Бейсенбі, 23 Мамыр 2019
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Жаңалықтар

Ардақты аналар! Құрметті қыз- келіншектер!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 07.03.2019
Оқылды: 99 Печать страницы
Ардақты аналар! Құрметті қыз- келіншектер!
Ардақты аналар!
Құрметті қыз- келіншектер!


Нұрлы көктеммен адамзат баласына қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, ақ жаулықты әжелеріміз бен аруларымыздың төл мейрамы - 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын! Күн шуағындай мейірімге толы әр күніңіз қуанышқа, шаттыққа бөленсін.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әйел - өмір тірегі ғана емес, әйел - өмірдің өзі» деп атап өтуі, біздің қоғамдағы әйел-аналардың орнының биіктігін көрсетеді.

Қазіргі кезде қоғамның кез-келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес.Әйелдер ел алдында – түрлі саланың қызметкерлері, ал, отбасында – аяулы ана, асыл жар, шаңырақтың шаттығы, отбасының ұйытқысы. Тәрбиелі отбасы – бақытты болашақтың ұясы.

Ана – ұлы өмірдің туын көтерген, алауын жаққан ардақты жан. Батыр да, алып та, ақын да, қайраткер де – Ананың ақ сүтінен нәр алған.

Ардақты аналар!
Аяулы әпке - қарындастар!

Сіздерді, Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көңілдеріңіз шат, мерейлеріңіз үстем болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, амандық тілейміз!

Мереке құтты болсын!
 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.