Сәрсенбі, 24 Қазан 2018
Қалалық және ауылдық көше-жол желісін жалпы ұзындығы 427,9 км., оның ішінде 77% қала көшелері және 23% ауылдық елді мекен.

Аппарат ережесі

 

1. Жалпы ереже

1.1 «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Қала әкімінің аппараты) қала әкімінің қызметін материалдық-техникалық, ақпараттық-сараптамалық, құқықтық, ұйымдастырушылық, кеңестік қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
1.2 Қала әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарына, актілеріне, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және басқа да нормативтік актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
1.3 Қала әкімінің аппараты Алматы облысы әкімінің 2000 жылғы 2 тамыздағы №8-227 шешімімен өзгертілген және «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мекемесінің құқық қабылдаушысы болып табылады.
1.4 Аппараттың құрылтайшысы болып мемлекеттің атынан Алматы облысының әкімі табылады.
Қала әкімі аппаратының мемлекеттік басқару органы және оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асырушы орган болып (ары қарай – уәкілетті орган) облыс әкімі табылады.
1.5 Қала әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бедерленген мөрі, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ банкіде заңдылықтарға сәйкес есептесу шоты, дербес балансы болады. Қала әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Қала әкімі аппараты заңға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
1.6 Қала әкімінің аппараты туралы Ережені, оның құрылымы мен штат санын Алматы облысының әкімі бекітеді.
1.7 Қала әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру тек жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
1.8 Қала әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте өз міндеттемелері бойынша жауап береді.
1.9 Қала әкімі аппаратының мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат акима города Талдыкоргана».
1.10 Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256.

2. Қала әкімі аппаратының қызметі және негізгі міндеттері
2.1. Қала әкімінің аппараты заңнамаға сәйкес мына функцияларды жүзеге асырады:
• әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, материалдық-техникалық, құқықтық, ұйымдастырушылық, кеңестік қамтамасыз ету;
• қала әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін мәселелерді зерттеп, материалдар әзірлеу;
• қала әкімдігі мәжілісі күн тәртібінің жобасын жасау;
• қала әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің, бөлімдер, басқармалар әзірлеген әкімдік қаулыларының жобаларын сараптау;
• әкімдік мәжілістерінде қабылданған қаулыларды шығару;
• әкімдік қаулыларының жобасын қарау кезінде келіспеушілік туындап, оны түзетуге тапсырма берілген жағдайда оларды жетілдіруге қатысу;
• қала әкімін Президент, Үкімет актілерінің, облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы жүйелі хабардар ету;
• Қала әкіміне қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөіндегі шаралардың орындалу туралы ай сайын хабарлау;
• Президент, Үкімет актілерінің, облыс және қала әкімдігі қаулыларының, облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
• Қала әкімі мен оның орынбасарлары үшін қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын материалдар әзірлеу;
• Қала әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын қамтамасыз ету;
• Қала әкімі қызметін және басқа да мәслелерді құқықтық қамтамасыз етуге қатысу;
• Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау, жүйелеу, кодификациялау;
• Мемлекеттік қызмет ауқымында мемлекеттік саясатты өткеруді жүзеге асыру, мемлекеттік лауазымдардың бос орнына кадрларды конкурстық іріктеуді қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерден ант қабылдау, кадрлар құрамындағы өзгерістер мен үрдістерді қадағалау, аттестациялар, оқулар ұйымдастыру;
• Қазақстан Республикасының Парламенті мен жергілікті өкіл органдардың сайлауын, бүкілхалықаралық референдумдар өткізуді ұйымдастыруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдем көрсету;
• Қала әкімінің қызметін құжаттық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, іс жүргізу жұмысы;
• Мемлекеттік тілде іс жүргізу жұмысын бірте-бірте енгізу;
• Қызметтік құжаттарды қарау;
• Азаматтар мен заңды тұлғалардың мұң-мұқтажын қарау;
• Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
• Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қала әкімі аппаратына жүктелген басқа да қызметтерді атқару.
2.2. Қала әкімі аппаратының негізгі міндеттері:
• әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, материалдық-техникалық, құқықтық, ұйымдастырушылық, кеңестік қамтамасыз ету;
• Қала әкімінің актілерін орындау және дайындау барысында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
• Облыс және қала әкімдерінің өкімдерін, шешімдерін орындауды және жобаларды келісімдеумерзімдеріне бақылау жасау.

3. Қала әкімі аппаратының құқығы
3.1. Қала әкімінің аппараты негізгі міндеттерді мен қызметін жүзеге асыру үшін өз құзыреті шеңберінде құқықты:
• мемлекеттік органдардың иелігінде бар мәліметтердің ақпараттық банкін пайдалануға;
• қалалық бөлімдер мен басқармалар әзірлеген шешімдердің, өкімдердің жобаларын сараптауды жүзеге асыруға;
• қала әкімі аппаратының жүргізуіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат алмасуға;
• қала әкімінің тапсырмасы бойынша қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу;
• Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс әкімінің және қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына, іс жүргізу талаптарының сақталуына тексеру өткізуге;
• заңдарға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға;
3.2. Қала әкімі аппаратының мемлекеттік органдардың қажетті материалдар мен хабарламаларды беруі жөніндегі талабы – егер тапсырмада орындаудың басқа мерзімі көрсетілмесе, онда заңда белгіленген мерзімде орындауға жатады.

4. Қала әкімі аппаратының басшылығы
4.1. Қала әкімі аппаратын мемлекеттік әкімшілік қызметші болып табылатын аппарат басшысы басқарады, оны Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қала әкімі қызметке тағайындап, қызметінен босата алады.
4.2. Қала әкімі аппаратының басшысы мына негізгі міндеттерді орындайды:
• штат кестесін облыс әкімінің бекітуіне береді;
• қала әкімінің аппараты туралы Ереже мен оның жұмысының регламентін қала әкімінің бекітуге ұсынады;
• аппарат жұмысының регламентін, ішкі тәртіпті сақтауды, аппаратта мемлекеттік қызмет туралы Заңды орындауды қамтамасыз етеді және бақылайды;
• қала әкімі аппаратының бөлімдері мен басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жалпы басшылық жасап, үйлестіруді жүзеге асырады;
• қала әкімі аппаратының облыс әкімі аппаратымен, қалалық бөлімдермен және басқармалармен өзара қатынасын ұйымдастырады;
• әкімдіктің мәжілістерін өткізуді, әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, материалдық-техникалық, құқықтық, ұйымдастырушылық, кеңестік қамтамасыз етеді;
• қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларының жобаларына бұрыштама қояды;
• қала әкімінің аппараты бойынша бұйрықтар шығарады:
• қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеу кезінде туындаған алауыздықтарды жою үшін мәжілістер ұйымдастырады;
• қала әкіміне әкімдік қаулыларының, әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын, басқа да құжаттар мен материалдарды береді;
• Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және қала әкімдері мен олардың орынбасарларының шешімдерінің, өкімдерінің, тапсырмаларының орындалуын бақылау жөнінде жұмыстар ұйымдастырады, қала әкімін олардың орындалу барысы туралы жүйелі хабардар етіп отырады;
• өзіне қала әкімі жүктеген басқа да қызметті орындайды;
4.3. Лауазымдық міндеттерді орындау мақсатында қала әкімі аппаратының басшысы құқылы:
• әкімияттың қарауына енгізілетін мәселелерге жете дайындалу және келісу жөнінде бөлімдерге, басқармаларға нұсқау беруге;
• Қазақстан Республикасының Призедентінің және Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындау бойынша бөлімдердің, басқармалардың жұмысын үйлестіруге, олардың басшыларына орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
• меншік нысанына қарамастан ұйымдардан қала әкімінің құзырына жататын мәселелер бойынша сұрау салуға;
• заңға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.

5. Қала әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру
5.1. Қала әкімінің аппаратына өзіне жүктелген қызметті орындау үшін өз құрамында бөлімдер мен басқа да құрылымдық бөлімшелер құрады.
5.2. Қала әкімі аппаратының бөлімдері осы Ереже, бөлімдер туралы ереже негізінде әрекет етеді.
5.3. Қала әкімі мемлекеттік әкімшілік қызметші болып табылатын бөлім басшыларын, аппарат қызметкерлерін мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес лауазымға тағайындап, одан босата алады.
5.4. Қала әкімі аппаратының бөлім басшылары, қала әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмаларын дер кезінде атқаруға және өзі басқаратын бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға тікелей жауапкершілік алады.
5.5. Қала әкімі аппаратының бөлім басшылары өзіне тапсырылған учаскеде жұмысты ұйымдастырып, қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, оларды ауыстыру, босату және ынталандыру туралы ұсыныстар енгізеді.

6. Қала әкімі аппаратының мүлкі
6.1. Қала әкімінің аппараты жекеленіп берілген мүліктерді жедел басқаруға құқықты.
6.2. Қала әкімі аппаратының мүлкі оған мемлекет берген мүліктер есебінен қалыптасып, негізгі және айналымды қаржылардан, сондай-ақ басқа да мүліктерден құралады, олардың құны қала әкімі аппаратының балансында көрсетіледі.
6.3. Қала әкімінің аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
6.4. Қала әкімі аппаратының өзіне бекітілген мүлікті облыс әкімінің келісімінсіз өз бетінше басқаға беруге немесе басқа да жолмен билік жасауға құқығы жоқ.

7. Қала әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
7.1. Қала әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.