Бейсенбі, 23 Мамыр 2019
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Жаңалықтар

«Сервистік әкімдік»

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 19.04.2019
Оқылды: 62 Печать страницы
«Сервистік әкімдік»

Талдықорған қаласы аумағында «Сервистік әкімдік» жобасын құрып - мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында а.ж. 18 сәуірінде қала әкімінің орынбасары Т. Қыдыралиевтің төрағалығымен қалалық атқарушы органдардың және коммуналдық мекеме басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел жүргізілді.

Аталған жобаны құрудың бастамасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және Мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыруы болып табылады.

Жиын барысында қалалық атқарушы органдардың және коммуналдық мекеме басшылары өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.
Талқылау барысында, «Сервистік әкімдік» жобасын іске асыру нәтижесі - қызмет алушыларға ыңғайлы да қолайлы жағдай жасауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге кедергісіз қожетімділікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға үлкен үлес қосатыны аталып өтті.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.