Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Талдықорған қаласының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

Санат: Конкурстар
Уақыты: 27.01.2020
Оқылды: 217 Печать страницы

Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256, телефондар: 8(7282) 247323, электрондық адрес: otdelkadrov_tdk@mail.ru, БСН: 001140002257

         

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш.

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны:  Талдықорған қаласы, Абай көшесі 256, 316 кабинет.

Байқаушылар туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатысады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

          Аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының Е-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:      

          жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

  1.  «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімі» ММ, бөлім басшысы, Е-R-1 санаты, индекс № 89-16-01, 1-бірлік.

          Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 142 460 теңгеден  192 366 теңгеге дейін.

  • Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (геодозия және картография және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе көлік құрылысы); қызметтер (кадастр және/немесе бағалау); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе қаржы және/немесе жобаны басқару); өнер (кескіндеме* және/немесе сәулет және/немесе графика* және/немесе мүсін* және/немесе дизайн).

          Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылық жасау және оның жұмысын  бақылау; тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты, қаланы безендендіру, көркейту, көгалдандыру, қалалық аймақтағы ел жиналатын орындарды дамытуды қамтамасыз ету; тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық және сыртқы көркейту объектілерін және қаланың инфрақұрылымын ұстауға негізделген әзірлемелер жасау, оның дамуына негізгі бағыт беру, қаланы сумен қамтамасыз ету, санитарлық тазалығын, сыртқы көркейту, көпірлерді, алаңдарды, аялдама комплекстерін, фонтандарды, түнгі жарық беру торабын, арық жүйелерін, жерлеу орындарын белгілеу, жөндеу және құрылыс жұмыстарын ұйымдастырады; өте күрделі келешегі бар инвестициялық жобаларды анықтау оны қаржыландыру мақсатында қала әкіміне ұсынады; ШЖҚ«Көркем-Талдықорған»МКК, ШЖҚ «Жетісусуқұбыры» ҚМКК, ШЖҚ «Талдықорғанжылусервисі» ҚМКК, «ЖТБЖО» ЖШС жұмыстарын үйлестіреді және бақылайды. Бөлімнің қызметін, жұмысын бағыттайды. Бөлім бойынша міндеттемелер мен төлемдердің бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспарын бекіту; Әзірленген қаржыландыру жоспарын бойынша жұмыстарды қадағалау; Құқық тәртібін, заңдылықты және қауіпсіздікті нығайту мәселелері жөніндегі өзге де тапсырмаларын орындау. Әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен өзара байланыстырылған мәселелері бойынша бөлімнің жұмыстарына жалпы басшылық ету.

Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу.

Мемлекеттік тілді білуі  және компьютермен жұмыс істей алуы, Word, Excel, «Lotus Notes»  бағдарламалары бойынша жұмысты атқаруын білу.

  1. «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, бөлім басшысы, Е-R-1 санаты, индекс № 89-08-01, 1-бірлік.

          Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 142 460 теңгеден  192 366 теңгеге дейін.

  • Жоғары білім: білім (алғашқы әскери дайындық және/немесе дене шынықтыру және спорт); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару).

Функционалдық міндеттері: Жұмысты ұйымдастыру, бөлімнің қаржы – шаруашылық қызметі, қаладағы дене тәрбиесі және спорт саласындағы саясатты іске асыруға қатысты бағдарламаларға сәйкес, қала бюджетін даярлау, дене тәрбиесі және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтау, дене тәрбиесі қызметін қамтамасыз ету. Бөлім қызметіне бақылау жүргізіп, Қазақстан Республикасының «Дене тәрбиесі және спорт» Заңының іске асуын қадағалау. Дене тәрбиесі және спорт саласындағы стандарт, нормативтік талаптарының орындалуын бақылау. Дене тәрбиесі және спортты дамыту бағдарламаларын іске асыруға қатысты, меншік түрінің қандай түрі болмасын, атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру.

Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу.

Мемлекеттік тілді білуі  және компьютермен жұмыс істей алуы, Word, Excel, «Lotus Notes»  бағдарламалары бойынша жұмысты атқаруын білу.

          E-R-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

          жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

  1.  «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімі» ММ, бөлім басшысының орынбасары, Е-R-2 санаты, индекс № 89-16-02, 1-бірлік.

          Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 127 418 теңгеден  172 368 теңгеге дейін.

  • Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (геодозия және картография және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе инженерлік жүйелер және желілер және/немесе инженер-механик); қызметтер (кадастр және/немесе бағалау және/немесе жерге орналастыру); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе қаржы және/немесе жобаны басқару); өнер (кескіндеме* және/немесе сәулет және/немесе графика* және/немесе мүсін* және/немесе дизайн)

          Функционалдық міндеттері: Коммуналдық, тұрғын үй секторының жұмысын бағыттайды; жылына 2 рет көктемгі және күзгі айлық санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді; қаланы абаттандыру, санитарлық тазарту мен тұрғын үй қоры жөніндегі барлық қалалық жұмыстарды уақытылы және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді; төтенше жағдайлар бойынша Азаматтық қорғаныс штабының жұмыстарын орындайды; қала дамуының перспективалы жоспарын орындау туралы баяндамалар дайындайды; бағыттайтын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін қамтамасыз етеді.

          Мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстарын ұыймдастырады және бақылайды. Құқық тәртібін, заңдылықты және қауіпсіздікті нығайту мәселелері жөніндегі өзге де тапсырмаларын орындау.

Әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен өзара байланыстырылған мәселелері бойынша бөлімнің жұмыстарына жалпы басшылық ету.

          Бөлімдегі секторлардың функционалды қызметін қадағалайды. Ведомствоға қарасты ұйымдар мен мердігерлердің қызметін, бөлімдердің жұмысын бағыттайды. Әзірленген қаржыландыру жоспарын бойынша жұмыстарды қадағалау;

          Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу.

          Мемлекеттік тілді білуі  және компьютермен жұмыс істей алуы, Word, Excel, «Lotus Notes»  бағдарламалары бойынша жұмысты атқаруын білу.

          E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ, бас маман, Е-R-4 санаты, индекс № 89-19-04, 1-бірлік.

          Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 95 209 теңгеден 128 834 теңгеге дейін.

  • Жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе құрылыс және/немесе көлік құрылысы); өнер (сәулет).

Функционалдық міндеттері: Жобалау, зерттеу, құрылыс-монтаж, құрылыс-жөндеу, мемлекеттік сатып алу құжаттарын ресімдеу және жинау жұмыстарымен айналысу; Жаңа құрылыс және орны бар объектілердің реконструкциясына рұқсатты құжаттарды даярлау, ашық конкурс, баға ұсыныс тәсілі, бір көзден  пайдалану арқылы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізуге қатысу; Жұмыс жүргізу үшін рұқсат алу құжаттарын уақытында толтыру; Есеп дайындау және күрделі жөндеу жұмысының ақау ведомостіне құрылған комиссия құрамына қатысу; Мердігерлік кәсіпорындардың құрылыс нормасы мен ережесіне сәйкес бағалардың дұрыс қолдануын қамтамасыз ету; Жобалау ұйымдарымен жұмыс істеу-жобалау қабылдаған  жобалық шешімдерге келісім беру, жобалау мерзімінің сақтаулын бақылау, мемлекеттік ведомствадан тыс экспертиза өткізу, қабылдау, тіркеу және сақтау, орындалған жобалау-сметалық құжаттарын өткізу; Мердігерлік кәсіпорындардың келісім-шарттағы міндеттерінің орындалуына бақылау жасау.

          Орындалған жұмыстардың қабылдау актісі бойынша есеп жүргізу, орындалған жұмыстар актілерін тексеру, орындалған құрылыс-монтаж жұмыстар көлемінің есебін жүргізу; техникалық және авторлық ілеспе құрылыс жүргізетін мамандармен жұмыс атқару. Бюджеттік қаражаттар уақытында игерілуі және мақсатты пайдалануына жауапты; Жоғары тұрған мекемелерге уақытында мәлімет дайындау; Құрылыс алаңында техникалық және атқарушы құжаттарды жүргізу, қолданылатын материалдардың, құрылыс-монтаж, құрылыс-жөндеу сапасын және жобалау шешімдерін сақталуын бақылау; Құрылыс жұмысына техникалық қадағалау және бақылау жасау; Өткізілген обьектілерді эксплуатациялық қызмет орындарының теңгеріміне өткізіп беру.

          Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу жүзеге асырады. 

Мемлекеттік тілді білуі  және компьютермен жұмыс істей алуы, Word, Excel, «Lotus Notes» бағдарламалары бойынша жұмысты атқаруын білу.

  1. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, бас маман, Е-R-4 санаты, индекс № 89-15-11, 1-бірлік.

          Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 95 209 теңгеден 128 834 теңгеге дейін.

  • Жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика).

Функционалдық міндеттері: Еңбекақыны төлемдікке кіргізу. Негізгі қаржыларды, материалдық бағалы мүлікті және ақшалай қаржыларды, инвентаризациялауды жүргізеді, қозғалыс пен есептен шығаруды, есепке алудың дұрыс жүргізілуін бақылайды. Штаттық кесте жүйесін жасайды. Бюджеттік бағдарламалар жөніндегі төлемдіктерді жүзеге асырады. Әлеуметтік жәрдемақылардың төлемдіктері мен жіберілуі жөнінде екінші деңгейдегі банктермен келісім-шарт жасап оны жүзеге асырады. Барлық бөлімдердегі белгілі бағдарламалары бар компьютерлердің тоқтаусыз жұмыс істеуін ұйымдастыру, техникаларын дұрыс пайдалануды қамтамасыз етіп қадағалайды. 

          Бөлімге міндеттелген функциялардың орындалу, сметалық шығындардың және экономикалық есептің жүзеге асу, тауарлық – материалдық бағалы мүліктердің сақталу бағдарламаларына сәйкес, компьютердің тоқтаусыз жұмыс істеуіне бақылау жасайды. 

          Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу.

          Мемлекеттік тілді білуі  және компьютермен жұмыс істей алуы, Word, Excel, «Lotus Notes»  бағдарламалары бойынша жұмысты атқаруын білу.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________

_________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені__________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________________________________________________________________________

 

________                        ____________________________________

  (қолы)                           (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.