Дүйсенбі, 18 Маусым 2018
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Лауазымдық міндеттер

«Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы
E-R-1 санаты
Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, басқару, бөлім жұмысшыларының арасында қызметтік міндеттерді бөлу; қала әкімідігінде және басқа да мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда бөлімнің мүддесін қорғау; стратегиялық жоспарды өңдеу және ағымды жоспарларды бекіту; бөлімнің техникалық жұмысшыларын жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату, ынталандыру шарасын және тәртіптік жаза қолдану; бөлімнің құзырына қатысты мәселелер жөнінде отырыс, жиналыс және басқа да іс-шараларды өткізу; бөлім кадрларының біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылау.
Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі стратегиялық жоспарды және ағымды жоспарларды өңдей білу.
 

«Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ
тұрғын үй қызметі секторының меңгерушісі
E-R-3 санаты
Тұрғын үй қызметі секторының жұмысын үйлестіреді; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеру жүргiзеді; тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді; тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді; кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстау ережелерiнiң бұзылуы туралы актiлер жасайды; кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстау ережелерiн бұзушылықтарды жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқама шығарады; тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы жөнінде талдау жүргізеді.

«Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ
тұрғын үй қызметі секторының бас маманы
E-R-4 санаты
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық зерттеуді ұйымдастырады; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңділіктерін және кезектілігін айқындайды; кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын қарайды; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады; кондоминиум объектісінде үй-жайлар (пәтер) иелерінің ортақ мүлкін пайдалану, күтіп ұстау және жөндеу тәртібінің сақталуына; көп қабатты тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау іс-шараларына; анықталған келеңсіздіктерді жою жөнінде қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына; кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына мемлекеттік бақылау қызметін жүзеге асырады.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.