Сенбі, 24 Тамыз 2019
Қаланың аграрлық секторындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын 29 ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 366 шаруа қожалықтары, 39 шағын қайта өңдеу кәсіпорындары (24 шағын-наубайхана, 2 шағын диірмен, 5 шұжық цехтары, 3 шағын сүт зауыты және т. б.).

Мемлекеттік кірістер басқармасы

Мемлекеттік кірістер басқармасы

Санат: Мемлекеттік кірістер басқармасы
Уақыты: 13.03.2018
Оқылды: 645 Печать страницы
“Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы” РММ
 
Мекен-жайы: 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 111, тел.: 8 (7282) 245167, БСН 090440000545,
тел. 24-51-67.
 

 
Басшы - Толенды Нурдаулетович Керимбеков
 
Басшының орынбасарлары:
  1. Анарбек Асибаевич Сеитов, тел. 24-43-98;
  2. Галым Сесембаевич Абилов, тел. 24-79-78.

 

Бүгінгі таңда салық қызметі қоғам талабына сай жетілдіріліп, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі мен дамуын қамтамасыз етуге мүдделі бірден бір беделді мемлекеттік органға айналды.

Баршаға белгілі, мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеттерінің бірі - ол салықтың және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен  уақтылығын  қамтамасыз ету. Бұл міндеттер салық әкімшілігін  жүргізу жұмыстары арқылы  орындалып отыр, ол дегеніміз – мемлекеттік кірістер органдарының  салық  бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын  қамтамасыз ету  тәсілдері мен  салық берешегін  мәжбүрлеп  өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  заңнамаларына сәйкес, салық төлеушілерге және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға  мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 64 мемлекеттік қызметкер қызмет етеді. Басқарма 9 бөлімнен тұрады. Оның ішінде жеке кәсіпкерлерге, заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін кедергісіз (барьерсіз) екі орталық жұмыс істейді. Бұл орталықтарда қызметтің 45 түрінің, 13 түрін көрсетеді. Оның 12 автоматтандырылған, ал 1 қағазтасығышта.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Open space» технологиясын жүзеге асыру мақсатында, Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Төленді Нұрдәулетұлы Керімбеков бас мамандармен бірге бір алаңда бірлесіп жұмыс жасау принципімен қызмет атқарып отыр.

Басқармада электрондық кезек жүйесі енгізілген, кіреберісте басқарманың маманы – модератор салық төлеушілердің сұрақтарына жауап беріп, электрондық кезектің талонымен қамтамасыз етіп, және тиісті орынға салық төлеушіні жібереді және қызмет көрсету мерзімін қадағалайды. Электрондық қызмет көрсету жүйесі (ЭСУО) Орталық аппараттың ахуалдық орталық  жүйесіне қосылған (Ситуационный центр ЦА КГД МФ РК).

Салық төлеушілердің санына қарай күніне орташа есеппен 300-320 адамға қызмет көрсетіледі. Олардың басым көпшілігі жеке тұлғалар.

Салық төлеушілерге арналған салық есептілігін өткізу үшін терминал жұмыс атқарады. Мұнда 20 орын арнайы компьютерлік техникамен жабдықталған. Бір маман арнайы бекітілген. Орта есеппен салық есептілігін өткізу кезеңінде күніне  30-40 адам терминал қызметін пайдаланып отыр.

Бізге келген әрбір салық төлеушіге ерекше көңіл бөлінеді, оған қызмет көрсететін әрбір маман жауапты. Жалпы біз осыған мүдделіміз.

Барлық қызметтердің кешені тек салық төлеушілерге қызмет көрсету орталықтарында көрсетіледі, басқа бөлімдерге қатынас шектелген, тек негізделген талап бойынша кіруге рұқсат етіледі. Бұл шара сыбайлас жемқорлықты азайтуға өз ықпалын тигізеді, және де қала бюджетіне түсетін қосымша резервтерді іздестіру мақсатында салықтарды әкімшіліктендіру бойынша қызметкерлердің өндірістілігін арттыруға мүмкіншілік береді.

Салық төлеушіні салық органына тіркеу;

Салықтық есептілік нысандарын  қабылдау;

Камералдық бақылау;

Салықтарды, бюджетке төленетін  басқада міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу  және қайтару;

Салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу  бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі хабарлама;

Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері;

Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары;

Салықтық тексерулер арқылы – құжаттық (кешенді,тақырыптық), хронометраждық зерттеп тексеру, қарсы тексеру, сонымен қатар,

Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мекенжайы: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 111. Телефон: 24-51-67, 24-54-67 (кеңсе), эл.адрес: Gtaldykorgan@taxalmaty.mgd.kz

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.