Сенбі, 20 Қазан 2018
Қаланың аграрлық секторындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын 29 ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 366 шаруа қожалықтары, 39 шағын қайта өңдеу кәсіпорындары (24 шағын-наубайхана, 2 шағын диірмен, 5 шұжық цехтары, 3 шағын сүт зауыты және т. б.).

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Жекешелендіру объектілерін бәсекелестік ортаға беру бойынша
АҚПАРАТ
 
Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес, Талдықорған қаласы бойынша бәсекелестік ортаға берілуге төрт нысан жатқан, олар:
1. «Талдықорған Архитектура» ЖШС-гі: жекешелендіру бойынша іс-шаралар аяқталды (нысан 2 жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеу мүмкіндігімен «Телқоңыр» ЖШС-не 60 599 999 тенгеге сатылды, сатып алу-сату шарты 2017 жылғы 31 шілде жасалды).
2. «Жерұйық-Талдықорған» агроөнеркәсіп кешені» ЖШС-гі: қала әкімдігінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 539 қаулысына сәйкес, серіктестіктің негізгі құрал-жабдықтары Алматы облысының коммуналдық меншігіне берілді. Сонымен бірге, қала әкімдігінің 2017 жылғы 05 қазандағы «Жерұйық-Талдықорған» агроөнеркәсіп кешені» ЖШС-н жою туралы» № 566 қаулысы қабылданды. Нысан сауда-саттықтан алынды. Қазіргі уақытта, нысанды жою іс-шаралары жүргізілуде.
3. «Жолаушыларды тасымалдауды басқару жөніндегі орталығы» ЖШС-гі: кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілу іс-шаралары аяқталды (нысан «Сабазова» ЖК-ге 36 ай мерзімге берілді, кейіннен сатып алу бағасы - 66 200 000 тенге, келісім-шарт 2017 жылдың 1 қарашасында жасалды).
4. «Көркем Талдықорған» ШЖҚ МКК-сі: нысан мемлекеттік мүлік Тізілімі веб-порталында 3 рет жарияланды. Бірінші рет тендерге қатысушалдың саны екіден аз болғанына байланысты тендер болған жоқ. Сонымен бірге екі рет қалалық прокуратураның наразылықтарының негізінде сауда-саттықтан алынды.
Бүгінгі күні, қала әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы «Көркем-Талдықорған» ШЖҚ МКК-н жою туралы» № 755 қаулысының негізінде, нысанды жою бойынша рәсімдері жүзеге асырылуда. Нысан сауда-саттықтан алынды.



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.