Сенбі, 24 Тамыз 2019
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Жаңалықтар

Мұны білу керек!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 12.02.2019
Оқылды: 169 Печать страницы
Мұны білу керек!

Астана қаласындағы 5 бірдей бала қаза тапқан оқиға бүкіл қазақтандықтарды дүрліктірді. Осындай иістенуге душар болған жағдайлар туралы күнделікті ақпараттар келіп түсуде.

Жылу  маусымы басталған күннен бастап Талдықорған қаласында улы газдан иістенген адамдар жайында 36 оқиға тіркелді, нәтижесінде 3 адам қайтыс болды, оның 2-уі бала.

Мамандардың айтуынша улы газдың ең қауіптісі сол оның иісі болмайды екен, сондықтан оны "үндемес кісі өлтіруші" деп атайды. Мұндай уланулар байқалмайды, кейде тіпті улы газдың бар-жоғы білінбейді. Аз ғана иістенуден адамның басы ауырып, әлсізденіп, ұйқысырайды, кенеттен  өзін-өзі нашар сезінеді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссия азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің талаптарын мінсіз сақтауға шақырады.  Естеріңізде болсын, улы газдан иістену жылыту пештерінің ақауынан (пештердің жарығы, мұржалардың бітелуі, желдеткіштің болмауы), газ құралдарының бұзылуынан,  өрт ошағында қалып қалудан, қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған көліктің ішінде отырудан болады.

Тек  ақауы жоқ пеш пен газ құралдарын қолдану керек. Пештерді дер кезінде жөндеуден өткізіп, жарықтарын бітеп қою қажет.

Түтін шығатын мұржалар тұтып қалған күйелерден үнемі тазаланып тұруы тиіс. Күйеден бітеліп қалған  мұржа тартпайды да өрт шығуға себеп болады. Пештің түтін шығатын жерін 2 айда бір рет тазалап тұру қажет.

Пеш жаққанда өте мұқият болыңыз, оның тым қызып кетуіне жол бермеңіз. Пештің астындағы аузын көмірдің барлығы жанып біткенше жабуға болмайды.

Өрт туындаған немесе басқа да төтенше жағдайлар болған кезде өрт-құтқару қызметіне 101 немесе 112 телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз.

 

Талдықорған қаласының төтенше жағдайлардың алдын
алу және оны жою жөніндегі комиссия

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.