Сенбі, 24 Тамыз 2019
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Жаңалықтар

КӨКТЕМГІ-СУ ТАСҚЫНЫ ӨТУ КЕЗЕҢІНЕ ХАЛЫҚТЫ ДАЯРЛАУ ЖАДНАМАСЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 01.02.2019
Оқылды: 201 Печать страницы
КӨКТЕМГІ-СУ ТАСҚЫНЫ ӨТУ КЕЗЕҢІНЕ ХАЛЫҚТЫ ДАЯРЛАУ ЖАДНАМАСЫ

    Құрметті Талдықорған қаласының және жақын маңдағы елді мекендер тұрғындары!

Тұрғын үйлер мен әкімшілік және шаруашылықтарға арналған  нысандарға су басу қаупін төндіретін көктемгі және қар ерігеннен пайда болған су тасқыны  мерзімінің жақындауына байланысты Талдықорған қаласы әкімінің аппараты, ТЖ жөніндегі басқармасы, ауылдық округ әкімдіктері, «ТҮКШ  бөлімі» ММ Сіздерден бас каналдар мен су бөлінетін арық жүйелерін, көпір өтпелерді уақытында тазалап қоюларыңызды өтінеді. Жиналып қалған қарды тұрғын үйлер мен шаруашылыққа арналған нысандардың маңынан лайықталған аумақтарға шығарып тастау қажет.
Тұрғын үй меншік иелері, мекеме, кәсіпорын басшылары, ПИК төрағалары!
Еріген-жаңбырлы суларды реттелген және дайындалып қойылған арық жүйелерімен өтуін қамтамасыз етіңіздер және соған бақылау жасап отырыңыздар.
Нысандардың  су басуын  өз күшіңізбен жою жұмыстарын жүргізу үшін қорларыңызда техникалық жағдайы дұрыс электро-, бензосорғыларыңыз, шлангтарыңыз, арнайы аяқ киімдеріңіз, киімдеріңіз, шаруашылық құралдары болуын қарастырып қоюыңыз керек.
 
Талдықорған қаласындағы
ТЖ ескеру және жою жөніндегі комиссия
 
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» ММ

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.