Сейсенбі, 18 Маусым 2019
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі Жарлығымен Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болып жарияланды.

Жаңалықтар

Газ мәселелер бойынша жиын өтті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.04.2019
Оқылды: 129 Печать страницы
Газ мәселелер бойынша жиын өтті

Бүгінде Талдықорған қаласында газ құбырлары тартылған жолдардың сапасы сын көтермей тұр. Ал, бұған наразы болған халық шағымдарын қала әкімдігіне келіп айтуда. Негізінен, бұл жұмысқа тапсырыс беруші Алматы облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және газ тартумен айналасып жүрген мердігер мекемелер жауапты. Аталған мәселені шешу мақсатында Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев газ құрылысымен айналысып жүрген мердігер мекеме басшыларының басын қосып, әкімдік залында жиын өткізді.

«Газ тартылған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмысы сіздердің тараптарыңыздан дұрыс іске асып жатқан жоқ. Халықпен жұмыс жасамайсыздар, ал тұрғындар бізге келіп, шағымдарын айтады. «Мемлекет тарапынан бөлінген дүниені дұрыстап жүзеге асырмайсыздар ма..?» деген халықтың назы өте орынды. Газ тарту жұмысы қала аумағында жүріп жатқандықтан, бұл мәселеге біз көз жұмып қарай алмаймыз», — деген Дастан Тұрарбекұлы мердігер компания басшыларының әрекетін сынға алды.

Сондай-ақ, Д.Шалтабаев облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы А.Беркімбаевқа ұсыныс айтып, аталған мәселені бірлесіп атқаруға шақырды.

«Айдар Чарлизұлы, тапсырыс беруші сіздерсіздер ғой, осыны жедел түрде қолға алып, технология бойынша жұмыс жасасақ. Әйтпесе, бұл мәселе уақыт озған сайын күрделеніп барады», — деді.

Айта кету керек, Талдықорғанда газ тарту ісімен 18 мердігер айналысуда. Қала әкімі солардың барлығын сапалы жұмыс атқаруға шақырып, бірнеше тапсырма берді.

Жиын барысында бұдан бөлек, тұрғын үйлердің табиғи газға қосылу жайы да қаралды. Мамандардың сөзіне сүйенсек, осы уақытқа дейін 3 мыңнан астам абонент газға қосылыпты. Қазір көпқабатты тұғын үйдің бір пәтерін газға қосудың орташа бағасы 11 000 теңге болса, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ келтірген мәлімет бойынша жеке тұрғын үйді табиғи газға қосудың орташа бағасы 98 мың теңгені құрайды.

Қазіргі таңда газ құбырын тарту бойынша 4-ші кезектің жұмыстары басталып кеткен. Осы орайда, Дастан Шалтабаев Талдықорған қаласына қарасты Еркін, Ынтымақ ауылына және 3-ші бөлімшеге газ құбырын тарту бойынша жобалау сметалық құжаттары дайын екендігін айтып, құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылы жүргізілетінін мәлімдеді.
http://taldykorgan-online.kz

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.