларын дұрыс пайдалануды қамтамасыз етіп қадағалайды.
Бөлімге міндеттелген функциялардың орындалу, сметалық шығындардың және экономикалық есептің жүзеге асу, тауарлық – материалдық бағалы мүліктердің сақталу бағдарламаларына сәйкес, компьютердің тоқтаусыз жұмыс істеуіне бақылау жасайды.

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімі»  ММ азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша бас маман
Е-R-4 санаты
Белгіленген тәртіпте сотта қала әкімі, оның аппараты мен бөлімнің мүддесін қорғау, әкімдік қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, оның ішінде басқа құрылымдық бөлімдер дайындаған жағдайда келісу жолымен, жобаларын дайындауға қатысу, қала әкімін ақпараттық – құқықтық материалдармен қамтамасыз ету,. Азаматтық хал актілерін толық және уақтылы тіркелуін қамтамасыз ету, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың некесін тіркеуді жүзеге асыру, азаматтардың тегін, атын, әкесінің атын өзгерту жөніндегі істерді Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңдарға сәйкестігін қарау. Әкімдік пен әкімнің, ауылдық округ әкімдерінің актілеріне құқықтық сараптау жүргізу, қажет болған жағдайда қала әкіміне олардың күшін жою немесе әрекет етуін тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгізу.
Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, облыс және қала әкімдерінің  шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі заңдарының іске асырылу барысы туралы ақпарат дайындау. Әкім және әкімдік қабылдаған актілер бойынша қала прокуратурасына ай сайын есеп тапсыру. Заңгерлік мәселелер бойынша  қала әкімі аппаратының бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелері қызметін үйлестіру. Аппараттың лауазымды тұлғалары мен құрылымдық бөлімшелеріне құқықтық мәселелер жөнінде кеңес береді. Азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау, комиссия отырыстарына қатысу. «Заңгер» және «Заңнамалар» анықтамалық – құқықтық жүйемен жұмыс.

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ азаматтың хал актілерін тіркеу бойынша жетекші маман
Е-R-5 санаты
Белгіленген тәртіпте сотта қала әкімі, оның аппараты мен бөлімнің мүддесін қорғау, әкімдік қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, оның ішінде басқа құрылымдық бөлімдер дайындаған жағдайда келісу жолымен, жобаларын дайындауға қатысу, қала әкімін ақпараттық – құқықтық материалдармен қамтамасыз ету,. Азаматтық хал актілерін толық және уақтылы тіркелуін қамтамасыз ету, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың некесін тіркеуді жүзеге асыру, азаматтардың тегін, атын, әкесінің атын өзгерту жөніндегі істерді Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңдарға сәйкестігін қарау. Әкімдік пен әкімнің, ауылдық округ әкімдерінің актілеріне құқықтық сараптау жүргізу, қажет болған жағдайда қала әкіміне олардың күшін жою немесе әрекет етуін тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгізу.
Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі заңдарының іске асырылу барысы туралы ақпарат дайындау. Әкім және әкімдік қабылдаған актілер бойынша қала прокуратурасына ай сайын есеп тапсыру. Заңгерлік мәселелер бойынша қала әкімі аппаратының бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелері қызметін үйлестіру. Аппараттың лауазымды тұлғалары мен құрылымдық бөлімшелеріне құқықтық мәселелер жөнінде кеңес береді. Азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау, комиссия отырыстарына қатысу. «Заңгер» және «Заңнамалар» анықтамалық – құқықтық жүйемен жұмыс.




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.