Сенбі, 15 Желтоқсан 2018
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Конкурстар

Талдықорған қаласының әкімдігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды.

Санат: Конкурстар
Уақыты: 07.09.2018
Оқылды: 80 Печать страницы
Талдықорған қаласының әкімдігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды.
 
Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256, телефондар: 8(7282) 247323, электрондық адрес: otdelkadrov_tdk@mail.ru, БСН: 001140002257
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен -жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Байқаушылар туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Әңгімелесу өтетін орын мен уақыты: Талдықорған қаласы, Абай көшесі 256, 316 кабинет.
  1. «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ, басшысының орынбасары, Е-R-2 санаты, № 89-19-02, 1 бірлік.
Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 127422 теңгеден 172394 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары құрылыстық, сәулетшілік.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.**
Функционалдық міндеттері: Үйлестіру, құрастыру және бөлім қызметіне жауапты болу. Күрделі құрылыс ағымдағы және перспективалық жоспарларының әзірлеуіне қатысу, белгіленген тәртіп бойынша олардың келісімін қамтамасыз ету. Бюджеттік бағдарламалар арасында бөлінген мақсатты трансферттер келісімдерге, тура және соңғы қорытындыларға жету қызметін бақылау; техника-экономикалық негіздеу, жобалы-іздестіру жұмыстарды даярлауға мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу және даярлауға басшылық ету;
Жобалау және мердігерлік ұйымдардың арасында, облыстық құрылыс басқармасы, төтенше жағдайлар, тұтынушының құқығын қорғау департаменттері, қызмет ететін ұйымдар бойынша үйлестіру мен өзара қатынас орналастыру;
Бөлімге жүктелген тұрғын-үй және әлеуметтік құрылысын, меншілік форма дербестігінен кәсіпорын және ұйымдардың құрылыс және құрылыс өнімдерінің бақылау сапасын, қамтамасыз ету; аяқталған құрылыс объектілер бойынша мемлекеттік комиссия жүргізу үшін орындау-техникалық құжаттарды дер кезінде ұсыну;
Қызмет орындарының теңгеріміне өткізілген обьектілер бойынша Мемлекеттік қабылдау комиссиясы актілерін бекіту, шығындарды, өткізу және техникалық құжаттамалар туралы қала әкімінің қаулыларын дер кезінде даярлауды бақылау;
Заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтінімдер жұмыстары бойынша екі сектордың, облыстық құрылыс басқармасының сұраған ақпараттарына есеп ұсыну бойынша сектор қызметкерлерімен басшылық ету;
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын даярлау, келісілген шарттардың жобалау мен орындалуын бақылауын ұйымдастыру, қабылдаған жобалық шешімдердің келісім жұмыстарын жүргізу; Құрылыс объектілеріне ЖСҚ даярлауға сараптама жасау, объектілерді жобалау, құрылыс және реконструкция үшін шарттарды ресімдеу және тіркеуін қамтамасыз етеді, мердігерлік ұйымдардан орындалған жұмыстар бойынша қабылдау актілерін, бюджеттік қаражаттардың уақытында игерілу жұмыстарына бақылау ету.
Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу жүзеге асырады.
Мемлекеттік тілді білуі және компьютермен жұмыс істей алуы, Word, Excel, «Lotus Notes» бағдарламалары бойынша жұмысты атқаруын білу.
2. «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ, құрылыс секторының меңгерушісі (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысында болуына байланысты), Е-R-3 санаты, индекс № 89-19-03, 1-бірлік.
Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 96 607 теңгеден 129 920 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары құрылыстық, сәулетшілік.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.**
Функционалдық міндеттері: Үйлестіру, құрастыру және бөлім қызметіне жауапты болу. Күрделі құрылыс ағымдағы және перспективалық жоспарларының әзірлеуіне қатысу, белгіленген тәртіп бойынша олардың келісімін қамтамасыз ету. Бюджеттік бағдарламалар арасында бөлінген мақсатты трансферттер келісімдерге, тура және аяққы қорытындыларға жету қызметін бақылау; техника-экономикалық негіздеу, жобалы-іздестіру жұмыстарды даярлауға мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу және даярлауға басшылық ету; Жобалау және мердігерлік ұйымдардың арасында, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, төтенше жағдайлар, тұтынушылардың құқығын қорғау департаменттері, қызмет ететін ұйымдар бойынша үйлестіру мен өзара қатынас орналастыру; Кәсіпорындар және жеке тұлғалармен жүзеге асыратын операцияларының сметалық орындалуында пайда болатын процесске байланысты уақытында есеп айырысу; Құрылыс алаңында техникалық және атқарушы құжаттарды жүргізу, қолданылатын материалдардың, құрылыс-монтаж, құрылыс-жөндеу сапасын және жобалау шешімдердің сақталуын бақылау; Мердігерлік кәсіпорындардың келісім-шарттағы міндеттерінің орындалуына бақылау жасау.
Орындалған жұмыстардың қабылдау актісі бойынша есеп жүргізу, орындалған жұмыстар актілерін тексеру, орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің есебін жүргізу.
Техникалық және авторлық ілеспе құрылыс жүргізетін мамандармен жұмыс атқару; Бөлімге жүктелген тұрғын-үй және әлеуметтік құрылысын, меншілік форма дербестігінен кәсіпорын және ұйымдардың құрылыс және құрылыс өнімдерінің бақылау сапасын қамтамасыз ету; аяқталған құрылыс объектілер бойынша мемлекеттік комиссия жүргізу үшін орындау-техникалық құжаттарды дер кезінде ұсыну; Қызмет орындарының теңгеріміне өткізілген обьектілер бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы актілерін бекіту, шығындарды өткізу және техникалық құжаттамалар туралы қала әкімінің қаулыларын дер кезінде даярлауды бақылау; Заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтінімдер жұмыстары бойынша екі сектордың, облыстық құрылыс басқармасының сұраған ақпараттарына есеп ұсыну бойынша сектор қызметкерлерімен басшылық ету; Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын даярлау, келісілген шарттардың жобалау мен орындалуын бақылауын ұйымдастыру, қабылдаған жобалық шешімдердің келісім жұмыстарын жүргізу; Құрылыс объектілеріне ЖСҚ даярлауға сараптама жасау, объектілерді жобалау, құрылыс және реконструкция үшін шарттарды ресімдеу және тіркеуін қамтамасыз етеді, мердігерлік ұйымдардан орындалған жұмыстар бойынша қабылдау актілерін, бюджеттік қаражаттардың уақытында игерілу жұмыстарына бақылау ету.
Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу жүзеге асырады.
Мемлекеттік тілді білуі және компьютермен жұмыс істей алуы, Word, Excel, «Lotus Notes» бағдарламалары бойынша жұмысты атқаруын білу.
  1. «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысында болуына байланысты), E-R-4 санаты, индексі- 89-13-04; 1-бірлік.
Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары сәулетшілік, құрылыстық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: Сәулет және қала құрылысы жағдайын, сәулет және қала құрылысы саласындағы заңдарының орындалуын, бекітілген жобалардың жүзеге асырылуын және құрылыс сапасын қадағалайды;
Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер мен арыздарды қарастырады, жауап жобасын әзірлейді.
Қаланы жаңа талапқа сай көркейтуге қатысады, ғимараттарды, көшелерді, негізгі түйінді жерлерді зерттейді, шағын сәулет формаларын, көрнекті үгіт элементтерін орналастыруға жер қарастырады;
«Мекен жай тіркелімі» бағдарламасын тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы «Алматы облысында «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін енгізу туралы» №95 қаулысын орындау мақсатында тоқсан сайын Алматы облысы әкімі аппараты заң және мемлекеттік құқықтық бөлімімен «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ақпарат береді.
Сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзған тұлғаларға ескерту қағазын таратады.
Жергілікті атқарушы органның рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жұмыстарын жүргізген жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын дайындап, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хат дайындайды;
Төтенше жағдайлардың алдын алу шараларының жүйесін тиімді толықтыруды жақсарту мақсатында жоспар әзірлейді және құжаттар дайындайды;
«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы түскен жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлік нысандарына мекен-жайы бойынша анықтама береді;
Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлерді қабылдауға;
Жеке тұрғын үйлердің эскиздік жобасын қарауға;
Жеке тұрғын үйлерге қосымша жер телімін қарастыру, бөлу, қосу жұмыстарын жүргізу бойынша сызбасын, Мемлекеттік меншікке қайтаратын жер учаске иелерінің құжаттарын, Жеке тұрғын үй салу үшін қала әкімінің қаулысын дайындауға қатысады.
Жоғары тұрған органдардан келіп түскен құжаттардың орындалуын қадағалайды.
Жеке кәсіпкерлердің қызметін, бөлім жұмысын бағыттайды.
Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу.
Мемлекеттік тілді білуі және компьютермен жұмыс істей алуы, Word, Excel, «Lotus Notes» бағдарламалары бойынша жұмысты атқаруын білу.
 
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
________________________
_________________________
(мемлекеттік орган)
 
Өтініш
 
Мені___________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
 
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
 
«___»_______________ 20 __ ж



Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.