Сенбі, 18 Тамыз 2018
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Талдықорған қаласының жер қатынастары
бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмысы туралы
АҚПАРАТ
 
Талдықорған қаласының жер қоры 38311 га құрайды. Оның ішінде егістік 7815 га, оның ішінде суармалы 7056 га, көп жылдық екпелер 400 га, шабындық 758 га, жайылым 24121 га, басқа да жерлер 5217 га.
Сонымен қатар, Ескелді ауданы жер пайдаланушыларының Талдықорған қаласының аумағында пайдаланатын жер көлемі – 191 га құрайды (Талдықорған орман шаруашылығы – 171 га, Талдықорған МУВР – ирригация – 20 га).
Талдықорған қаласының әкімшілік – аумақтық шекарасы 38311 + 191 = 38502 га құрайды.
Жер учаселері келесідей санаттарға бөлінеді:
1.
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер
21266 га
2.
Елді мекендер жері
8098 га
3.
Өндірістік, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер
1176 га
4.
Ерекше қорғалатын жерлер
28 га
5.
Орман қорының жерлері
106 га
6.
Су қорының жерлері
121 га
7.
Арнайы жер қоры
7516 га
 
Барлық жерлер
38311 га
II. Талдықорған қаласының жерлерін тексеру (түгендеу)
2016 ж. 9 - қыркүйектегі Елбасы тапсырмасының және Премьер – Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрі А.И. Мырзахметовтың 2017 – 2019 жылдарға жер қатынастарын реттеу саласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша бекіткен іс-шаралар жоспарының негізінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға құжаттық түгендеу (жерлерді тексеру) жүргізу бойынша жұмыс жоспарын орындау мақсатында Талдықорған қаласының аумағында, қала әкімінің 2017 жылдың «24» ақпанындағы №6-Ө –өкімімен арнайы жұмыс комиссиясы құрылды.
Жер учаскелеріне тексеріс жер санаттарының барлық түрлеріне жүргізіледі.
Талдықорған қаласының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы - жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің бөлімшесімен агроөнеркәсіп кешенінің жерлеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу 20.10.2017 ж. аяқталады.
Талдықорған қаласының аумағы шектеулі болғандықтан және ауыл шаруашылық жерлеріне сұраныс жоғары болғандықтан, барлық ауыл шаруашылық жерлер пайдаланылуда. Пайдаланбай жатқан және ұтымды пайдалану қағидаларын бұзғандар жоқ.
 
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою бойынша жұмыстар
Жалпы соммасы 726,8 млн. теңгеге жалпы алаңы 2,3 га болатын 7 жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынды.
«Алматы облысының құрылысы басқармасы» ММ-гн уақытша пайдалану құқығына алаңы 3,9 га болатын жер учаскесіне бассейнің құрылысын салу үшін мемлекеттік акті берілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» ғимаратының аумағын аббаттандыру үшін жер учаскелерін алып қою
Жалпы алаңы 6,6 га болатын 11 жер учаскесі қайтарып алынды.
Оның жалпы алаңы 6,5 га болатын 10 учаскесі 188,1 млн.теңгеге сатып алынып, арнайы жер қорына тапсырылды.
1 меншік иесіне (К.Жармухамедоваға) тепе-тең бағада жалпы алаңы 0,0137 га болатын жер учаскесі берілді.
Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданы бойынша
8,9 шағын аудандарын жайластыру үшін 54,4 га болатын 33 жер учаскесі қайтарылып алынды.
Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға белгіленген 33 жер учаскесінің 26 учаскесі 762 млн.тг сатып алынды. Оның 41,3 га қаланың арнайы жер қорына аударылды.
Меншік иесіне тепе-тең бағада жер учаскесі берілді («Дәулет-Бекет» ЖШС-і алаңы 13,1 га, С.Маусымбеков алаңы 0,5 га, «Мирас» ЖШС-і, Баймукышева А.Б., «Ильфат» ЖШС-і, Алипов С.).
2018 жылға көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы үшін, жаздық лагерді орнықтыру үшін және Алдабергенов көшесі кеңейту үшін жалпы алаңы 14,2 га болатын 12 жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға жоспарлануда.
Мемлекеттік мұқтажы үшін алып қоюға жер учаскелері мен басқа да жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп алып қоюды бастау туралы 2017 жылдың 12 желтоқсанында №712 қаулы қабылданды.
III. Жер учаскелерін өз бетінше басып алу фактілерін алдын алу бойынша жұмыс
Жер учаскелерін өз бетінше басып алу мәселелерін құқықтық шешу бойынша мемлекеттік органдардың алгоритімін басшылыққа ала отырып, Талдықорған қаласы әкімінің 2016 ж. 23 тамыздағы №12-ө өкімімен Талдықорған қаласында жер учаскелерін өз бетінше басып алу фактілерін алдын алу бойынша жұмыс тобы құрылды.
Талдықорған қаласының жер қатынастары және Талдықорған қаласының сәулет және қалақұрылысы бөлімдерінің мамандарынан құралған мобильді топ апта сайын Талдықорған қаласының аумағында орналасқан жер учаскелерін өз бетінше заңсыз басып алу фактілерін анықтау мақсатында тексерулер жүргізіп тұрады.
2017 жылдың 20 ақпанында Талдықорған қаласының аумағында жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға қарсы жұмыс бойынша жұмыс тобының №1 хаттамасы қадағалау шараларын жүргізу үшін Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жолданды. Аталған хаттамада стационарлы емес сауда объектелерінің жер учаскелерін өз бетінше иелену бойынша анықталған 13 факті көрсетілген. 2017 жылдың 24 мамырында Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы анықталғаны туралы тағы қосымша №89-17-89/833 хат жолданған. Анықталған заң бұзушылықтардың ішінде: жер учаскелерінің мақсатына сай емес қолданылуы бойынша 8 факті, жер учаскесін өз бетінше иелену бойынша 1 факті және жер учаскесін пайдаланбау бойынша 1 факті көрсетілген.
Сондай-ақ 2016 ж. 2 желтоқсанында жер учаскелерін мақсатына сай пайдаланбауы бойынша анықталған 74 факті бойынша, оның ішінде: жалпы алаңы 37,8 га болатын 26 коммерциялық мақсаттағы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жалпы алаңы 4,8 га болатын 48 жер учаскелері туралы Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына №89-17/3386 хатпен хабарланған.
 
V. «Нұрлы-Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру
«Нұрлы-Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жер учаскесін беру үшін Талдықорған қаласының аумағынан алаңы 428,9 га болатын жер учаскесі таңдап алынды.
2017 ж. Еңбек ауылынан (Жастар-3 тұрғын ауданы) алаңы 154,9 га болатын жер учаскесін бөлу жоспарлануда. барлық келісу жұмыстары жүргізілді.
2018 жылы жалпы алаңы 274 га болатын жер учаскесін бөлу жоспарлануда. Оның ішінде алаңы 22 га жер учаскесі бос, ал 10 шаруа қожалықтарымен пайдаланылып жатқан алаңы 252 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін қайтарып алу бойынша жұмыстарын жүргізу қажет. Барлық жерлер уақытша пайдалануға берілген.
Алматы облысы әкімдігінің 2017 ж. 5 сәуірдегі №144 қаулысымен биыл «Жетісу» ӘКК-ның теңгерімінен қаланың мемлекеттік меншігіне 106 га жер учаскесі берілді. Қазыр аталған жер учаскесі 3 типті коттедж қалашығының құрылысын салу үшін Талдықорған қаласының құрылыс бөліміне берілді. Барлығы 606 коттедж үйлері салынатын болады. Осы үйлерді беру жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға арнайы кезекте тұрған азаматтарға Қазақстан Тұрғын үй жинақтау банкі арқылы жүзеге асырылатын болады. Биыл 48 коттедж үйлерін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
2006 ж. 1 қаңтары мен 2017 жылдың 20 желтоқсанына дейін жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер беру туралы 33477 өтініш түскен, 6140 өтініш иелеріне жер учаскелері бөлінген. Бүгінгі күні 27337 өтініш қанағаттандырылмай отыр. Олардың 23041 өтініші Өтенай селолық округінде, 2660 өтініші Еркін селолық округінде. Барлық өтініштерді қанағаттандыру үшін кем дегенде жалпы алаңы 0,5600 га болатын жер учаскесі қажет.
Бүгінгі күні Өтенай және Еркін ауылдық округтерінде кезекке тұрғандарды түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түгендеу жұмыстарының қорытындысы жергілікті БАҚ-та жарияланатын болады.
2017 жылы жер учаскелеріне құқығын тапсыру және бар учаскелерін заңдастыру бойынша қала әкімі қаулысының 1174 жобасы дайындалған, оның ішінде:
р/с
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты
 
Жобаның саны
1
Тұрғын үй құрылысы үшін
 
3
2
Өндіріс объектілер үшін берілген жер учаскелері бойынша
214
3
Тұрғын үйге қызмет көрсету мен жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін
201
4
Шаруа қожалығын жүргізу үшін
 
3
5
Бағбандықпен айналысу үшін
 
52
6
Гаражға қызмет көрсету үшін
 
25
7
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша
 
630
8
Қаулыға түзетулер енгізу туралы
20
9
Жарнама объектілеріне (билбордттарға) қызмет көрсету туралы
14
10
Бұрынғы қаулыларды жою туралы
10
11
Конкурс бойынша
 
2
 
Барлығы:
 
1174
 
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жергілікті атқарушы органның шешімі жер учаскесінің пайдалану мақсатының мүмкіндігі туралы өтініш берілген бойынша сәулет және қалақұрылысы саласындағы уәкілетті органның және қаланың арнайы қызметтерінің ұсынысы негізінде шығарылған жер комиссиясының қорытындысына сәйкес шығарылады.
Бөлім 2017 жылы 3351 төмендегі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетті:
р/с
Мемлекеттік қызметтің түрі
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны
1
Нақты жер учаскесінің кадастрлік құнын бекіту
216
2
Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жергеорналастыру жобаларын бекіту
2332
Оның ішінде
3 қайтарылды
3
Жер учаскелерінің пайдалану мақсатын өзгертуге шешім беру
630
Оның ішінде
135 қайтарылды
4
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру
3
2 қайтарылды
5
Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру
0
6
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру
0
7
Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру
77
8
Мемлекет меншігінен аукцион, конкурс арқылы жер учаскесін беру
16
9
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
77
10
Жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау
0
11
Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау
0
 
Барлығы:
3351
 
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытысымен қарастыру ерекше назарда. Бөлімге 2017 жылы жалпы 3336 өтініш келіп түскен.
р/с
Келіп түскен өтініштер мен сұраныстар
Олардың саны
1
Жеке тұлғалардан
1112
2
Заңды тұлғалардан
Оның ішінде:
Басқа мемлекеттік органдардан
Оның ішінде:
  • Салық басқармасынан
  • Құқыққорғау органдарынан
  • ХҚКО-нан
  • Басқа мекемелерден
2224
 
1310
 
73
338
252
251
 
Барлығы:
3336
Барлық сұраныстар мен өтініштерге заңда көрсетілген мерзімге және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына сай жауап берілді.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.