Сәрсенбі, 22 Тамыз 2018
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі Жарлығымен Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болып жарияланды.

Қызметтері мен мақсаттары

Міндеттері:
  1. қалалық бюджеттің атқарылуын мониторингілеу және бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу;
  2. бюджетті атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
  3. коммуналдық меншікті басқару.
Функциялары:
  1. бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
  2. міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
  3. бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарларымен келісу;
  4. бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
  5. қаланың бюджетін атқару бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізуді іске асырады;
  6. облыстың жергілікті атқарушы органына, ауданның жергілікті атқарушы және өкілді органына заңнамада белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімде бюджеттің орындалуы бойынша есеп беру;
  7. қаланың коммуналдық мүлік нысандарын жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде ұсыну, сондай-ақ қаланың коммуналдық мүлкін кепілдікке және өтеусіз пайдалануға беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға беру жұмыстарын жүргізу;
  8. қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асыру;
  9. коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
  10. қалалық мемлекетті мекемелер арасындағы ауыс-күйісті есепке алу және қадағалау;
  11. қалалық мемлекеттк коммуналдық кәсіпорындардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің таза табысының бір бөлігін бюджетке аударылуын қадағалау;
  12. мемлекеттік мүлікті есепке алу іс-шараларын жүргізу: мемлекеттік мүлік тізіліміне есептілікті уақытылы және дұрыс тапсыру, қарау, келісу, бекіту, ұсыныс енгізуін бақылау;
  13. сенімгерлікпен басқарушының қалалық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;
  14. Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Талдықорған қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.