Бейсенбі, 20 Маусым 2019
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Жаңалықтар

Талдықорғандағы «Жетісу» әуежайы жаңа екі ұшақпен толықты.

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.01.2019
Оқылды: 154 Печать страницы
Талдықорғандағы «Жетісу» әуежайы жаңа екі ұшақпен толықты.

«L-410» деп аталатын әуе кемесі Чехияда құрастырылған. Ішкі туризмді дамыту мақсатында сатып алынған ұшақтар 19 адамға арналған.

Ұшақтарды күтіп алу шарасына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты. Өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде 2019 жыл жаңа істермен, қуанышты сәттермен басталғандығын атап өтті.

– Өздеріңіз білесіздер облыс экономикасының дамуында тұрақты серпін сақталып отыр. Көзделген барлық жоспарлар орындалды, соның арқасында міне, «Жетісу» авиокомпаниясына құрылғаннан бері бірнеше рет жаңа ұшақтар алынды. Мұның барлығы Елбасының тапсырмаларын орындау аясында, халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын жақсарту және туризм саласын дамыту мақсатында іске асып отыр, — деді А.Баталов.

Сондай-ақ, өңір басшысы өз сөзінде бұл әуе кемелерімен науқас адамдарды да тасымалдауға болатынын айтты.

Айта кетейік, сатып алынған жаңа ұшақтар Талдықорған-Астана және Астана-Үшарал-Астана әуе бағыттары бойынша қатынайтын болады.
http://taldykorgan-online.kz

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.