Дүйсенбі, 17 Маусым 2019
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Жаңалықтар

«Head Play» ойыны білгірлерді анықтады

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 15.04.2019
Оқылды: 97 Печать страницы
«Head Play» ойыны білгірлерді анықтады

Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері «Head Play» зияткерлік ойынына қатысты. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және ішкі саясат басқармасының ұйымдастырған ойын алаңында жергілікті мемлекеттік органдар қызметшілерінен құралған барлығы 18 топ болды.

Қатысушыларға сәттілік тілеген департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев шараның негізгі мақсатына тоқталды. «Ойынның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, олардың интеллектуалдық деңгейін жетілдіру. Және билік құрылымдарының арасындағы байланысты нығайту, мемлекеттік қызметтің оң имиджін көтеру болып табылады»,- деді ол.

Ойын барысында қызметшілер бір-бірінен асып түсуге тырысып бақты. Нәтижесінде, барлық топты жеңіп, өзгелерден оқ бойы озық көрінген «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы», «Табиғат» команда мүшелері I- орынға, «Білім, Жолаушылар көлігі және автобиль жолдары басқармасы»,«Білім жолы» командасы II-орынға , «ҚР мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті», «Адал қызмет» тобы III-орынға ие болды. Өзге қатысушыларға арнайы диплом табысталды.

– Бұл тиімді шараның бірі деп ойлаймын. Себебі мемлекеттік қызметші өзінің қызметінде үнемі офистік жағдайда көп қимылдамайды. Бұл шара мемлекеттік қызметшіге өзінің денсаулығына назар аударуға, жылдам ойланып, шешім қабылдауға ықпалын тигізеді,-деді Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы.

Айта кету керек, ҚР «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауы басталған болатын. Конкурсқа мемлекеттік қызметте бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатыса алады. Аталмыш конкурс биыл 3-рет өтіп отыр. “Head Play” зияткерлік ойыны конкурстың алғашқы бастамасы.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.