Сейсенбі, 31 Наурыз 2020
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Электронды нұсқада мемлекеттік қызмет алу жылдам, әрі ыңғайлы

Санат: Жүзеге асыру барысы иуралы ақпарат
Уақыты: 06.03.2019
Оқылды: 282 Печать страницы
Мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мәселесінің өзектілігі - мемлекеттік қызмет барлық саланы және адамның бар тіршілік қызметі кезеңін қамтитындығында. Мемлекеттік қызмет алу жылдан жылға артып отыр. Аталған салаға деген қызығушылықтың артуы бұл саланы заңнамалық деңгейде реттеуге әкелді.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы қабылданды. Аталған Заң мемлекеттік қызмет саласын, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын және қызмет берушінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Мемлекеттік органдарда және мекемелерде бизнес - процестерді жақсарту мақсатында, ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда. Бұл шешім қабылдауда әділетсіздікке жол бермеуге мүмкіндік береді, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет алуды автоматтандыру жұмысы жалғасуда, мемлекеттік органдар қызметі нәтижесінің маңызды көрсеткішін түзеу және шешімді әзірлеу кезеңінде алынған ақпарат пайдалану үшін мемлекеттік қызметті тұтынушымен кері байланыс жүйесін құрылды.
Мемлекет қызмет алу үшін арыздар процедураларын жеңілдету мақсатында көптеген мемлекеттік қызмет алуға өтініш беруге www.egov.kz «электронды үкімет» веб порталын арқылы электронды өтінім беру қарастырылған. Аталған қызмет барлық ЭСҚ бар интернет қолданушыларға қол жетімді.
Қазақстан Республикасының электронды үкімет  порталы – бұл электронды түрде сервистер мен қызметтер ұсынатын және мемлекетті қызмет туралы қажетті ақпарат алуға қол жетімді ақпараттық - анықтамалық және интер белсенді веб портал болып табылады.
Электронды үкіметтің www.egov.kz порталы үкімет пен жергілікті билік органдары қызметі тетігінің, азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсетуге бағдарланған және мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары біріктірілген ақпаратын пайдалана отырып, ақпараттық технологияны  пайдалану жобасы.
Электронды үкімет порталының мақсаты мыналар:
- халыққа қызмет көрсету процедураларын бір терезе принципі бойынша оңайлату;
- мемлекеттік  қызмет ұсыну  тиімділігін  арттыру;
- мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына қол жетімді, бірыңғай жүйе құру: билікпен ашық диалог жүргізу, құпиялылықты сақтау, азаматтардың мемлекеттік органдармен тікелей және кері қарым -қатынасын орнату.
Электрондық сервистер мен қызметтер, мемлекеттік қызметтер мен пайдалы материалдар екі негізгі санат бойынша құрылған «Азаматтар» және «Бизнес», бұлар өз кезегінде тақырыптық бөлімдерге бөлінеді.
Мемлекеттік қызметтер сипаттамасы, бөлімдерге бөлінген және келесі ақпараттардан тұрады:
- қызметтің толық және қысқаша атауы;
- мемлекеттік органның (ұйымның) – қызмет жеткізуші атауы;
- қызмет алу тәртібі туралы ақпаратты алуға болатын орын туралы мәлімет;
- қызмет алушылар санаты;
- қызмет ұсыну мерзімі;
- қызмет көрсету құны;
-  электронды түрде қызмет ал үшін қажетті деректер мен әрекеттер;
- мемлекеттік органда қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізімі;
- өтініш беруші толтыратын өтініш нысаны мен басқа құжаттар;
- қызмет көрсету нәтижесі;
- қызмет ұсынуды реттейтін нормативтік актілердің тізім мен мәтіндері.
Порталдың әрбір кіші бөлімінде мемлекеттік қызмет алуға қатысты жалпы сұрақтар және кіші бөлімдердің тақырыптарына көмекші ақпараттар бар пайдалы материалдар орнатылған.
Мемлекеттік қызмет алуға электронды өтінім беру үшін ЭҮП бойынша сілтемеге кіру қажет. Бұдан әрі ЖСН арқылы пайдаланушының жеке кабинетіне кіру іске асырылады. Қызметтер бөлімін таңдау бөлігінде қажетті тармақ таңдалады. Бұдан әрі барлық әрекеттер нұсқауға сәйкес рет-ретімен орындалады.
Қызметті «Электронды үкімет» веб порталы арқылы алудың артықшылығы: өкілетті органдар бойынша қажетті құжаттар жинау қажеттілігінің болмауы, кезектің болмауы, өтінішті кез келген уақытта бере алатын мүмкіндігіңіздің болуы.
Электронды мемлекеттік қызметті енгізу нәтижесі мыналар болып табылады:
1. Мемлекеттік қызмет сапасы деңгейінің артуы және оның азаматтар мен ұйымдарға қол жетімділігі;
2. Көрсетілетін қызмет сапасына халықтың және бизнестің қанағаттануы;
3. Сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі.
 
 
         «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.