Дүйсенбі, 17 Маусым 2019
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Жаңалықтар

«ЖАСТАР КУБОГІ» «ТӘТТІ ҚҰРАМА» КОМАНДАСЫНЫҢ ЕНШІСІНДЕ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 09.04.2019
Оқылды: 80 Печать страницы
«ЖАСТАР КУБОГІ» «ТӘТТІ ҚҰРАМА» КОМАНДАСЫНЫҢ ЕНШІСІНДЕ

Жастардың өмірге деген позитивті көзқарасын қалыптастыру, қазақша жайдарман ойындарын дамыту мақсатында І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Жастар кубогі» атты жайдарман ойыны өтті.

Аталмыш ойынды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.

Бұл ойында көпшіліктің көңілін көтеріп, жанына жылу сыйлауды сүйетін 10 команда өнер көрсетті.

Әр команда әзілдерін көңілді бимен бастап, көрерменге тамаша көңіл-күй сыйлады. Қатысқан командалардың бәрі күнделікті өмірдің тыныс-тіршілігін әзілдеріне арқау етіп, көптің көңілін баурап алды.
Залдағы көрермен күлкіге қарқ қылған «жайдарманшыларға» дән риза болып, ыстық-ықыластарын қошеметтерімен білдірді.

Сонымен, сайыс мәресіне жетті. Жүлделі III орын алматылық «Алатау» командасына, II орын талдықорғандық «Креатив» командасына бұйырып,
I орынды алматылық «Тәтті құрама» командасы қанжығасына байлады.

Өз кезегінде қазылар алқасы әділ бағаларын беріп, сын-пікірлерін де білдірді.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.