Сейсенбі, 31 Наурыз 2020
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Талдықорған қаласының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

Санат: Конкурстар
Уақыты: 19.11.2019
Оқылды: 470 Печать страницы

Талдықорған қаласының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

 

Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256, телефондар: 8(7282) 247323, электрондық адрес: otdelkadrov_tdk@mail.ru, БСН: 001140002257

         

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш.

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны:  Талдықорған қаласы, Абай көшесі 256, 316 кабинет.

Байқаушылар туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатысады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

E-R-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

     мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

1.«Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, сектор меңгерушісі, санаты E-R-3, индекс № 89-07-02, 1-бірлік.

Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 106358 теңгеден142814теңгеге дейін.

          Білімі:Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс және/немесе геодозия және картография және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе көлік құрылысы); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару).

          Функционалдық міндеттері:Тұрғын үй қызметі секторының жұмысын үйлестіреді; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеру жүргiзеді; тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді; тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді; кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстау ережелерiнiң бұзылуы туралы актiлер жасайды; кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстау ережелерiн бұзушылықтарды жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқама шығарады; тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы жөнінде талдау жүргізеді. Кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөніндегі қызметін бақылау бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын жүргізеді; бюджет қаражаты есебінен кондоминиумдар құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерлерді күтіп-ұстау жөнінде шаралар қабылдайды; кондоминиум объектісіне арналған техникалық паспорттарды дайындау бойынша шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеуді қамтамасыз етеді; бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;Әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен өзара байланыстырылған мәселелері бойынша бөлімнің жұмыстарын үйлестіреді.

Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу.

Мемлекеттік тілді білуі  және компьютермен жұмыс істей алуы, Word, Excel, «Lotus Notes»  бағдарламалары бойынша жұмысты атқаруын білу.

 

E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

      мынадай құзыреттердің бар болуы:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

2.«Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, бас маман, Е-R-4 санаты, индекс № 89-13-04,1-бірлік.

Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 95209 теңгеден 130957 теңгеге дейін.

Білімі: Жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе құрылыс және/немесе көлік құрылысы); өнер (сәулет).

Функционалдық міндеттері:Сәулет және қала құрылысы жағдайын, сәулет және қала құрылысы саласындағы заңдарының орындалуын, бекітілген жобалардың жүзеге асырылуын және құрылыс сапасын қадағалайды;Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер мен   арыздарды қарастырады, жауап жобасын әзірлейді.Қаланы жаңа талапқа сай көркейтуге қатысады, ғимараттарды, көшелерді, негізгі түйінді жерлерді зерттейді,  шағын сәулет формаларын, көрнекті үгіт элементтерін орналастыруға жер қарастырады;«Мекен жай тіркелімі» бағдарламасын тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.  Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы «Алматы облысында «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін енгізу туралы» №95 қаулысын орындау мақсатында  тоқсан сайын Алматы облысы әкімі аппараты заң және мемлекеттік құқықтық бөлімімен «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ақпарат береді.Сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзған тұлғаларға ескерту қағазын таратады.Жергілікті атқарушы органның рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жұмыстарын жүргізген жеке және заңды тұлғалардың  құжаттарын дайындап, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хат дайындайды;Төтенше жағдайлардың алдын алу шараларының жүйесін  тиімді толықтыруды жақсарту мақсатында жоспар әзірлейді және құжаттар дайындайды;«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы түскен жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлік нысандарына мекен-жайы бойынша анықтама береді;Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлерді қабылдауға;Жеке тұрғын үйлердің эскиздік жобасын қарауға;Жеке тұрғын үйлерге қосымша жер телімін қарастыру, бөлу, қосу жұмыстарын жүргізу бойынша сызбасын, Мемлекеттік меншікке қайтаратын жер учаске иелерінің құжаттарын, Жеке тұрғын үй салу үшін қала әкімінің қаулысын дайындауға қатысады.Жоғары тұрған органдардан келіп түскен құжаттардың орындалуын қадағалайды.Жекекәсіпкерлердіңқызметін, бөлімжұмысынбағыттайды.Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу.

Мемлекеттік тілді білуі  және компьютермен жұмыс істей алуы, Word, Excel, «Lotus Notes»  бағдарламалары бойынша жұмысты атқаруын білу.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________

_________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені__________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________________________________________________________________________

 

________                        ____________________________________

  (қолы)                           (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.