Сенбі, 24 Тамыз 2019
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Жаңалықтар

.

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 05.02.2019
Оқылды: 160 Печать страницы
.

№1 Талдықорған қалалық емханасының СӨС мамандарының ұйымдастыруымен І.Жансүгіровтің әдеби музейіңде «ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ» атауымен жастар акциясы өтті

Елбасымыздың жақында ғана жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай 2019 жылдың 01 ақпан күні, №1 Талдықорған қалалық емханасының СӨС мамандарының ұйымдастыруымен І.Жансүгіровтің әдеби музейіңде «ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ» атауымен жастар акциясы өтті. Бұл акцияның мақсаты - Қазақстан тарихын тұтастай қалпында қазіргі заманауи көзқараспен байланыстыра отырып, түп – тамырымызды және ұлттық тарихымызды сақтап, дәріптеу болып табылады. І.Жаңсүгіровтің әдеби музейінің директоры Ж.Н.Қызырбекқызы ашылу салтанатында сөз сойлесе, №1 Талдықорған қалалық емханасының гериатр дәрігері С.Қабықбаев елбасының мақаласындағы аталған қырлары жөнінде баяндады.
Акция барысында Авиценна медициналық колледжі студенттерінің ұйымдастыруымен әндер шырқалып, би биленді. Соңынан археологиялық және қазба жұмыстары жөнінде толығырақ мұражай мамандары жастармен экскурсия жүргізді.
Акция жоспарлы түрде өтті.
https://bsh.kz

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.