Сәрсенбі, 12 Желтоқсан 2018
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

«Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің
2017 жылғы 12 айының атқарған жұмыстары туралы
А Қ П А Р А Т
 
Бөлім 2017 жылы келесідей жұмыстарды атқарды.
2016 жылы бөлімнің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес 8 тексеру жүргізген болса, ал 2017 жылы 16 тексерулер жүргізіп, 119 кондоминиум объектісіне техникалық зерттеу жасап, заң бұзушылықтарды анықтады. Қала әкімінің қаулысымен 2 кондоминиум объектісін басқарушы заңды тұлғалар әкімшілік жазаға тартылды. Көп пәтерлі тұрғын үйді күтіп ұстау ережелерінің бұзылуына байланысты ПИК-терге 12 нұсқама, 18 ұсыным табыс етілді. Кемшіліктерді жою шараларының орындалу барысы тұрақты қадағаланып тұрады.
Бөлім көппәтерлі тұрғын үйлердің маңындағы аумақтарға қадағалау жүргізу барысында тазалық ережелерін бұзғаны үшін 13 ПИК-ке ескертілу ұсынылып, 2 ПИК-ке (Жетісу, Татьяна) 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
2017 жылғы 12 айда «Романтик» ПИК-не салынған 20 АЕК айыппұлдың бюджетке түсуін қадағалау 2017 жылғы 1-жарты жылдықта орындалды.
Аталған объектілердің техникалық зерттеуінің негізінде анықталған ақауларды қалпына келтіруі үшін үй-жай (пәтерлер) иелеріне Қазақстан Республикасы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға арналған бағдарламасының» жаңғырту тетігі аясында жөндеу жүргізу немесе кондоминиум объектілеріне екінші деңгейдегі банктерде жинақ шот ашу арқылы қаражат жинау арқылы жүзеге асыру қажеттігі түсіндірілуде.
2017 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 1 рет «Диалог-Жетысу» газет басылымында көп пәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстауға байланысты үй-жай (пәтерлер) меншік иелерінің міндеттері мен құқықтары жөнінде мақала жарияланды.
2017 жылы бөлім кондоминиум басқару органдарының, коммуналдық қызметтердің басшыларымен жиналыстар өткізіліп, заңдағы өзгерістерді таныстыру туралы, санитарлық талаптар, тұрғын үй қорын жаңғырту, ортақ жылу есептегіш құралдарын орнатудың тиімділігі, тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету сынды мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, 104-газ апаттық қызметімен бірлесіп қала тұрғындарының арасында тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Портал top.ksk сайтына қаланың кондоминиум басқару органдарының тізімі жарияланып, тұрғындарға қолайлы болу үшін, арыз-шағымдарды қысқарту мақсатында, тікелей кондоминиум басқару органдарына өтініш қабылдау, техникалық жұмысшыларға онлайн-режимде тапсырма беру, 243-нысан бойынша тоқсан сайынғы есептерді жариялау т.б. мүмкіндіктерге қол жеткізуіне мүмкіндік ашылды.
Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 2016 жылы 12 айды 453 кіріс құжаттары тіркелген болса, ал есепті кезеңде 395 кіріс құжаттар түсті.
2016 жылы 12 айда 519 шығыс құжаты тіркелсе, 2017 жылғы есепті кезеңде 514 шығыс құжаты тіркелді.
Бөлім маусымдық шараларға қатысып қаладағы кондоминиум басқару органдарының қызметтерін ұйымдастыра отырып, бекітілген Гагарин көшесінің санитарлық тазалығы мен абаттандырылуына бақылау жасады.
Арыз-хаттардың мазмұны
2016 ж.
2017 ж.
12 ай
Пәтердегі жылу жүйесі туралы
40
26
Үй шатыры туралы
37
14
ПИК жұмысы туралы
46
49
Апаттық үй туралы
7
5
Қоқыс, қоқыс алаңы туралы
4
12
Пәтер аралық су, канализация жүйелерінің жарылуы
37
1
Газ
14
4
Әртүрлі сұрақтар (домофон, балкон, суағар, карниз, жарық, босаға, арық, аула, төлем, қасбет, лифт т.б.)
191
224
Ақпарат
77
60
БАРЛЫҒЫ
453
395
Арыздар мен хаттар заңнамаларға сәйкес қаралып, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңынан, Қазақстан Республикасы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға арналған бағдарламасының» жаңғырту тетігінен, кондоминиумды мемлекеттік тіркеу тәртібі, көп пәтерлі тұрғын үйлердің маңындағы территорияны маусымдық жинау, күтіп ұстауды ұйымдастырып жүргізу мәселелерін түсіндірулер беріліп, тиісті шешімін табуда. Есепті кезеңде жоғары тұрған мекемелерден тұрғын үй қатынастарына байланысты заңнамаларды жетілдіру жөнінде қаралып жатқан сұрақтар бойынша, сонымен қатар тұрғын үй қорын түгендеу, есепке алу, жөндеуді жоспарлау бойынша мәліметтер көптеп сұралып, соған сәйкес тиісті шаралар атқарылды.
Талдықорған қаласында табиғи газ магистралдық жүйесінің енгізілуіне байланысты, «Қаратал» шағын ауданының «Жаңакент», «Байбесік», «Связист» ПИК үйлерінің тұтынушыларына табиғи газды пайдалану мүмкіндігі, артықшылығы туралы түсіндіру ретінде қалалық коммуналдық қызметтер, табиғи газбен қанымдаушы ұйымдармен бірлесіп тұрғындар арасында жиындар өткізіліп және осы жұмыстар 2018 жылда жалғастырылады.
2018 жылдың бірінші жартыжылдығында бөлімнің жоспарланған 6 кондоминиум объектілерін басқару органына және ортақ мүліктің 20 үйге техникалық тексеріс жүргізіледі.
Бөлім 2018 жылда тұрғын үй қорын сақтау мақсатында кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындау жұмыстарын жүргізеді.
Бөлім көппәтерлі тұрғын үйлердің маңындағы аумақтарға күнделікті бақылауды кестеге сәйкес жүргізеді.
Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлімінде жалғастырылады.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.