Сейсенбі, 31 Наурыз 2020
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Талдықорған қаласының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

Санат: Конкурстар
Уақыты: 28.11.2019
Оқылды: 450 Печать страницы

Талдықорған қаласының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

 

Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256, телефондар: 8(7282) 247323, электрондық адрес: otdelkadrov_tdk@mail.ru, БСН: 001140002257

          Құжаттарды қабылдау мерзімі: Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш.

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны:  Талдықорған қаласы, Абай көшесі 256, 316 кабинет.

Байқаушылар туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатысады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

          Е-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы;

      7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» ММ, қала әкімінің бас инспекторы, Е-3 санаты, индекс № 89-01-03, 1-бірлік.

          Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 112729 теңгеден 152017 теңгеге дейін.

Білімі: Жоғары білім: 

Функционалдық міндеттері: Әкімшілік мемлекеттік қызметкерге ҚР «ҚР мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10-бабына сәйкес лауазымдық міндеттер жүктеледі: ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің, Үкіметінің, Жарлықтарын, Қаулыларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, облыс және қала әкімдерінің шешімдерінің қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерінде, ауылдық округ әкімдіктерінде орындалу барысы туралы тексерулер жүргізіп,  ақпараттар, анықтамалар жинақтап, әзірлейді; Қала  аумағында  әлеуметтік салаға, мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдарға қатысты  мәселелерді қарау, зерттеумен айналысады  және олар туралы қала әкіміне, жоғарғы органдарға ақпараттар әзірлейді, өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізеді.      Қала әкімінің орынбасары жетекшілік ететін сала бойынша келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Қала әкімінің, қала әкімі орынбасарының сөйлейтін сөздерінің жобасын әзірлейді.           Қала әкімі орынбасары жетекшілік ететін комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысын үйлестіреді.Қала әкімдігінің, қала әкімі аппаратының перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларының жобаларын дайындайды және жоспарлардың орындалуын қадағалайды; Қала әкімі аппаратының жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарымен, сайлау комиссияларымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз етеді. Сайлауға дайындықты және өткізуді ұйымдастырады, тоқсан сайын сайлаушылар тізімін салыстырып тексереді, қалалық сайлау комиссиясымен және қалалық мәслихатпен өзара қарым-қатынас жасайды. Сайлау мен референдумға байланысты мәселелер. Сайлаушылар деректері базасын құрастыру, олардың тізімдерін жасау, тіркеу және есебін жүргізеді; Облыс әкімі тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі ақпараттар әзірлейді; Қала әкімі аппаратының жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарымен, сайлау комиссияларымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз етеді. Сайлауға дайындықты және өткізуді ұйымдастырады, тоқсан сайын сайлаушылар тізімін салыстырып тексереді; Әкімдік отырысының, қала әкімі жүргізетін аппараттық жиындардың, қала әкімі қатысатын жиындардың құжаттарын әзірлейді, өткізуді ұйымдастырады. Қала және округ әкімдерінің тұрғындармен есепті кездесулерін жоспарлайды және әзірлейді. Қала және округ әкімдерінің тұрғындармен есепті кездесулерде айтылған ұсыныстар бойынша іс-шаралар дайындап, олардың орындалуын бақылайды. Облыс әкімінің халықпен есепті кездесулерінде айтылған ұсыныстар бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы жөнінде ақпараттар жинақтайды;

          Өз өкілеттігі шегінде қала әкімі аппараты басшысының нұсқаына сәйкес қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлеріне, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың басшылары мен лауазымдық тұлғаларына орындалуы міндетті тапсырмалар береді.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________

_________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені__________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________________________________________________________________________

 

________                        ____________________________________

  (қолы)                           (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.