Бейсенбі, 25 Сәуір 2019
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

Талдықорған қаласы бойынша 2019 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

 
Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына 1-қосымша
 
Талдықорған қаласы бойынша 2019 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

Мемлекеттің әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың

 нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

 

1

2

3

4

5

6

1

«Спорттық –сауықтыру орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеүлі жандарға арналған оңалту шараларын жүргізу бойынша қызметтер өткізу

8 000000

Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы заңы.

Мүмкіндігі шектеүлі жандар

Мүмкіндігі шектеүлі жандарға арналған оңалту шараларын жүргізу бойынша әр түрлі жаттықтырушы құралдар қолдану және мүмкіндігі шектеүлі жандарға арналған оңалту шараларын жүргізу бойынша нәтижелерге қол жеткізу

2

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды еңбек нарығында оңалту және бейімдеу

3 000 000

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізінде

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар

Зағип мүгедектерді оңалту және интеграция арқылы дамыту тұлғалық және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға  ізгі еркіндікпен тегін көмектер көрсету. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды «Өз ісіңді баста» деген оқу арқылы кәсіпкерлікке оқыту.

3

Бау – бақша жылыжай кешені арқылы балалар үйінің түлектерін жұмыспен қамту және Талдықорған қаласында жеміс – жидек, көкеніс өсіру

2 000 000

Қазақстан Республикасының Президенті

Н. Назарбаев

2018 жылы 13 қарашадағы №784 жарлығында
Жастарды жан-жақты қолдау мақсатында, 2019 жыл - Жастар жылы деп жариялады.

Осыған орай балалар үйінің жұмыссыз жүрген жас түлектерін жұмысқа орналастыру.

 

Балалар үйінің түлектері, тәжірибесіз жастар, зейнеткерлік жастағы адамдар, зейнеткерлер

Балалар үйінің  түлектерін, зейнеткерлікке дейінгі және зейнеткерлік жастағы адамдарды, тәжірибесіз жастарды жұмыспен қамту. Бау – бақша егу, өнімдері өңдеу, оларды Талдықорған қаласы және де басқа жақын елді мекендерге тез арада таратып, жеткізу.

 
«Талдықорған  қаласының   жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және   азаматтық хал  актілерін  тіркеу бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің 2019  жылдың 1 наурызына атқарған жұмыстары туралы ақпарат
 

Қала халқының саны 173,2 мың адамды құрады. 

        «Талдықорған  қаласының жұмыспен  қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және  азаматтық хал  актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Алматы  облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне 2019 жылдың.

1 наурызына 1358 жұмыссыз азаматтар хабарласты. Осы хабарласқан  азаматтардың  ішінен 100 адам  тұрақты  жұмыспен қамтылды.

 Жұмысқа орналастырылғандар деңгейі 7,4%, тіркелген жұмыссыздық  деңгейі 0,9 пайызды құрады.     

          Экономикалық белсенді тобының ішіндегі жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайыз.

           2019 жылға 3105  жаңа жұмыс орындарын  ашу жоспарланып, бүгінгі күнге 241 жаңа жұмыс орны ашылды, құрылыс - 40, сауда- 128, басқа түрлері – 73 (жоспардың орындалуы  7,7 пайыз).

         2019 жылға қоғамдық жұмысқа 1000 адамды жолдамамен жіберу жоспарланып, 487 жұмыссыз азаматтар жолдамамен  жіберілді, оның ішінде  ҚБ «Ерлік»-10 адам, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ- 6 адам, «Байтерек» ҚБ - 6 адам, «Корпоративтік  фонд  Қазақ  соқырлар  қоғамында» - 8 адам.

2019 жылдың 7 наурызына 65 мүмкіндігі  шектеулі  азаматтар хабарласып, оның ішінде  62  адам  қоғамдық  жұмыстарға жолдамамен  жіберілді.  

         Аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік жағынан қолдау ретінде  мемлекет тарапынан  жаңа  нысандағы  атаулы әлеуметтік көмекке  2019 жылға  1921  отбасыларға, 8443 отбасы мүшелеріне, мемлекеттік  әлеуметтік  көмек  99,5  млн.  теңге  төленді. 1 адамға орташа төлемі  5889  теңгені құрады.

         Тұрғын үй көмегімен  348  отбасы, оның ішінде 568  отбасы мүшелерімен  8,5  млн. теңге сомасында қамтамасыз етілді.  

 Жыл  басынан 38 түберкулез індетімен ауратын азаматтарға 0,9 млн. теңге қаражат  төленді.

         Талдықорған қаласындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асыруда, әлеуметтік инфрақұрылыммекемелерде мүгедектерге арналған пандустар орнатылды.  Қазіргі таңда салынып, қолданысқа беріліп жатқан ғимараттардың барлығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз кіріп-шығуына пандустар салынған. Қалада әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына пандустар құру, қайта құру жұмыстары атқарылуда.

Қала бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасмалдау үшін 2  «Инватакси»  қызметі  жұмыс жасайды, 11 арнайы автокөлік мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасмалдайды.  «Инватакси» диспечерлік қызметі күніне 65-70 адам, айына 1400 адамға дейін қабылдайды.  

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес мүгедектерге арналған оңалту бағдарламасын іске асыру мақсатында гигиеналық құралдармен 125 адам, санаторлық-курорттық жолдамамен 154 адам, протездік-ортопедиялық бұйымдармен 22 адам қамтамасыз етілді. Жүріп  тұруы  қиын 1 топтағы 544 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі, 111 мүгедекке ымдау маманының қызметі ұсынылды.

1995 жылдың 28 сәуіріндегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне үнемі әлеуметтік көмектер көрсетіліп тұрады.

Қалалық мәслихат шешімімен бекітілген «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»  негізінде 19 Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және ардагерлеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне 2,4 млн. теңге бөлініп  ай сайын 7575 теңге жеңілдіктер  төленеді.          

            Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде қазіргі таңда 263 адам тіркеуге  алынып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсетілетін адамдар ішінде 1 адам Ұлы Отан соғысының мүгедегі мен ардагерлері, 105 адам  тылда еңбек еткендер, 17 адам 1,2 топ  мүгедегі, Ұлы Отан соғысына қатысып, қайтыс болғандардың жесірлері 9 адам, 131 зейнеткерлер бар.

          Үйден арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде мүмкіндігі шектеулі 94 балаға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік–психологиялық, әлеуметтік экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік еңбек қызметтің түрлері көрсетіледі.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.