Бейсенбі, 21 Маусым 2018
Оңтүстік өнеркәсіптік аймағы, "Талдықорған" индустриялық аймағының бос алаңдары, дамыған өндірістік инфрақұрылымы, дамыған әлеуметтік инфрақұрылымымен ұштастырылған қолайлы су және экологиялық жағдайлары бар.

Жалпы ақпарат

Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 272

Кабинет: №11

Электрондық мекен-жайы: politika-gorod@mail.ru

Бөлімнің байланыс телефондары: 8 (7282)247287; 8 (7282)247331



«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі -

қалалық бюджеттен қаржыландырылып, қалада ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Қалада ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету, қаладағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулерді жүргізуді ұйымдастырып, жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс әкімі мен қала әкімінің қаулы, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, саяси және стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру, ішкі саясат сұрақтары бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру, бірыңғай іс-әрекет жоспарын әзірлеу, саяси партияларымен, үкіметтік емес ұйымдармен, діни бірлестіктермен, кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру, әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысында мониторинг жүргізу, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығына ақпараттық ұйымдастырушылық көмек көрсету, Мемлекеттік Рәміздерді қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша қала аумағында акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер ұйымдастыру және өткізу, қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шараларды идеологиялық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету, Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау мен қолдану тәжірибесін талдау, ақпараттарды өңдеу мен жинауды жүзеге асыру, осы саладағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2012 жылғы 12 қаңтарда Алматы облысының Әділет Департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасынада мемлекеттік тіркеуден өтті. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің №360-1907-01-ММ.



Бөлім басшысы - Арзанбекова Сәуле Аманбайқызы

Бөлімге басшылық жасап, оның жұмысын жоспарлау, бөлімдегі әр мемлекеттік қызметшіге басты жауапкершілікте болады.

Қазақстан Республикасының Заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облысы және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын, қызметтік хат-хабарларды, азаматтардың өтініштерін, іс жүргізу бойынша нұсқаулықтарға сәйкес барлық құжаттардың дұрыс рәсімделуін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады.

Бөлім қызметкерлерінің ант қабылдауын ұйымдастырып, өткізуді бақылауды жүзеге асырады.

Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді, бөлім жұмысын жоспарлы түрде іске асырады.

Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіндегі басқа да міндеттер.

 

 

 

 

 

 

 



Бөлімнің құрылымы

Т.А.Ә.
Лауазымы
Байланыс телефоны
1
Арзанбекова Сәуле Аманбайқызы
Бөлім басшысы
8 (7282)247287
2
Құрманғалиева Эльмира Қыдырбекқызы
Сектор меңгерушісі
8 (7282)247331
3
Баримбекова Құралай Болатқалиқызы
Бас маман
8 (7282)247331
4
Сағымбеков Данияр Жасамұратұлы
Жетекші маман
8 (7282)247331

 

Жеке тұлғаларды қабылдау уақыты

Апта күндері
Қабылдау уақыты
 
Түскі үзіліс
Дүйсенбі
сағат 14.30-18.00
сағат 13.00-14.30

 




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.