Сейсенбі, 19 Маусым 2018
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Қызметтері мен мақсаттары

«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1.Жалпы ережелер

1. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласының ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, № 272.

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  1. Осы Ереже «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Миссиясы: Талдықорған қаласында ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыру.

  1. Міндеттері:

1) қалада ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) қалада Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

3) қаладағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулерді жүргізу.

  1. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс әкімі мен қала әкімінің қаулы, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

2) саяси және стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру, ішкі саясат сұрақтары бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру, бірыңғай іс-әрекет жоспарын әзірлеу;

3) саяси партияларымен, үкіметтік емес ұйымдармен, діни бірлестіктермен, кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

4) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысында мониторинг жүргізу;

5) Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығына ақпараттық ұйымдастырушылық көмек көрсету;

6) Мемлекеттік Рәміздерді қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша қала аумағында акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер ұйымдастыру және өткізу;

7) қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шараларды идеологиялық қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;

9) Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау мен қолдану тәжірибесін талдау, ақпараттарды өңдеу мен жинауды жүзеге асыру, осы саладағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

10) «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен қызметтік хат-хабарлар алмасуды жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

2) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылығын «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

20. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшасының өкілеттігі:

1) «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;

2) «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

3) «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

  1. өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүддесін білдіреді;

6) «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкіліттіктерді жүзеге асырады.

«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстығы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

21. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммунальдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.