Сенбі, 21 Сәуір 2018
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі Жарлығымен Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болып жарияланды.

Қызметтері мен мақсаттары

Бөлімнің қызметі мен мақсаты:
1) иесіз жер телімдерін анықтау және оларды есепке қою бойынша жұмысты ұйымдастыру;
2) жер телімдерін беру және мақсатты нысанын өзгерту бойынша жергілікті атқарушы органы шешімдерінің жобалары мен ұсыныстарын әзірлеу;
3) қойнауларды мемлекеттік геологиялық зерттеп білумен және барлаумен байланысты қойнауды пайдалану мақсаты үшін жергілікті атқарушы органы шешімдерінің жобалары мен ұсыныстарын әзірлеу;
4) мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін алып қою бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
5) бөлінетін және бөлінбейтін жер телімдерін анықтау;
6) мемлекеттің жеке меншікке сатылатын нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
7) жерге орналастыруын жүргізуді ұйымдастыру және жер телімдерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;
8) жерлерді аймаққа бөлу жобаларын және қала жерлерін тиімді пайдалану бойынша жобалары мен схемаларын, бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) елді мекендердің аумағында жер-шаруашылық құрылыс жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) жерлердің сауда-саттықтарын (аукциондарын, конкурстарын) өткізуді ұйымдастыру;
11) жерлерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
12) қала жерлерінің балансын жасау (облыстық маңыздағы қалалар);
13) жер телімдері иелерінің және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ басқа да жер құқық қатынастар субъектілеріне есеп жүргізу;
14) жер теліміне сәйкестендіру құжаттарын беру;
15) ауыл шаруашылық маңыздағы жер телімдерінің паспорттарын беру;
16) сатып алу-сату келісім шарттары мен жер телімін жалға алу және уақытша өтеусіз жер пайдалану келісім шарттарын жасау және жасалған келісім шарттардың шарттарын орындауға бақылауды жүзеге асыру;
17) Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңыздағы қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімдерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстарды дайындау;
18) ауыл шаруашылық шабындықты бір түрден екінші түрге ауыстыру бойынша ұсыныстарды дайындау;
19) жерлерді резервке қою бойынша ұсыныстарды дайындау;
20) қала жері нысаналы мақсатының жіктемесін жергілікті атқарушы органының бекітуіне енгізу;
21) жер телімдеріне құқықты беру туралы, сондай-ақ мақсатты нысанын өзгерту, уақытша жер пайдалану мерзімі және бұрын берілген жер телімдерін жеке меншікке сатып алу мәселелері жөнінде Талдықорған қаласы жергілікті атқарушы органына жолданған өтініштерді қабылдауды, тіркеуді және қарауды жүзеге асыру.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.