Сенбі, 15 Желтоқсан 2018
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Конкурстар

Талдықорған қалалық әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды

Санат: Конкурстар
Уақыты: 25.09.2018
Оқылды: 101 Печать страницы

Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256, телефондар: 8(7282) 247323, электрондық адрес: otdelkadrov_tdk@mail.ru, БСН: 001140002257

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш.

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,«Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Әңгімелесу өтетін орны: Талдықорған қаласы, Абай көшесі 256, 316 кабинет.

Байқаушылар туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

1.Талдықорған қаласыныңәкімі аппараты, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы, Е-3 санаты, индекс89-06-01, 1-бірлік.

Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін.

Білімі жоғары:кәсіби.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық ету, мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіреді; Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары бойынша сараптама жасайды және тәжірибелік көмек көрсетеді; Мемлекеттік қызмет көрсету қызметтеріне мониториг жүргізеді (оның ішінде интернет- ресурстардың мониторингі), мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін реттейді; Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік органдармен жүзеге асырылуын және орындалуын қадағалайды, Жергілікті атқарушы органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ қызметін үйлестіруді жергілікті атқарушы орган жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау (бақылау іс-шарасын) жүргізеді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есеп дайындайды; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар мен шағымдарды қарайды және жауап жобасын дайындайды; Бақылау іс-шараларының және нормативтік-құқықтық актілерді талдау қорытындысына сәйкес анықталған заңдар коллизиясын жою бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдарға (әрі қарай – ЖТО) ұсыныстар енгізеді, «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп, ЖТО-ға анықталған жасырын мемлекеттік қызметті мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу үшін ұсыныс береді; Қоғамдық ұйымдардың қатысуымен «құпия сатып алушы» әдісімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мониторинг жүргізеді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында аталған мәселеге қатысты сұрақтарды аудандық Қоғамдық Кеңес отырысында қарастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ өзара әрекеттесу және мекемелер мен кері байланысты ұйымдастыру бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялардың активімен, азаматтық қоғам өкілдерімен және интернет блогерлерімен қажетті жұмысты жүргізеді; Электрондық мемлекекеттік қызметтерді насихаттау бойынша жергілікті жерлерде іс-шаралар ұйымдастырады (Жәрмеңкелер, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.);Ауданда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша көмек көрсетеді, Жергілікті атқарушы органдармен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен өзара әрекет етеді; Басшылықтың басқа да мемлекеттік қызметтер көрсету мен ақпараттық технологияларға байланысты тапсырмаларын орындайды; Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білуі міндетті.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

"Б" корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуғаконкурсөткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені_________________________________­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­________________________
__________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
_________________________________________________________________

 

________ ___________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.




Ескі сайттың мұрағаты

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.