Лауазымдық міндеттер
Жерге орналастыру секторының меңгерушісі
-
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін, коммерциялық мақсаттағы, елді мекен жер учаскелеріне қатысты барлық жұмыстарды жүргізу;
-
Конкурс арқылы берілетін жер учаскелеріне материалдарын дайындау, олар бойынша жұмыстар жүргізу;
-
«Елді мекен шегінде объектілердің құрылысын салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметі бойынша;
-
Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға жататын жерлер мен пайдаланылмай жатқан жерлер бойынша жұмыстарды жүргізу;
-
Коммерциялық мақсаттағы, қаланың жалпы жерлері мен жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер учаскелерінің жергеорналастыру жобаларын қарау, бекітуге ұсыну не кері қайтару.
Бас маман -
Жер учаскелерінің бары туралы және оларды санаттарына, меншік иелеріне қарай бөлу және жайылымдар бойынша электронды есебін жүргізу;
-
Талдықорған қаласының селолық аумақтары бойынша жер учаскелерінің есебін жүргізу;
-
Егістік жерлерді пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізу;
-
Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер бойынша жұмыстар жүргізу, есебін жасау;
-
Жер ресурстары бойынша есеп жүргізу және тапсыру.
Бас маман -
Бюджетке түсетін түсімдерді көтеру мақсатындағы іс шаралар жоспарын орындау үшін уәкілетті органдармен жұмыс тығыз жұмыс жасау және мәлімет жинау;
-
Мүлікті жариялау бойынша комиссия жұмысына қатысу, комиссияның қарауына жататын жерлер бойынша материалдарды қарау, тексеру;
-
Уақытша пайдалануға берілген жер учаскелерінің пайдаланушылары бойынша ақпараттар базасын салыстыру, есебін жүргізу;
-
Табиғи, ерекше қорғалатын, тарихи, мәдени және сауықтыру мақсатындағы жерлер бойынша жұмыстарды жүргізу, ақпараттар жинау және есебін жасау;
-
Су қоры мен орман қорының жерлері, өндіріс аумағы, көлік және байланыс, ғарыш мақсатындағы және басқа да ауылшаруашылық мақсатына жатпайтын жерлер бойынша жұмыстарды жүргізу, ақпараттар жинау және есебін жасау.
Бас маман
-
Жалпы іс жүргізу құжаттарын жүргізу, барлық хаттардың орындалуын бақылау, бөлімдегі ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізу;
-
Кадр құжаттарын жүргізу, есебін дайындау;
-
Бөлімде көрсетілетін барлық мемлекеттік қызмет түрлерінің жүргізілуін бақылау, есебін беру;
-
Бөлімдегі мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы мен сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
-
«Жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет түріне келіп түскен өтініштерді жазбаша және электронды қабылдау, өңдеу, бұйрықтың жобасын дайындау және бекітілген жобаларды беру.