Бейсенбі, 23 Мамыр 2019
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Жаңалықтар

«Балдәурен — 2019»

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 18.04.2019
Оқылды: 54 Печать страницы
«Балдәурен — 2019»

Талдықорған қаласы әкімінің жүлдесі үшін өтетін дәстүрлі «Балдәурен — 2019» балалар шығармашылық жобасы Өтенай ауылдық мәденеиет үйінде өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Балдәурен» балалар шығармашылығы жобасы жас таланттардың өнерін шыңдап, болашағына жол ашуға бағытталған. Бұл байқау қала әкімінің қолдауымен жетінші мәрте ұйымдастырылды.

Жоба ережесі бойынша барлық үміткерлер жас ерекшеліктеріне байланысты әр номинация бойынша екі категорияға бөлінді. 4-6 жас аралығында балалар, 7-10 жас аралығындағы жеткіншектер болып сайысқа түсті Өткен апта соңында екі күн бойына «Дефиле» номинациясы бойынша үміткерлер өнер көрсетті.

Үміткерлер берілген тапсырмаға сәйкес, дефиле, яғни ұлттық киіммен шығып , таныстыру жасады. Содан соң мерекелік стильде сахнаға шықты.

Биыл 4-6 жас аралығында 15 үміткер, ал 7-10 жаста 7 үміткер өз бақтарын сынады. Сайыстың аты сайыс, сондықтан да үздіктер анықталды.

4-6 жас аралығында, І орынды №5 балабақшаның тәрбиеленушісі Аяна Жасұлан,

ІІ орынды №11 балабақшадан Еңлік Балтабай, ІІІ орынды №12 балабақшадан Көркем Құсайын иеленді. Сондай-ақ, Алиназ Тоқтаболат пен Әміржан Құдайбергеновке ынталандыру сыйлығы табысталды.

Ал 7-10 жас аралығында үміткерлер арасында бірінші орынға №28 IT мектептің оқушысы Амина Ли лайық деп танылды. №14 орта мектептің оқушысы Ақерке Тойбек- екінші, Оқушылар сарайының атынан қатысушы Шолпан Тұрсын мен №2 ОМ оқушысы Інжумаржан Әнуарбекқызы үшінші орынға ие болды.

Барлық үміткерлер белсенді қатысқандары үшін дипломмен марапатталды. Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі,қалалық мәслихаттың депутаты, мәдениет үйінің директоры Бақытай Түстікбаев және басқа әділқазылар мүшелері қатысушыларға жүлделерді табыстады.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.